Өмірбаяны

«Ерке-Нұр» кәсіпорны 1997 жылы шаңырақ көтерген.

Негізгі бағыты ұлттық киім және ұлттық киім үлгілерінің негізінде өркениет талғамына сай қазіргі заманғы киім тігеді. Қазақстан жеңіл өнеркәсібінде өзінің ерекше бағыт-бағдарымен таныла бастаған «Ерке-Нұр» компаниясы қазақ халқының салт-дәстүрі мен қолөнер шеберлерінің ежелгі әдісін сақтай отырып ерлерге, әйелдерге арналған жоғары сапалы және салтанатты кештерде киетін сәнді киімдер тігеді. Сонымен қатар,  мектеп формасын, арнайы киімдер (әскери, шекарашылар, теміржолшылар киімі) тігіп, сувенирлер шығарады.

«Ерке-Нұр» сән театрының жанынан 2007 жылдан бері қыз-келіншектерге арналған «Ерке-Нұр» деп аталатын республикалық әдеби-танымдық сән журналы шығып келеді. 

Кәсіпорын жанында 2004 жылдан бері «Ерке-Нұр» сән театры жұмыс істеуде. Қазақтың ұлттық киімдерінің негізінде дүниеге келген бірнеше таңғажайып коллекциялары бар театр ұжымы Қытай, Түркия, Германия, Швеция, Ресейде өткен байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Сондай-ақ, ел тәуелсіздігінің 15 жылдығына орай Германия, Бельгия, Голландия, Америка елдерін аралап, қазақтың киім үлгілерін көрсетіп, үлкен құрметке ие болып қайтты.


Ақпараттың соңғы жаңаруы 01.12.2009