Өмірбаяны

«Цин-Каз» ЖШС – ауылшаруашалық өнімдерін қайта өңдеу және орама қорап шығару бойынша кәсіпорын.  Кәсіпорын өз тарихын жобалық қуаттылығы тәулігіне 25 тоннаға дейін  баратын қызанақ өнімдерін құю және орау бойынша қазіргі заманғы жан-жақты желі іске қосылған кезден-1998 жылдың 4 желтоқсанынан бастайды.

«Цин-Каз» бүгінгі таңда Қазақстандағы қызанақ өнімдерін шығарушылар бойынша көшбасшы болып табылады. «Цин-Каз» ЖШС-нің бүкіл қазақстандық қызанақ өнімдері нарығының жалпы сыйымдылығындағы үлесі  40-45%.

Жобамен алдыңғы қатарлы технологиялар мен техниканы пайдалану көзделген, бұл қысқы мерзімде өндірістік қуаттылықтарды игеруге және өнімнің жоғары сапасына қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Өндірісті дамыту үшін Жеңіл өнеркәсіп жөніндегі Синьцзян Халықаралық Инвестициялық компаниясы тарапынан технологиялық жабдықтарға шетелдік инвестициялар тартылды.

Компания Құрылтайшысы – Чен Циган.


2000 жылы төртінші шақырылымдағы СҰАР  кәсіби этика саласындағы «Көрнекті Адам» атағы берілді. Үрімші қаласындағы Синьцзян жеңіл өнеркәсіп бойынша халықаралық инвестициялық компаниясында қызмет істейді.

1998 жылдан бастап «Цин-Каз» ЖШС-нің құрылтайшысы болып табылады. Қазақстанда ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу бойынша кәсіпорын ұйымдастырып және ашуға белсене қатысты, 3 260 000 АҚШ доллары мөлшерінде технологиялық жабдықтарға инвестициялар салынды.

1992 жылы Синьцзян Қаржы-экономикалық институтының халықаралық сауда факультетін аяқтаған. Пекин қаласындағы Экономика және сауда астаналық университетінің магистратура курсын «Менеджмент магистрі» деген ғылыми атақ беріліп аяқтаған.

Экономикалық ғылымдар докторы атағына диссертация қорғады, Синьцзян Аграрлық университетінің профессоры болып табылады.

Компанияның Басқарушы директоры – Мұқашева Алма Сабырбекқызы.

  • 2008 жылы достастық қатынастарды дамытуға сіңген еңбегі үшін ҚХР Үкіметінің Достық Орденімен марапатталды.
  • 2006 жылдан бастап сапа басқару саласындағы DQS халықаралық органының жетекші аудиторы болып табылады.
  • 2003 жылдан бастап «Цин-Каз» ЖШС-де жұмыс істейді. Кәсіпорынды ИСО халықаралық стандартына сәйкестігіне сапа менеджменті жүйесі бойынша сертификаттауды ұйымдастырып және әзірлеумен айналысты. Өнімді сертификаттау, ҚР мемлекеттік сертификаттау жүйесінде сынақ зертханаларын аккредиттеу бойынша сарапшы-аудитор болып табылады.

Білікті басшалық, ұжымның бір адамдай бірігіп жұмыс атқаруы, мамандарының жоғары біліктілігі арқасында кәсіпорын өнім сапасының тұрақтылығын қамтамасыз етіп, шығарылатын өнімнің көлемін жылдан жылға ұлғайтып отыр.

Өнімді сату өзара тиімді қарым-қатынас негізінде ресми дистрибьютер - «ПРИМА» ЖШС-і арқылы жүзеге асырылады. Сатылымдар Қазақстанның барлық аймақтарын, сауда орындарының барлық түрлерін  қамтиды. «Цин-Каз» ЖШС өнімдері Қазақстанның 42 аймағында танымал.

Негізгі бағыттары:

  • А санатындағы дүкендер (супермаркеттер).
  • В санатындағы дүкендер (минимаркеттер).
  • Көтерме базарлар.
  • Азық-түлік базарлары.
  • HoReCa (мейрамханалар, кафелер).

Бүгінгі таңда кәсіпорын өнімін таяу және алыс шет елдер нарықтарына шығару мүмкіндіктерін қарастырып жатыр. Сұранысты байыпты және жете зерттеп, сапалы маркетингке, тиімді жарнамаға аса көңіл бөледі.

Кәсіпорын өнімнің бәсекеге қабілеттігі мынадай көрсеткіштермен анықталады:

  • Өнімнің сапасы және қауіпсіздігі.
  • Қолайлы баға.
  • Өнімнің Қазақстанның барлық аймақтарында танымалдығы.
  • Қаптамасының ыңғайлылығы, дизайны және үлкен ассортименті.
  • Өз тұтынушыларымызға басым көңіл бөлу.

Компанияның маңызды кезеңдері:

  • 2008 жыл – Компания Қазақстан нарығындағы  табысты қызметінің 10 жылдығын атап өтті.
  • 2008 жыл – «Алтын Сапа» конкурс-көрмесінде 2-ші орын.
  • 2008 жыл – халықаралық «Сапа алтын сертификатын» алу.
  • 2008  жыл - пластик шишаларын шығару.
  • 2008 жыл – «МІНСІЗ» халықтық сапа белгісін алу.
  • 2007 жыл – маринадталған қияр және қызанақ, тосаптар шығару.
  • 2006 жыл – ИСО 9001 талаптарына сәйкестігіне Сапа менеджменті жүйесінің сертификатын алу.
  • 2006 жыл – «дой-пак» ламинирлинген пакеттеріне кетчуп құю технологиясын игеру.
  • 2005 жыл – қаңылтыр лакталған банкалар шығарылатын цехтың ашылуы.
  • 2004 жыл – өндірістік зертхананы аттестациялау.
  • 2000 жыл – қызанақ өнімінің бірінші шығарылымы.

«Цин-Каз» компаниясы әр түрлі қорларға ұдайы қайырымдылық және материалдық көмектер көрсетіп отырады:

  • «Бақытың өз қолыңда» Қайырымдылық қоры.
  • Алматы қаласы Әуезов ауданының Мүгедектерді еңбекке жарамды ету және бейімдеу орталығы.
  • Алматы қалалық Ардагерлер Кеңесі.
  • Соқырлар қоғамы.
  • Түркістан-Ислам Мәдени Орталығы.
  • «Ақ тұмар» тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдық республикалық бірлестігі.

Кәсіпорынның бәсекеге қабылеттігінің тағы бір шарты – білікті адамдар қоры болып табылады. Кәсіпорын қызметкерлерінің өз мақсаттары бар: атқаратын жұмысынан қанағат алу, өз жұмысын мақтан тұту және ол үшін ақшалай сыйақылар, оқуға мүмкіндіктер алу, жетістіктерін таныту.

Осы мақсаттарға жету үшін кәсіпорын қызметкерлерді ынталандыру бойынша белсенді жұмыстар атқарады. Жылдан жылға кәсіпорын бюджетін қалыптастырған кезде қаржыландыру мөлшері төмендегілер үшін ұлғайтылады:

  • Әлеуметтік мұқтаждар.
  • Еңбек жағдайын жақсарту, қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар.
  • Технологиялық жабдықтарды жаңалап отыру.
  • Қызметкерлерді оқыту және біліктілігін арттыру.

«Цин-Каз» ЖШС қызметкерлерінің әлеуметтік және еңбек кепілдерін қамтамасыз ету, кәсіпорын қызметінің жайлы жағдайларын жасау мақсатында кәсіпорында Ұжымдық еңбек шарты  жасасылған.

Компания міндеті: «Қазақстандағы қызанақ өнімдерін шығару бойынша ең үзік компания болу».

Компания құндылықтары:

  • Тұтынушы талабы – бәрінен жоғары.
  • Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі – табыс кепілі.
  • Жаңа заманауи технологияларын енгізу.
  • Жаңашылдықты ынталандыру.
  • Қызметкерлердің кәсіби деңгейін үнемі арттыру.
Ақпараттың соңғы жаңаруы 23.07.2009