SelfBrandBook
Өмірбаяны
Туған күні - 1980 жыл 9 желтоқсан
Туған жері – Алматы қаласы
Дана Төлештің ішкі жан дүниесін, ішкі сезімін «тәрбиеші» деген бір-ақ сөзбен беруге болады, бірақ бұл сөз «педагог, мектепке дейінгі мекеменің қызметкері» деген қарапайым мағынада емес, ежелгі, сөздің түп-төркіні, этимологиясынан шыққан мағынаға жақын мәнде қолданылған.
Тәрбиелеу деген екі сөзден тұрады: «тәрбие» және «беру».
Ерте замандағы даналар дұрыс тамақтанбайтын сәби тез науқастанып, өмірге қабілеттілігінің төмен болатынын дөп басып айтқан. Сондай-ақ тамақтану тек биологиялық қана болмайтынын да ерекше атап өткен. Рухани және интеллектуалды «қорексіз» баланың дені сау болуы мүмкін, бірақ адамдар қауымдастығына қабілетсіз болып келеді, мәні жағынан «мал» болып, «табиғат пастшасы» - АДАМ ретінде өз орнын иелене алмайды. Дәл осындай жағдайда «жоғарыға ұмтылу» (өрлеу, биік, қуаныш, дәріптеу және т.б.) деген мағынасы пайда болған.
Дананың ерекше қабілетін жүзеге асыруға үнемі даму қажеттіліктері, білімге құштарлық, интеллектуалды және тұлғалық өсу сияқты мінез-құлықтың құнды қасиеті көмектеседі. Жаңа сатыға көтерілген Дана игерген білімімен және шеберліктерімен бөлісудің қажеттілігін сезінеді.
Осылайша, жүрегінің «үнін» сезген сәттердің бірінде ол сабақ беру, авторлық тренингтерді ұйымдастыру және жүргізу сияқты істермен шұғылдана бастады. Бұл кезде тәжірибеде шыңдалған, тыңдаушыларға беруге даяр теориялық білімнің жеткілікті қоры жиналған.
«Егер деміңді ішке жұтсаң, міндетті түрде оны сыртқа шығару керек», - деп түсіндіреді Дана өзінің қазіргі жағдайын. – Жинақталған білім қорын беру қажеттілігі болған, дәл қазіргі сәтте мен дем шығару кезеңіндемін, әйтпесе тыныс алып, ары қарай даму мүмкін емес».
Дана үшін тренингтер – бұл бизнес емес, бұл шығармашылық тұрғыдан даму мүмкіндігі. Қаржылай табысына қарамастан, Дананың шын беріліп айналысып жатқан ісі ішкі жан-дүниесіне үлкен рақат сезімін сыйлап, әрі қарай да ізденуге шабыт береді. Дана оны дамудың кезекті кезеңі деп ойлайды, алайда бұл «дем шығару» қашан аяқталатынын білмейді.
Дана тренингтің бүге-шігесі, құны және мүмкін болатын шығыны туралы ойланбай-ақ таныстарының бәріне қоңырау шалып, оларды алғашқы тренингке шақырған кезде бұл іс бастамасының негізі қаланған болатын. Көп ұзамай бей-жай қарамайтын және белсенді тыңдаушылардың тұрақты тобы құрылды, мұнда маркетологтар ойлап тапқан «егер топтың 11 пайызы үдеріске белсенді түрде тартылса, олар міндетті түрде жаңа тыңдаушыларды алып келеді» деген күмәнсіз заң әрекет ете бастады.
Қызметі басталған сәтте бизнес тренер ретінде Дана танымал сызбалар мен өңделген шаблондарды қолдануға тырысқан, бірақ кейінірек аудиторияның үнемі өзгеріп отыратындығын ескеріп, тренинг бірнеше рет пайдалануға болатын «көшірме» емес екенін түсінді. Бұл үдерістің ішінде үнемі олжа іздеуді талап ететін тірі организм жатыр. Алғашқы тренингтер тұлғаның дамуына арналып, ішкі серпінді тануға, қызметтің белгілі бір түріне бейімделуге бағытталған болатын. Көп ұзамай Дана ерлердің тренингтері әйелдердікіне қарағанда өзгеше екенін түсініп, өзіне жаңалық ашты, өйткені әйелдер бизнеспен емес, «іспен» айналысуға бейім келеді. Әйелдерде интуиция анағұрлым дамыған, олар уақытының көп бөлігін отбасына арнап, «қолданыстағы» бизнеспен жеңіл-желпі, жартылай айналысуға бейім. Үйді басқару – бұл маңыздылығы мен жауапкершілігі жағынан бизнестен кем іс емес. Сонымен қатар, елдің көңілінен шыға білетін және тренер үшін қызметтің кең түрін беретін бұл өнер кез келген әйелдің бойына дарымаған. Дана Төлештің тренингтері игеретін білім өрісі, тәжірибелік шеберліктер мен дағдылар тұлғалық өсу, интуиция мен қарым-қатынас дағдылары және т.б. тақырыптан тұрады.
Дананың басты мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған өз тәжірибесінен түйгені «Білімді бермейді, оны жинақтайды». Сондықтан да жай ғана бос уақыт өткізуді мақсат еткен тыңдаушы ештеңе түйсінбей кетеді, ал білімін байытуды мақсат еткендер сол білімге қол жеткізеді. Тренинг барысында тыңдаушының бойынан балалық шақтан бастап келе жатқан психологиялық қиындықтар пайда болады. Мамандығы бойынша психолог болмаса да, Дана жеке мәселеге еніп кетіп, оны шешуге, адамның ары қарай дамуына бар күшін жұмсап атсалысады. Дана тренингіне пікірлес жандардың келетіндігін шын ықыласпен байқайды. Тұлғаның дамуына бағытталған олар білім, күш-қуат және сүйіспеншілікпен өзара алмасу жағынан тартымды. Дана тренинг барысында көбіне бергеннен гөрі, олардан алатын дүниенің көп екенін мойындайды. Ал тыңдаушылар тренингтен кейін қоңырау шалып, отбасыларындағы жағымды өзгерістер, бұрынғы мәселелерінің сәтті шешілгендігі туралы әңгімелеп жатады. Дананың ішкі сезімі бұл оның өмірінің тармағы екенін білдіретін сияқты, бұл жол болашақта саясатқа әкелетіндігінде де күмән жоқ, десек те бұл өзіндік мақсат емес, бойындағы күш шамасына қарай елдің өмірін жағымды жаққа қарай өзгертуге шын жүректен әсер ету болып табылады.
Дананың балалық шағы ауылды жерде өткен, сөйтіп өз бетінше өмір сүруге дағдыланған. Әжесі математика мен орыс тілінің оқытушысы болған, атасы – бас ветеринар, ал 8 бала тәрбиелеген анасы балаларын бағып-қағуды ауылдағы бухгалтер жұмысымен үйлестіре білген. Орта мектепті Алматыда оқиды, 3 жыл оқығаннан кейін хореография академиясына түседі. Екі жыл оқығаннан кейін, қарапайым мектепке оралады, бірақ мүсінін, келбетін, сұлулығын дамытқан бағалы сабақтар үшін оқытушыларға деген алғысы шексіз. Және де бұл жерден ең басты үйренген нәрсесі - өзіне-өзі сенуі, кейінірек бұл «Қазақстан аруы» байқауына қатысу кезінде қажетке жарады. Оның өту уақыты мектепті тәмамдаумен және бітіру кешімен сәйкес келді. Жасөспірімдік ұшқарылықпен, өзіне деген сенімділікпен, хореографиялық шеберліктермен, сахнада өнер көрсету шеберлігімен, спорттық табыстармен (Алматы қаласындағы таэквандодан чемпион титулы) және жақындарының көрсеткен мықты қолдауымен (залда оған анасы, әкесі, әпкесі және немере сіңлілері қолдау көрсеткен) қаруланған Дана «Қазақстан аруы» тәжіне ие болды.
Байқауда жеткен жеңісі Дананың тағдырында маңызды рөлге ие болғаны сөзсіз. Бүгінде бұл оқиға тағдыр алаңындағы ары қарай көзге көрінбейтін жіптермен байланысқан тағдырдың жалпы өрнегі пазлының бірі болып көрінеді. Атап айтқанда, байқауда жеткен жеңісі жеке өмірінің болашағына да әсер етті – жаңа мәртебесінің арқасында Дана болашақ жары – атақты бизнесмен, ықпалы бар адам, ішкі жан-дүниесі жағынан жақын адам Ерланмен танысты.
Қазір Дананың білімі мен тәжірибесі жинақталған шақта шынайы мақсат-мәнге ие болған кезеңде. Бір кездері ол өзін-өзі іздеп, «Адамдар не үшін өмір сүреді» деген ежелден келе жатқан мәселенің шешімін іздеген. Жеке мақсатының ізденістері Дананы ҚМЭБИ-ге итермеледі, бұл оқу орнында ол «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша білім алды. Мамандықты таңдау кездейсоқтық емес, Дана мемлекет пен қоғамда болып жатқан дүниелерге мектеп партасынан бастап қызығушылық танытқан. Студенттің білуге құштарлығы, өткір әрі іс-әрекеттегі ақылы талдауға және нәтиже шығаруға мүмкіндік берді. Парламенттегі, Президент аппаратындағы, Ақ Ордадағы машықтану, лауазымдары, бағыттары мен мамандықтары әртүрлі мамандардың еңбегіне жасалған бақылау ойлауға азық болды. Мемлекетті басқаруға қыруар ақша жұмсалатындығы айқын, табиғи ресурстарымыздың қоры да көп, бірақ табыстың бұл көздері, күш-жігер мен мемлекеттің шығыны қажетті пайда әкелмейді.
ҚМЭБИ-дің магистратурасында алған ары қарайғы білімі, бір жағынан, Дананың беделі мықты диплом алуына әсер етті, бұл мемлекеттік басқару саласындағы жұмыс жоспарларын жүзеге асыруға мүмкіндік берер еді. Бұдан түйіндеме ғана ұтқан жоқ, ағылшын тілі де айтарлықтай жетіле түсті. Сонымен қатар, магистратурада оқып жүргенде Дана мемлекеттің ұзақ мерзімді жобаларды жасауға бастама көтермеуі, білім алу, ғылым және денсаулық сақтау сияқты салаларға инвестиция жұмсамау сияқты басқарудың қолданыстағы саясаты мен стратегиясына түсінбестікпен қарайтындықты оқытушылардың ауыздарынан естігенде ойының растамасын тапты. Соның салдарынан, қоғам тек тұтынумен айналысады, ал өндірісті дамыту әлі жетілдіруді қажет етеді. Болашақ магистрлік диссертациясын қорғау аясындағы зерттеу жұмысымен шұғылданып жүргенде Дана аса қиын мәселелерді көтеріп, оған жауап беруге барынша тырысты. Бірақ, диссертациясын сәтті қорғап, ҚМЭБИ-ді тәмамдағаннан кейін өзін мемлекеттік қызметке арнаудан бас тартып, өз ісін дамытуға бет алды.
Ивенттерді ұйымдастыру саласын таңдаған Дана бар күшін, білімі мен тәжірибесін істі қалыптастыруға жұмсады. Ивент-бизнесте қызмет еткен жылдар қомақты тәжірибе, кез келген қызметті байқап көру, жеке шешім қабылдай алу мүмкіндігін, тәуекелге барып, жеңіске жетуге мүмкіндік берді. Дана тәжірибені Мәскеудің озық практиктерінің (Князев, Беркович, Шумовский) озық курстары мен семинарларында оқылған дәрістерден жинақтады, аттары аңызға айналған ивент-мейкерлердің еңбектерінен оқығаны да көп. Десек те, алған білімді Қазақстан нарығы қорындағы тәжірибеде пайдалану сәтсіз болып шықты, сыналған стратегиялар жергілікті ерекшеліктің салдарынан іске қосылмады. Бірақ, жағдай шығармашылық ынта беріп, әмбебап заңдарды біздің шынайы өмірімізге бейімдеуде деген ынтаны арттыра түсті. Мұнда созылмалы цейтнотына қарамастан, Дананың тұлғаның өсу тренингтеріне баруы да аздық еткен жоқ.
Бизнестегі айқын әрі талпынысты қадам 4 жылға жуық созылды. 2011 жылы Дана ары қарай даму керектігін түсініп, өмірінің бұл беттерін жауып қойды. Ал енді жеке қоры адамдарды басқару, қарым-қатынас орнату шеберлігі, басқа да құнды бизнес шеберліктер сияқты тәжірибелерге толды, олардың маңыздылығын асыра бағалау аса күрделі.
Дане Төлешке тән өте сирек кездесетін талант – бұл мансабы өсіп жатқан жұмысын бақытты отбасын құрудың көп қажет ететін күн сайынғы еңбегімен үйлестіре білуі. Дананың нағыз мақтанышы мен жетістігі – керемет отбасы, сүйікті жары, Алуа (9 жас) және Дария (6 жас) есімді дарынды қыздары, бұл асыра сілтеушілікпен айтылған сөз емес. Қыздар аналарының бойындағы үнемі дамуға ұмтылу сияқты қасиетіне өз бойларына сіңірген. Дарынды тәрбиеші Дана олардың бойына білімге деген құштарлықты сіңірді, олардың кестесін керемет үйлестіргені соншалық, қыздар «Haileybury» жеке мектебіндегі сабақтарын хореография, актерлік шеберлік, вокал, пианино және шахмат сабақтарымен бірге алып жүреді. Жас шағында Дана әртүрлі салаларда өзінің бағын сынап көрген, оның ішінде спорт, актерлік шеберлік пен хореография да бар. Қыздарын өз дегеніне көндірмес үшін Дана олардан немен айналысқысы келетінін сұраған. Нәтижесінде сымбатын ғана емес, сондай-ақ мүсінін дамытатын хореографияға бару туралы шешім бірауыздан қабылданды.
Дарынды әпкелі-сіңлілердің анасы оларды жан-жақты дамыту үшін қаржылай да, күш-қуаты жағынан да барлық мүмкіндіктерді қолдануда. Егер де уақытты басқару және үй менеджментінің шеберліктерін меңгеру таланты болса, жұмысбастылық бұған кедергі келтірмейді. Үйде отбасының әрбір мүшесінің өз құқықтары мен міндеттері бар, дәл осы міндеттер мен құқықтарды нақты бөлу қажетсіз қақтығыстар мен дау-дамайлардан аулақ болуға мүмкіндік береді.
Балаларды дамытуға деген жүректу тулатар қарым-қатынастың нәтижесі 2011 жылғы Сочидегі «Кинотаврик» байқауында көрінді, бұл байқауда Алуа үшінші орынға ие болды. Ал Қазақстанның Кинотавригінде Алуа да, Дария да жүлделі 2 және 3 орындарға ие болған. Болгариядағы «Friendship. Sun World» байқауында Дария «Вокал-Соло» 5-7 жас санатындағы вокал бойынша 1 орынға ие болды. Қамқор ананың шығындалған қоры мен уақыты ақталды, қыздардың бойындағы талантты беделді халықаралық әділ-қазылар алқасы жоғары бағалады. Сан қырлы қызығушылықтарға әуестенген әпкелі-сіңлілердің әуестіктер тізімі біртіндеп көбейіп келеді, жақында сурет салу мен тоқыма тоқу қосылды.
Дана – іскери әйел, бірақ бизнес саласында емес, жағдайды басқару саласында. Ол өмірін ақша табуға жұмсаудың мәні жоқ дейді, бірақ күші мен құралын тұлғаны дамытуға жұмсауға даяр. Табысты іскери әйел бос уақытын би билеуге арнауды жалғастыруда, бұл қозғалыс пен ырғақты қажет ететін дене қажеттілігі ғана емес, сондай-ақ ішкі жан дүниенің қажеттілігі. Хобби тізіміндегі латын билерінің қатарына арап билері де қосылды. Шығармашылық ойын білдіру және күш-қуатты сыртқа шығару мүмкіндігін беретін вокалмен айналысу ісі де Дананы еліктіреді. Сүйікті жары мен балаларына арнап Дана әндер жазады, бірақ бұл әуестік хоббиден артық қандай да бір мәртебені қажет етпейді.
Айтарлықтай отбасылық өтілі бар (12 жыл) Дана әртүрлі екі әлемнің өкілдері болып табылатын әйел мен еркек – отбасында үйлесу үшін әртүрлі болып жаратылған деп ойлайды. Дананың сөздерімен өрнектейтін болсақ, отбасындағы татулық жұбайлар бірге болғанда ғана және оларды одағы – олардың балалары біріктірген кезде ғана орын алмақ.
Күрделі өмірлік жағдайларда Дана Төлешке әрбір адамның өзіндік бай ішкі әлемі бар, егер адам тұрақты ішкі дамуға және тұлғалық өсуге бағытталса, бұл әлем қуаныш пен шаттықтың көзіне айналуы тиіс дегенді түсіну ғана көмектеседі.