Ұсынысхат
«КаР-Тел» ЖШС Бас директоры А.Л Попов мырзаға
«Мастер Билд – А» ЖШС
Бас директоры Б.Ж.Джалгаспаевтан
Құрметті Анатолий Леонидович!
«Рахат» СП компаниялар тобы құрмет білдіріп, бұдан кейінгі де кәсіби қызметтеріңізге табыс тілейді. «Рахат» СП компаниялар тобы «Билайн» сауда белгісінің құрылған күнінен бастап Қазақстан Республикасы аумағындағы «КаР-Тел» ЖШС-ның клиенті болып табылады. Ынтымақтастық кезеңінде біздің компаниялар тобымызда сіздердің компанияларыңыз туралы тек жақсы пікірлер қалыптасқан және ары қарай да жемісті ынтымақтастық жасаймыз деген үміттеміз.
«Рахат» СП компаниялар тобы танысу ақпараты ретінде осы хат арқылы «Fresh Events» компаниясына ұсыныс беру қажет деп санайды. «FreshEvents» компаниясы ивент-қызметтер саласында өз қызметін жүзеге асырады. Компанияның басты профилі - team-building, презентациялар, семинарлар және басқа да бұқаралық оқиғалар тәрізді корпоративті іс-шараларды өткізу болып табылады. «FreshEvents» компаниясы бұл салада толық қызмет көрсетеді және концепцияны ұйымдастырудан бастап жобаны түпкілікті жүзеге асырғанға дейінгі жұмыстың бүкіл барысын ұйымдастырады.
«Рахат» СП компаниялар тобы «FreshEvents» компаниясымен ұзақ жылдар бойы ынтымақтастықта болып келеді. Біздің холдингіміздегі маңызды оқиғалар мен іс-шаралардың барлығын осы компания ұйымдастырып, өткізеді. Демек, «Рахат» СП компаниялар тобы «FreshEvents» компаниясының қызметкерлері ивент-бизнес саласында кәсібилер болып табылатындығын нық сеніммен айтады, бұны уақыт пен сенімділік дәлелдеген.
Қорытындылай келе, бұл ақпарат «КаР-Тел» ЖШС үшін пайдалы және де ұзақ мерзімді серіктестіктің объективті пікірі ретінде қарастырылатын болады деген үміттеміз.
«Мастер Билд – А» ЖШС
Бас директоры
Б.Ж.Джалгаспаев