SelfBrandBook
Ильясов Еркебулан. «Alageum Electric» (Алагеум Электрик).// Asia travel magazine. № 2(61)/2012.
Отандық электр техникалық Alageum Electric (Алагеум Электрик) брендіне енді ғана 5 жыл болды, алайда бүгінгі таңда компания Қазақстанның анағұрлым қарқынды кәсіпорындарының қатарына енген. Өйткені, бізде еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға, электр энергетикалық салада ұлттық брендтің негізін қалауға өз үлесімізді қосуға деген үлкен ықылас бар.
Брендтің пайда болу тарихы бастауын 2007 жылдан бастап алады, бұл кезде электр техникалық өнімді жобалауға, өндіруге және монтаждауға маманданған бірқатар кәсіпорынның активтерін басқаратын «Қазтрансформатор» компаниясы өз дамуында сапалы жаңа деңгейге шығу үшін ребрендинг жасау туралы шешім қабылдады. Жаңа атаудың негізі ретінде «alageum» қазақ сөзі таңдалды, бұл «таң сәрі» деген мағынаны білдіреді. Және де бұл философиялық мағынаға үлесін қосқан қазақтар үшін кездейсоқтық емес, таң сәрі – бұл күннің, жалпы өмірдің ең жақсы уақыты. Осылайша, компания өз мемлекетінің ерекшеліктеріне, ұлттың мәдениеті мен құндылықтарына баса назар аударған, өйткені ұлттық деген жоғары мәртебеге үміткер брендтің жоғары идеялары болуы тиіс.
Бүгінгі таңда, «Alageum Electric» (Алагеум Электрик) АҚ Қазақстанның электр техникалық саласында озат орынға ие. Отандық тауар өндіруші мәртебесіне ие Alageum Electric (Алагеум Электрик) өндірістің жылдамдатылған әрі жан-жақты жаңартуын жүргізуде, стратегиялық менеджмент пен корпоративті мәдениетті жетілдіруде.
Компания өз кәсіпорындарының отандық электр машинасын жасау саласын трансформациялаған эволюциялық процестерге өз үлесін қосқандығын мақтан тұтады.
Өткен жылдары «Alageum Electric» (Алагеум Электрик) АҚ-тың құрылымдық бөлімшелері трансформатор жабдығы өндірісінің көлемін көбейтті, қажетті және экспортқа бағытталған жаңа ұрпақтың электр техникалық өнімдерінің жүздеген атауларын меңгеріп, өндірді, ТМД-дағы алғашқылардың бірі болып, мәні жағынан әлемдік үздік ноу-хау енгізудің инновациялық алаңы болып, құрғақ трансформаторлардың сериялық өндірісін жолға салды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында негізінен екі ірі аспектіні бөліп көрсетті, бұл – экономикалық, оған халық шаруашылығының индустриалды-инновациялық дамуы енеді және әлеуметтік, бұнда адамзат капиталының сапалы өсуі мен білім беру жүйесін жаңғырту көзделген, бұл халқымыздың игілігі мен гүлденуін әрі қарай арттыру үшін қажет. Біз әлемдік стандарттарға сәйкес заманауи талаптары бар жаңа жұмыс орындарын жасаудамыз және бұл, алғашқы кезекте инженерлік-техникалық мамандықтарға жатады. Сондықтан да, біз еліміздің алдындағы жауапкершілікпен және өзіміздің табысты еңбегімізбен Қазақстанды әлемнің анағұрлым дамыған әрі бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына қосуға, мемлекеттің халықаралық беделін нығайтуға лайықты үлес қосуға ұмтыламыз, жас инженер кадрларды дайындау мәселесіне, жастарды экономиканың жоғары технологиялы салаларына тартуға және егеменді Қазақстанның шынайы патриоттарын тәрбиелеуге де айтарлықтай назар аударуға тырысамыз.
Бүгінде, Alageum Electric (Алагеум Электрик) құрамына энергетикалық объектілер және «Кентау трансформатор зауыты» АҚ және «Алматы электр механикалық зауыты» ЖШС тәрізді ғылымды қажет ететін өндірістер енеді.
Alageum Electric филиалдары – бұл мамандандырылған өндірістік базалармен және қажетті арнайы техникамен жабдықталған республиканың облыс орталықтарындағы оннан астам мамандандырылған электр монтажды басқармалар.
Демек, тұтынушыға жақын болуды мақсат ете отырып, өзіміздің тапсырыс берушілеріміздің уақыты мен қаражатын үнемдеп, «бір адамның қолынан» «дайын» толық кешенді білікті қызметтерді ұсынамыз!
Ильясов Еркебулан. «Alageum Electric» (Алагеум Электрик).// Asia travel magazine. № 2(61)/2012.
Сканерден өткізілген нұсқасы