SelfBrandBook
Ильясов Еркебулан. GR құралдары (үкіметпен байланыс).// KAZAKHSTAN халықаралық іскери журналы, №2, 2012 жыл
Компаниялар мен ұйымдардың GR инфрақұрылымын қалыптастырудағы ең басты себебі – бизнесті тиімді, тұрақты әрі ең төменгі шығынмен дамытудағы қажеттілік болып табылады.
Қазақстанның қазіргі заман жағдайында бизнестің шағыннан ортаға көшуі бизнестің мемлекеттік органдармен және/немесе оның өкілі болып табылатын адамдарымен тиімді ынтымақтастықтың дағдылары, әдістері мен тәжірибесі болған жағдайда ғана мүмкін.
Ірі бизнестің жұмысы негізінен, мемлекеттік органдарға тікелей тәуелді (техникалық немесе ресурстық шеттен алушылық) болып табылатын мемлекеттік құрылымдармен немесе құрылымдармен тікелей немесе жанама өзара әрекеттесуге құрылған. Мәселен: салалық өзіндік басқару ұйымдары, жергілікті өзіндік басқару органдары, заң шығарушы органдар және т.б.
Бұл жағдайда бизнесті ынталандыру құралдары келесілер болып табылады:
- Бизнестің мемлекеттік құрылымдар құрған тендерлеріне қатысу немесе үкіметтің қатысы бар бизнес.
- Мемлекеттік бағдарламаларды бастамашылау және белгілі бір салалар мен аймақтардағы ынталандыратын мемлекеттік бағдарламаларды өткізу барысында пайда болған қор құралдары мен олардың туындыларын қалыптастыру.
- Мемлекеттік органдардың мемлекеттік басқару режимдері мен жағдайларын мойындаған белгілі бір мемлекеттік бағдарламаларға негізделген бизнестің міндеттемелерін қайта құрылымдау.
- Нормативтік ортаны, бизнеске түсетін әкімшілік және салықтық жүктемені (күрделендіру немесе керісінше, жеңілдету), сондай-ақ бизнесті немесе экономиканың жеке салаларын дамытуды болжауға тигізетін ықпалды қалыптастыру.
- Басқа мемлекеттермен және олардың бизнес өкілдерімен экономикалық ынтымақтастықтың халықаралық ахуалын құру.
- Бизнесті сыртқы бизнес интервенциядан қорғау. Мәселен: қатты шетелдік бәсекелестікпен қақтығысқан өнеркәсіп саласы мемлекеттің сауда саясаты түрін қорғауды өтінген.
Ережелерді реттейтін мемлекеттің белгілеген күрделі шырмауы іскери белсенділіктің көптеген аспектілерін анықтайды. Жыл сайын мемлекет мыңдаған беттен тұратын және кәсіпкерлердің көбіне, не істеу керектігі және не істемеу керектігіне қатысты толығырақ нұсқаулықтары бар жаңа реттейтін ережелерді шығарып отырады.
Үкіметпен байланыс жөніндегі құрылым қызметтерін ұйымдастыру бойынша тәсілдер
GR қызметтің беретін мүмкіндіктері оны меңгеру және бизнесті дамыту әрі қорғауда қолдану жолдарындағы үздіксіз ізденісті тудырмақ.
Қазақстанда GR мүмкіндіктерін жүзеге асырудың бірнеше тәсілдері бар:
- Спонтандық
- Родтық GR бенчмаркинг немесе әлеуметтік ортаның GR бенчмаркингі
- Жобалық менеджменттің құрамдас бөлігі ретіндегі GR менеджмент
Спонтандық тәсіл толық жүйесіздігімен сипатталады. GR коммуникациялары белгілі бір мәселелерді шешу үшін немесе нақты тендерді алу үшін ғана, сенімсіздікпен құрылған.
Қатынас әдістері тараптардың мүмкіндігінше, «алғыс айтуымен», «откатпен» немесе «бартермен» шектеледі.
Родтық GR бенчмаркинг немесе әлеуметтік ортаның GR бенчмаркингі
Бұл әдіс отбасы ішіндегі өзара әрекеттесу мен «тәтешка», «ағашка», «інішек», «бауырым» және т.б. тәрізді шағын әлеуметтік топтардың деңгейіндегі қатынас ережелері мен дәстүрлерінің жүйесіне негізделген.
Бұл тәсіл анағұрлым ұзақ мерзімді әрі ереже бойынша, аса жемісті. Тараптар жай ғана бір-бірін пайдалануға ұмтылмайды, олар қарым-қатынас тұрақтылығының, өзінің барлық тараптарының ынтымақтастығынан неғұрлым көп дивиденд алудың сәттілігі мен мүмкіндіктері туралы қамқорлық тетіктерін өндіреді және ұстанады.
Бұл тәсілдің кемшілігі – қандық туыстықпен, жерлестікпен немесе шағын әлеуметтік топ қатынастарының басқа түрімен шектелген аталмыш арнаның тарлығы болып табылады.
GR менеджмент – ұйымдастырудың құрамдас бөлігі ретінде
Бұл тәсіл барысында бизнес мүмкіндіктері туыстықпен немесе шағын әлеуметтік топқа тиесілі өзге белгілермен шектелмейді.
Бұл тәсіл кезінде бизнес аталмыш қатынастарды тудыратын қатынастарды және нәтижелерді өзі басқарады.
Бұл тәсілдің «жағымсыз» қыры – ол мықты тәртіпті және өзін-өзі үздіксіз жұмыспен қамтамасыз етуден, GR технологияларын оқумен және GR бизнес процестерін мүлтіксіз орындаудан тұратын кәсіби дайындықтың белгілі бір деңгейін талап етеді.
Компаниядағы GR құрылымдарын дамытуға салынған кез келген инвестицияның орны толып қана қоймайды, олар жеке тендерлермен және тұтас нарықтармен күресудегі шешуші фактор болып табылады.
Біздің клубтан GR менеджмент бойынша білім ала аласыз, GR технологияларын игерген және бизнесіңізді айтарлықтай күшейтетін кәсібилердің базасына қол жеткізе аласыз.
Ильясов Еркебулан. GR құралдары (үкіметпен байланыс).// KAZAKHSTAN халықаралық іскери журналы, №2, 2012 жыл