SelfBrandBook
Өмірбаяны
Мектеп ХІХ ғасырда құрылған, 1875 жылы, ал 1963 жылдан бастап бірнеше пәнді ағылшын тілінде оқытатын мамандандырылған алғашқы мектепке айналады. 1992 жылы оған мектеп – гимназия мәртебесі берілді, онда оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен басқа француз немесе неміс тілдеріноқып біледі.
2008 жылдың қаңтарынан №8 мектеп – гимназиясының дамуында жаңа кезең басталды, ол «М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған №8 гимназия» жаңа мәртебесіне ие болды.
Мектептің дарынды балалармен жүргізетін үлкен жұмыс тәжірибесі жинақталған, мұны бітіруші түлектердің ҰБТ – дағы жоғарғы нәтижелері көрсетіп отыр, 2008-2009 оқу жылының қорытындысы бойынша орта балл – 100,4.
Гимназия ҚР – ның ең үздік 100 мектебінің қатарына төртінші рет кіріп отыр. 1999 жылдан бастап, гимназия 70 «Алтын белгі» иегерлерін шығарды, олардың 12 – 2009 жылдың түлектері.
Гимназия бітіруші түлектері «Болашақ» бағдарламасы бойынша Еуропа, Азия және Америка елдерінде білім алуда, Флекс бағдарламасы бойнша шет мемлекеттерде оқу үшін білім гранттарын жеңіп алуда.
Гимназияның халықаралық байланыстары кеңеюде, сонымен қатар Франциямен, Ұлыбританиямен, Кореямен. Пуссан қаласындағы (оңтүстік Корея) халықаралық мектеппен студенттер алмасып, бірге жұмыс жүргізу жалғасуда.
Олимпиадаларға сапалы дайындық жүргізілуде, мұның дәлелі – гимназияның олимпиадалық командасының көбеюі және оның нәтижелілігі.
2008/2009 оқу жылында гимназияның бүкіл тарихында алғашқы рет мектеп халықаралық деңгейге жетті. 10- сынып оқушысы Амангазин Арман Стамбул қаласында (Түркия) әлемнің 80 елінің оқушыларының қатысуымен өткен халықаралық ғылыми жобалар байқауында күміс медальді иеленді.
Гимназия көптеген жобалардың бастамашысы, өмірде өз істерін жүзеге асырады. Бұл – «Ұлан» облыстық интеллектуалдық марафоны, Халықаралық баскетбол турнирлері (Фарух Шаназаровты еске алу), «Ата-аналар және балалар» психологиялық – педагогикалық клубы, «Қазақстан халқының балалар Ассамблеясы» Ассамблея жұмысы оқушылардың тек өз ұлтының тілін, дәстүрін біліп қана қоймай, сонымен қатар көптілдік кеңістікте өзін тұлға ретінде сезінуіне мүмкіндік беретінін дәлелдеді. Гимназияның жеке сайты, электрондық оқулықтар кітапханасы, гимназия мұғалімдері шығарған тақырыптық фильмдері бар.
Алғаш рет гимназияда жаңа дәстүр пайда болды – дарынды балаларды және облыстық, республикалық олимпиадаларда, ғылыми жобалардың халықаралық жарыстарында, интеллектуалдық және спорттық жарыстарда жеңіске жеткен ең үздік оқушылар мен мұғалімдерді марапаттау.
Гимназияда жаңа ақпараттық технологиялар табысты ендірілуде, Қазақ тілі, ағылшын тілі бойынша бітіруші түлектерді ҰБТ-ға дайындау үшін психологиялық тренингтер, Қазақстан халқының балалар Ассамблеясының конференциясы – міне, гимназия педагогтарының он – лайн жүйесінде өткізіп жүрген іс-шараларының кішкене бір тізімі.
Тілдерді білу біздің оқушылардың көпмәдениетті қоғамда жан-жақты қалыптасуына мүмкіндік береді. Осы мақсатта гимназияда «Интеллект» қоғамдық бірлестігімен бірге екі жылдан бері жазғы көптілдік лагерь жұмыс жүргізді, мұнда балалар «Тау самалы» сауықтыру кешеніне барады.
Бағдарлама көпмәдениетті, лидерлік озық қасиеттері бар толерантты тұлғаны қалыптастыруды қарастырады.
Мамандандырылған №8 гимназия өтпелі кезеңнің қиындықтарын басынан кешіре отырып, еліміздің үздік дәстүрлерін сақтап, жаңа дәстүрлерді әкеле отырып, қазақстандық қоғамның элитасын қалыптастыруда қомақты үлес қосуда. Бұған өте ықпалды саясаткер болып жүргендер, болашақ ғалымдар және көтеріліп кеткен бизнесмендер, әр түрлі салада өз жобаларын табысты жүзеге асырып жүрген жаңашыл адамдар дәлел бола алады.
Гимназия міндеті:
- Азаматтық ұстанымы, адамгершілік қасиеттері бар рухани-адами тұлғаны қалыптастыру.
- Түсінікті, үздіксіз және сапалы білім беруді қамтамасыз ету.
- Көп тілдік оқытуға көшуге байланысты оқушыларды әлеуметтендіру және жекелеп оқытуға бағытталған білім беру мазмұнын жетілдіру.
- Білім және тәрбие беруде денсаулыққа зияны жоқ жаңа ақпараттық, жаңашыл технологияларды қолдану арқылы білім сапасын көтеруге жағдайлар жасау.
- Оқытушылардың өз біліктілігін көтеруіне және аттестатталуына жағдай жасау.
- Оқу-тәрбие процесінің тиімділігін көтеруге бағытталған бар ресурстарды тиімді іске асыруды қамтамасыз ететін басқарудың жаңа формаларын іздеу.
- Оқушылардың бәсекеге қабілеттілігін көтеру үшін жағдай жасау.
Ұжымның наградалары, дипломдары, жетістіктері:
- 2009 ж. – Жаңашыл мектептер Республикалық байқауында «Ең үздік жаңашыл мектеп - 2009» номинациясының иегері атанды.
- 2008 ж. – Облыстық Байқауда «Ең үздік мектеп – 2008 » номинациясының иегері атанды.
- 2006 ж. – «Облыстың үздік мектебі» байқауында Гран-приді жеңіп алды.
- 2001 ж. – Мектеп ЮНЕСКО ассоциациясының мүшесі болды.
- 1923 ж. – мектеп үздік көрсеткіштеі үшін Қызыл Тумен марапатталған.
Гимназия қызметкерлерінің профессионалдық құрамы:
Қазіргі таңда мектепте 220 педагог жұмыс істейді. Олардың қатарында 1 ғылым кандидаты, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің 4 иегері, «Ағарту ісінің үздігі» атағы бойынша – 12, ҚР білім және ғылым министрлігінің алғыс хаттары иегерлері – 12, Халықаралық ТЕА бағдарламасының жеңімпаздары – 10, ЕТТЕ білім беру бағдарламасының қатысушылары – 3, «Болашақ» Президенттік бағдарламасының жеңімпазы – 1, «Ең үздік ұстаз» Республикалық байқауының жеңімпаздары - 2, әдіскер мұғалімдер – 8, «Алтын қор» облыстық байқауының жеңімпаздары – 4.
Жыл сайын гимназия оқушылары ОҚО балалар үйлеріне барып, «Мейірімділіктің көктемгі аптасы» халықаралық акциясына қатысады. 2008-2009 оқу жылында гимназия Мектеп кеңесінің мүшелері мен «Интеллект» қоғамдық бірлестігі волонтерлары Төлеби ауданындағы №2 балалар үйінде ВИЧ/СПИД – тің алдын алу айлығын өткізді. Онда акциялар, фестивальдер, семинар-тренингтер ұйымдастырылды. Балалар үйі тәрбиеленушілерінің ай сайынғы туған күндерін тойлау дәстүрге айналды, естелік сыйлықтар беріледі, мерекелік концерттер және спорттық жарыстар өткізіледі.
Маңызды күндер:
- 23 – сәуір гимназияның туған күні. 2010 жылы гимназия 135 жасқа толды.
- Жыл сайын гимназияда 23 ақпанда Халықаралық баскетбол турнирі.
- 15 наурызда «Ұлан» облыстық интеллектуалдық марафоны өткізіледі, бұл іс-шаралар мезгілсіз дүниеден өткен гимназия оқушыларын еске алуға арналады.
Гимназида жұмыс істеген, істейтін атақты тұлғалар:
- Бейсенбаева Ш.А. – гимназия директоры, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері, «Дарынға 10 жыл» төсбелгісінің иегері.
- Сейтбекова З.З. – «Интеллект» ҚБ –нің директоры, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – ағарту ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері, ОҚО мұғалімдері мен волонтерлары үшін «Қақтығыс», «СӨС», «Көшбасшылар мектебі» бағдарламары бойынша өткізілетін семинар- тренингтердің, жазғы көптілдік лагерлердің ұйымдастырушысы.
- Абилдабекова А.А. – математика пәнінің мұғалімі, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері. Оның оқушылары жыл сайын ҰБТ – да жоғарғы көрсеткіштер көрсетеді.
- Қайырбекова А.И. – ҚР жаңа ұрпағы үшін қазақ тілі оқулықтарының авторы, «Алтын қор - 2005» облыстық фестивалінің Гран-при иегері, ҚР білім беру ісінің үздігі, «Қазақ тілінің үздік ұстазы» республикалық байқауының жеңімпазы, ҚР-дағы 12 жылдық білім беру бағдарламасы бойынша 1-4 сыныптарына арналған қазақ тілі оқулықтарының авторы, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері.
- Ольгина Н.В. – география пәнінің мұғалімі, әдіскер, жыл сайын облыстық, республикалық олимпиада жеңімпаздарын дайындайды, экология бойынша инновациялық-педагогикалық идеялардың Ү Республикалық фестивалінің жүлдегері, гимназияның жастар орталығын құру бойынша халықаралық жоба жетекшісі.
- Керимбекова Ф.К. – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, жыл сайын облыстық байқау жеңімпаздарын дайындайды. «Ең үздік ұстаз - 2009» номинациясының иегері.
- Догадова ЮА. – биология пәнінің мұғалімі, мұғалімдердің облыстық пән олимпиадасының жеңімпазы. Оның оқушылары – облыстық, республикалық, халықаралық ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздары.
- Алшабаева А.А. – қазақ сыныптарындағы орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, мұғалімдердің облыстық пән олимпиадасының жеңімпазы. Оның оқушылары – қалалық, облыстық пән олимпиадаларының жеңімпаздары.
- Морозова О.Ю. – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, «Болашақ» Президенттік бағдарламасының жеңімпазы, «Алтын қор - 2005» облыстық фестивалінің 1 дәрежелідипломының иегері. Оның оқушылары – республикалық, ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздары.
- Фомичева М.В. – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, ЕТТЕ білім беру бағдарламасының жеңімпазы, 2008 жылдың қыркүйек, қазан айларында АҚШ-та білімін жетілдірді, Вирджиния штаты, ФайерФакс сити.
- Янзон И.А. – ағылшын тілі пәні мұғалімі, АКСЕЛЛЗ халықаралық бағдарламасының 3 дүркін жеңімпазы.
- Садырбаева Г.У. – ағылшын тілі пәні мұғалімі, ЕТТЕ білім беру бағдарламасының жеңімпазы, 2008 қараша айында Румынияда өткен «ағылшынша оқыту үшін» тренингінің қатысушысы.
- Плаксина Е.А. – ағылшын тілі пәні мұғалімі, ТЕА халықаралық бағдарламасының жеңімпазы, мұғалімдердің облыстық пән олимпиадасының жеңімпазы