"Jrun CK ltd" ЖШС Бас директоры Д.Т.Даулеткалиева ханымнан "FreshEvents" компаниясына Кепілдеме хаты

"Jrun CK ltd" ЖШС Бас директоры
Д.Т. Даулеткалиева ханымнан
"FreshEvents" компаниясына
Кепілдеме хаты
28.02.2011
Бұл ұсыныс «FreshEvents» компаниясының атына беріледі. «Jrun СК ltd» ЖШС-ның бұл компаниямен істеген жұмысы жемісті болды. Бұл компаниялардың ынтымақтасуына «Jrun СК ltd» ЖШС-ның қызметкерлеріне арнап тим-билдинг өткізу себеп болды.
Ынтымақтастық барысында «FreshEvents» компаниясы кәсібиліктің жоғарғы деңгейін танытты. Тим-билдингті ұйымдастыру ойдағыдай өтті және де «Jrun СК ltd» ЖШС басшылығының да, ұжымның да үмітін ақтады. Тим-билдинг өткізудегі басты мақсат – белсенді ұжымдық демалыс және компанияның ұжымын біріктіру болатын, бұл мақсатты «FreshEvents» компаниясының қызметкерлері жемісті ұйымдастырып берді.
Тим-билдинг, корпоративті мерекелер және компаниядағы басқа да оқиғалар тәрізді әртүрлі шараларды ұйымдастыру үшін «FreshEvents» компаниясын ұсынамыз. Ынтымақтастықтың нәтижесі бойынша «FreshEvents» компаниясының event-қызметтер саласындағы кәсібилігінің жоғары деңгейін растаймыз.
Жақын арада «Jrun СК ltd» ЖШС «FreshEvents» компаниясымен кезекті жемісті ынтымақтастық жасасуды көздеп отыр.
"Jrun CK ltd" ЖШС Бас директоры Д.Т. Даулеткалиева