Ө.О.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты
Ө.О.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты

Өмірбаяны

Топырақтану институты 1945 жылы құрылды. 1991 жылға дейін Қазақ ССР Ғылым Академиясының ғылыми мекемесі болды.

Қазақстан Республикасының елде жүргізген дамудың қайта құру кезеңінде институт бірқатар өзгерістерден өтті:
  • 23.05.2008 жылдан бастап ЖШС «Ө.О.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ҒЗИ» айналдырылды.
  • 2007 ж. 29.12.2007 ж. «КазАгроИнновация» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен ЖШС «Ө.О.Оспанов атындағы топырақтану және агрохимия ҒЗИ» құрылды.
  • 2007 ж. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 мамырындағы №409 «Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық министрлігіндегі жеке ұйымдарды қайта құру жөніндегі » қаулысының орындалуына байланысты республикадағы ҒЗИ-ы біріктіру жолымен АҚ «КазАгроИнновацияға» айналдырылды.
  • 2006 ж. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 ж. 30 қазанындағы №1028 «Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық министрлігіндегі (ҚРАШМ) бірқатар республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын еншілес мемлекеттік кәсіпорындарға  (ЕМК) айналдыру жөніндегі қаулысына сәйкес филиал «Ө.О.Оспанов атындағы Топырақтану институты» ҚРАШМ «А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы Ғылыми-өндірістік орталығының» РМК «Ө.О.Оспанов атындағы топырақтану және агрохимия ізденістер орталығы» ЕМК қайта құрылды.
  • 2003 ж. ҚР Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік меншік және жекешелендіру комитеті жіберген хатының орындалуына байланысты 11.03.2003 ж № ММЖК -3-2/1194. ҚРАШМ «А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ҒӨО-ның» РМК филиалы «Ө.О.Оспанов атындағы Топырақтану институты» құрылды.
  • 1999 ж. ҚР Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы №1335 қаулысымен Топырақтану институты Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын ҚРБҒМ «Ө.О.Оспанов атындағы Топырақтану институтына » айналды. САПП, 1999 ж. №39, 337 бап, 62 бет.
  • 1999 жылдан бастап Ғылым және Жоғарғы білім Министрлігіне. Астана 30.07.1999 ж., №1080, ал соңынан ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің қарамағына көшті.
  • 1997-1998 жылдар арасында ҚР Үкіметінің 1997 жылдың 23 мамырындағы №873 қаулысымен Ғылым министрлігі – ҚР Ғылым Академиясына (ҒМ-ҚРҒА) өтті САПП. 1997ж,. №19. 181 бап, 56 бет.
  • 07.03.1995 ж. ҚР Министрлер кабинетінің 1995 жылғы 7 наурыздағы №225 қаулысымен институтқа ҚРҰҒА коор-мүшесі Ө.О.Оспановтың есімі берілді. САПП. 1995ж., №8, 88 бап, 62 бет.
  • 1991-1996 жылдар арасында ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының (ҚРҰҒА) құрамында болды. САПП. 1995 ж. №12. 142бет (60 бет) Алматы, 7 сәуір 1995 ж, №430.
Компанияның негізін қалаушылар:
  • КСРО ғылым Академиясының Қазақ филиалы Президиуымының 1945 ж. 28 тамыздағы №23 қаулысы.
  • Үкіметтің Республикалық Мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің «Ө.О.Оспанов атындағы Топырақтану институтына» айналдыру жөніндегі қаулысы.
Компанияның міндеттері:
  • Топырақ құнарлығын сақтау, арттыру және қайта қалпына келтіру, топырақ жамылғысының экологиялық жағдайын жақсарту және оларды тиімді пайдалану жөнінде кең спектрлі ғылыми-техникалық шешімдерді жасап дамыту.
Ұйымның марапатталуы, дипломдары мен жетістіктері:
  • Еңбек Қызыл Ту орденімен.
  • Кеңес Одағының коммунистік партиясының.
  • КСРО жоғарғы Кеңесі президумының.
  • КСРО Министрлер Кеңесінің.
  • ПОБОК-тың мерейтойлық Құрмет Белгісімен.
  • Тың және тыңайған жерлерді игеру медалімен.
  • КСРО Бүкілодақтық халықшаруашылығы жетістіктерінің алтын және күміс медалдарымен (БХШЖ).
  • Халықаралық фондтың «Іскерлік практикасында жоғары сапа үшін» алтын медалімен.
  • Нобел сыйлығының лауреаты Петр Леонидович Капицеге арналған «Ғылыми жаңалықтың авторы» атты Академияның дипломы мен естелік медалдары.
  • Өсімдік биологиясы саласында жаңалық тіркелінді (№371 жаңалық) және топырақ бетіндегі су қабатының (күріш) өсімдіктің өсуі мен дамуына тигізетін әсер ету заңдылықтарына куәлік берілді.
1945 жылы құрылған Топырақтану институты (қазір ЖШС «Ө.О.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты») топырақтану және агрохимия саласында іргелі және қолданбалы зерттеулермен айналысатын республикадағы бірегей мекеме.

Қазақстанда топырақтану ғылымының қалыптасып даму кезеңінде институт ғалымдары тың және тыңайған жерлерді игеруде үлкен үлес қосты: барлық әкімшілік облыстардың топырақ картасымен және біртұтас толық Республиканың топырақ картасы жасалынды, 14 томдық «Қазақ ССР топырақтары» атты сериялық монография шығарылды.

Институттың жемісті еңбектерін бағалап және тың эпопеясына тікелей қатысқаны үшін 1974 жылы Институт ұжымы Еңбек Қызыл Ту орденіне лайық деп танылып үкімет марапатына ие болды.

«Қазақстанда суландыруды дамыту үшін топырақты мелиоративтік бағалаудың ғылыми негізін» жасап, жетілдіргені үшін 1984 жылы Институттың бір топ ғылыми қызметкерлеріне Қазақ ССР-ның Мемлекеттік сыйлығы берілді.

Мелиоративтік диагностика мен кебірленген жерлерді топтастыру және мелиорациялаудың тиімді технологиясы мен Чу өзенінің аңғарындағы содалы жоғары сілтілі және кебірленген топырақтардың құнарлылығын қалпына келтіру принциптері жасалынды. Қазақстанның кебірлі топырақтарының картасы жасалынды; Іле өзенінің төменгі ағысымен Ақдала күріш өсіру алқабын топырақты-мелиоративтік аудандастыру негізінде «Күшті тұзданған сілтілі топырақтарды игерудің жаңа технологиясы» және олардың бірқатар модификациялары (НТОЗ-1, НТОЗ-2 және НТОЗ-3) жасалынды.

Өзінің белсенді іскерлік кезеңінде институт кең көлемде топырақты-георграфиялық, топырақты-мелиоративтік, топырақты-эрозиялық және топырақты-геохимиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын атқарды және пайдалы қазбаларды шығару кезінде бүлінген аумақтарды қайта қалпына келтіру мен қорғау, сонымен қатар табиғи құнарлылығын тым төмен аудандарды көгалдандыру мен ауылшаруашылығына пайдалану әдістері мен теорияларын жасап жетілдірді.

Осы зерттеулер негізінде тақырыптық топырақ картасы, топырақ жіктемелері жасалынды; барлық табиғи зоналар бойынша топырақ жамылғысына баға берілді; топырақ қорларын қорғап және тиімді пайдалану, құнарлылығын арттыру жөнінде ұсыныстар берілді; Қазақстанның шолулық топырақ картасы жасалынды.

Антропогенез жағдайында топырақ құнарлылығын сақтау, арттыру және қайта қалпына келтіру, оларды қорғау мен тиімді пайдаланудың теориялық негіздері зерттеліп жасалынды.

Суармалы алқаптар жағдайындағы күріш егістігінде минералдық тыңайтқыштарды тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар жэасалынды. Ақдала суармалы алқабында оқтын-оқтын суға батырылған топырақтардағы қарашіріндінің оң балансын туғызу, сонымен қатар, топырақ құнарлылығын арттырып ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін көтеру үшін жаңа агротехнологиялық наноагромелиоративтік тәсілдерінің әдістемелік ұсыныстары жасалынды.

Ұйым қызметкерлерінің кәсіби құрамы: Топырақтанушылар мен агрохимиктер, солардың ішінде -13 ғылым докторы, 28 ғылым кандидаты.

Ұйымда қызмет етуші танымал жеке тұлғалар:
  • Сапаров А.С., а-ш.ғ.д., профессор, аграрлық ғылым саласындағы А.И.Бараев сыйлығының лауреаты, ҚРАШҒА академигі, институт  бас директоры.
  • Қозыбаева Ф.Е. б.ғ.д., профессор.
  • Пачикин К.М. б.ғ.к.
  • Тоқсеитова Г.А. б.ғ.к.
  • Шарыпова Т.М. а-ш.ғ.к.
  • Отаров А. б.ғ.к.
  • Орлова М.А., б.ғ.д., ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
  • Сүлейменов Б.У. а-ш.ғ.д., доцент
Қызмет жасағандар:
  • Оспанов Ө.О ҚазССР ҒА топырақтану институтын ұйымдастырушы және тұңғыш директоры, ҚазССР ҒА корр-мүшесі, ҚазССР ғылымына еңбегі сіңген қайраткері.
  • Боровский В.М., а-ш.ғ.д., профессор, ҚазССР ҒА академигі, ҚазССР ғылымына еңбегі сіңген қайраткері, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
  • Аханов Ж.У., а-ш.ғ.д., профессор, ҚазССР ҒА корр-мүшесі, ҚРҰҒА-академигі, ҚазССР ғылымына еңбегі сіңген қайраткері.
  • Қаражанов Қ.Д., а-ш.ғ.к., ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
  • Корниенко В.А., а-ш.ғ.к., ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
  • Пачикина Л.И. , а-ш.ғ.к.,   ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
  • Фаизов К.Ш. б.ғ.д.
  • Михайличенко В.Н. б.ғ.д., профессор.
  • Жанпеисов Р.Д., б.ғ.д.
  • Рубинштейн М.И., а-ш.ғ.д., профессор.
  • Жамалбеков Е.Е. а-ш.ғ.д., профессор.
Институттың 2009-11 жылдардағы ғылыми зерттеу жұмыстарының бағыты:
  • Биологиялық әртүрлілік және Қазақстанның топырақ жамылғысы.
  • Топырақтың қызметі мен топырақты-экологиялық жағдайларын олардың тиімді әдістерін реттеу үшін бағалау.
  • Топырақ құнарлылығын сақтау, тиімді пайдалану және ұдайы қалпына келтіру.
  • Қазақстан Республикасында топырақ қорларын басқарудың тиімділігін арттыру.

Болашақ  жоспарлар:

Топырақ үрдістері мен топырақ жамылғысының экологиялық жағдайларының өзгеру заңдылықтарын зерттеп анықтау негізінде топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтіру мен оларды мақсатқа сәйкес пайдаланудың үдемелі әдістерін жасау.

Ақпараттың соңғы жаңаруы 05.09.2009