Өмірбаяны

«Alageum Electric» (Алагеум Электрик) компаниясы тарату электржабдықтарын өндіру, сондай-ақ электртехникалық құрылыстар мен қондырғыларды жобалау, монтаждау және іске қосу-баптау бойынша қызмет көрсету саласында Қазақстан Республикасының электртехникалық өнеркәсібінің көшбасшысы болып табылады.

«Alageum Electric» (Алагеум Электрик) компаниясының Қазақстанның маңызды қалаларында кеңінен тараған филиалдар желісі бар және ол бүгінгі таңда жаңа қазақстандық бренд – «Alageum Electric» (Алагеум Электрик) атауымен біріктірілген, тұрақты дамып келе жатқан бірқатар кәсіпорындардың активтерін сәтті басқаруда:

  1. «Alageum Engineering» Жобалық институты» АҚ Астана қаласы, энергетикалық блоктарды, инженерлік желілерді және блокты 10-35-110 кВ кернеулі қосалқы стансаларды жобалаумен айналысады.
  2. «Кентау трансформатор зауыты» АҚ Кентау қаласы,  10-35-110 кВ кернеулі, қуаты  63 000 кВА дейін жететін күштік трансформаторларды, түрлі типті атқарылымдағы қосалқы стансаларды, төмен вольтты және жоғары вольтты    ұяшықтарды және басқа электртехникалық жабдықтарды, сонымен қатар  10/0,4кВ кернеулі, қуаты  2 500 кВА дейін жететін жоғары кернеулі ораманың тұтас құйылған оқшауламасы бар құрғақ трансформаторларды және DuPont фирмасының Nomex оқшауламасы бар құрғақ трансформаторларды шығарады.
  3. «Алматы электрмеханика зауыты» ЖШС Алматы қаласы, шкафтық конструкцияларды, қосалқы стансаларды, төмен вольтты және жоғары вольтты ұяшықтарды шығарады.
  4. Қазтрансформатор Сауда Үйі Алматы қаласы, өнеркәсіпке, құрылысқа және халық шаруашылығының басқа салаларына арналған электртехникалық тауарлардың дистрибуциямен айналысады.
  5. «Yassy Transformer» ЖШС Түркістан қаласы, СВ-95, 105, 110, 164 темірбетон тіректерін шығарады.

«Alageum Electric» (Алагеум Электрик) компаниясының электртехникалық жабдығы мен қызметтерінің жоғары сапасы халықаралық стандарттардың барлық талаптарына сай және «Алтын сапа» сыйлығымен марапатталған.

«Alageum Electric» (Алагеум Электрик) компаниясы көптеген көрмелер мен форумдардың қатысушысы болып табылады:

 

  • 16-18 қараша, 2011 ж. «Кентау трансформатор зауыты» АҚ «Энергетика және электртехника» көрмесінің қатысушысы;
  • 2011 ж., Армения. «Кентау трансформатор зауыты» АҚ «Expo-Russia Armenia 2011» халықаралық көрмесінің қатысушысы;
  • 2011 ж., Ташкент қаласы, Өзбекстан. «Кентау трансформатор зауыты» АҚ «Uzenergyexpo-2011» 6-халықаралық мамандандырылған көрмесінің қатысушысы;
  • 20-22 қыркүйек, 2011 ж., Киев қаласы, Украина.  «Кентау трансформатор зауыты» АҚ Украинаның отындық-энергетикалық кешені: Қазіргі уақыт және келешек  IX Халықаралық форумының  қатысушысы;
  • 2011 ж., Алматы қаласы. «Трансформатор СҮ» ЖШС  Power-kazindustry 12-халықаралық энергетика және электртехника өнеркәсіптік көрмесінің қатысушысы;
  • 2010 ж., Алматы қаласы. «Алматы электрмеханика зауыты» ЖШС «Қазақстанның үздік тауары-2010» өңірлік көрмесінің қатысушысы;
  • 15-17 мамыр, 2007 ж., Алматы қаласы, «Қазтрансформатор» АҚ «Энергетика және Электртехника. Энергия үнемдеу-2007» XI Халықаралық көрмесінің қатысушысы;
  • 25 ақпан, 2002 ж. «Трансформатор компаниясы» ЖШС Қазақстандық Электрэнергетикалық Қауымдастығының мүшесі-бақылаушысы болып табылады.

2009 ж. бастап басқа кәсіпорындармен бірге «Alageum Electric» АҚ (Алагеум Электрик) құрайтын «Кентау трансформатор зауыты» АҚ («КТЗ» АҚ) (Алагеум Электрик), мемлекеттік бағдарламаларға, дәлірек айтқанда қазақстандық қамтылуды арттыру, үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бойынша және т.б. белсенді түрде қатысады.

2009 жылы – «Alageum Engineering» - қуатты жобалық-конструкторлық инситутының негізі қаланды, ол  «Alageum Electric» (Алагеум Электрик) электрмонтаждық басқармасымен бірлесіп, кешенді түрде күрделі ғылыми тұрғыдан қиын жобаларды, энергетикалық нысандарды және 500кВ дейінгі қосалқы стансаларды әзірлейді және «толығымен дайын» күйде тапсырады.

2008 жылы «КТЗ» АҚ (Алагеум Электрик) келесі орындарды иеленді:

  • «Алтын сапа» Оңтүстік Қазақстан байқауында «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша  I орын,
  • «Дайын отандық өнімнің үздік экспорттаушысы» Республикалық байқауында «Шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы үздік экспорттаушы» номинациясы бойынша  I орын.

2007 жылдың 27 желтоқсанында 40 мың тонна металқұралымды құрайтын жобалық қуаты бар «Шымкент металқұралым зауытының» негізі қаланды. «ШМЗ» ЖШС аумағы 23000 ш.м. алаңды құрайды, онда өндірістік, кеңселік және қоймалық жайлар орналасқан. «ШМЗ» ЖШС қызметінің негізгі бағыты жалпықұрылыстық және өнеркәсіптік мақсаттағы металқұралымдар мен металбұйымдар (қоймалар, өндірістік цехтер, сауда кешендері, спорт құрылыстары) жасау болып табылады. Тапсырыс берушінің қалауы бойынша стандартты және стандартты емес металқұралымдарын, сонымен қатар күрделілігі, пішіні және өлшемі алуан түрлі болып келетін металқұралымдарын, оның ішінде арқалықтар, мұнаралар, сондай-ақ тораптар мен бөлшектер, жеңіл металқұралымнан жасалған жылдам тұрғызылатын ғимараттар  шығаруға болады. Ламинатталған, ұзындығы  20 метрге дейін жететін базальтты талшықтан жасалған жылытқышы бар қабырғалық және төбелік «сэндвич» панельдер.

2007 жылы – «КТЗ» АҚ (Алагеум Электрик) «Алтын сапа» Оңтүстік Қазақстан байқауында «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша  I орынды иеленеді. Дәл осы жылы өнімдер 320 кәсіпорынға, олардың ішіндегі өнімдердің   95% - 190 ірі тұтынушыларға жеткізілді, 2005 жылмен салыстырғанда тауарлық өнімнің сатылу көлемі 220% артты, экспортқа сату 450% артты.  2008 жылдың тоғыз айы ішінде зауыттың жасап шығарған өнімінің жалпы көлеменінің қырық пайызы Ресейге, Тәжікстанға, Өзбекстанға, Қырғызстанға, Түркменстанға, Әзербайжанға жеткізілді.

2005 жылы –«КТЗ» АҚ  (Алагеум Электрик) «Оңтүстік Қазақстан облысының үздік тауарлары» байқауында «Халық тұтыну тауарлары» номинациясы бойынша  I орынды иеленді.

Жетекші отандық электртехникалық өнім өндірушілерінің, сонымен қатар бірқатар тұрақты дамып келе жатқан кәсіпорындардың активтерін дамыту және басқару стратегиясының бірыңғай тұжырымдамасын құру мақсатында, 2005 жылы Қазақстан Республикасының электрмашинақұрылысы нарығында көшбасшылық айқындамаға ие   «Alageum Group» (Алагеум Груп) Басқарушы холдингтік компаниясы құрылды.

Холдингтің басты мақсаты  құрылтайшылардың қысқамерзімді және ұзақмерзімді келешектегі мүдделеріне сай, шынайы экономика секторын дамыту стратегиясын жүзеге асыру, сонымен қатар компанияның ұзақмерзімді құндылықтарын барынша арттыру  болып табылады.

2004 жылы Кентау трансформатор зауыты  ИСО 9001-2000 халықаралық стандартына сәйкестік үшін  «КЕМА» Голландтық фирмасымен сапаны басқару жүйесін сәтті ендірді.

2001-2005 жж. Кентау трансформатор зауытымен   КТПП, КТПУ, БДРМ, ВНА, ТСЗ, ТЛК, ТМПН, ТМТО, ТСЛ, ТСН және тағы басқалар сияқты өнімнің жаңа түрлері игерілді. Заманауи технологиялық жабдықтар ендірілді.

2000 жылы шығарылған өнімді талдау нәтижелері бойынша «Кентау трансформатор зауытына» жоғары сапа үшін диплом табысталды. Осы жылы Алматы электрмеханика зауытында КТП, КТПГ, КТПП 25-2500 кВА, К-7М сериялы КРУ(Н) 10(6)кВ,    К-8М, КСО-292, КСО-366, КСО-393, ВРУ, ЩО-70, ЩО-90, ШР, ПР, Я-5000, ОП, ОПВ, ОЩВ және т.б. әзірленді және өндіріс басталды.

1997-2000 годы ознаменовались освоением 12 новых видов продукции,  таких как НТМИ-10, ЗНОМ, УКЗВ и УКЗН, КТПН-25-40/6-10 комплектные трансформаторные подстанции для нефтяников.

1997-1999 жылдары – «Алматы электрмеханика зауыты» ААҚ Алматы ТЖ құрамынан шығып, ЖШС түрінде «Кентау трансформатор зауыты» АҚ-ның (Алагеум Электрик) құрамына кіреді.

1997 жылға дейін – 25-тен 630 кВА дейін жететін қуаты бар трансформаторларды, ОМ-0,63-1,25/6-10 майлы трансформаторларын, бірфазалы трансформаторларды, КТП-25-250/6-10 жинақтамалық трансформаторлық қосалқы стансаларды сәтті игеру кезеңі болып саналады.

1981-1982 жылдары  КТЗ-мен жоғары  вольтты  ТМ-100/35, ОМЖ-10/35, ТМЖ-25/35, ТМЖ-100/35 трансформаторларының өндірісі игерілді. Сол кездің өзінде-ақ біздің зауытымыздың өнімі Чехословакияға, Германияға, Моңғолияға, Ауғанстанға және Польшаға экспортталды. Зауыт бірнеше мәрте  Дрезденде, Мадридте өткен халықаралық көрмелерге қатысты. Нәтижесінде компанияның өнімі жоғары бағаланып, медальдармен және дипломдармен марапатталды.

1979 жылы өлшеуіштік трансформаторлардың шығарылуы басталды (КТЗ).

1976 жылы мұнайшыларға арналған  ОМП 4-10/6-10 трансформаторлардың шығарылуы және қуаты 100-400 кВА, кернеуі 35 кВ құрайтын  трансформаторлардың шығарылуы игерілді (КТЗ).

1974 жылы Мемлекеттік комиссиямен жобалық қуатты  2080 мың кВА және  14 мың жинақтамалық трансформаторлық қосалқы стансаға жетуі туралы актіге қол қойылды (КТЗ).

1970 жылы   ОМ-0,63-1,25/6-10 трансформаторын шығару игерілді (КТЗ).

1971 жылы – КТПА  типті жинақтамалық трансформаторлық қосалқы стансаларының шығарылуы басталды (КТЗ).

1972 жылы зауыт ЭПО-1,0/220, ЭПМ-0,3/220, ЭПМ-0,5/220 электрқайнатқыштарын, электрпештерін, «Тамаша» ғажаппештерін, электр қақпақты пештерін, ЭРМПБ 1,0-220 майлы радиаторларын игерді және шығарылуын бастады (КТЗ).

1967 жылы ауданы 14,25 мың. ш.м. құрайтын зауыттың негізгі корпусының құрылысы аяқталды.

1961 жылы зауыт ГКТП типті жинақтамалық трансформаторлық қосалқы стансаларының шығарылуы игерілді (КТЗ).

1960 жылдың 10 шілдесінде алғашқы ТМ-180/10 трансформаторының шығарылуымен белгілі болды  (КТЗ).

1959 жылы Жолдар мен қатынастар министрлігінің жанындағы вагонжөндеу шеберханысының негізінде «Алматы электрмеханика зауыты» құрылды.

1959 жылдың  8 тамызында – Қазақ КСР Үкіметінің Қаулысымен Кентау қаласындағы салынып жатқан автомобиль зауытының негізінде  1-2 габариттік күштік трансформаторларды және жинақтамалық трансформаторлық қосалқы стансаларды шығару жөніндегі кәсіпорын ретінде «Кентау трансформатор зауыты» құрылды.

«Alageum Electric» (Алагеум Электрик) компаниясының даму тарихы

Ақпараттың соңғы жаңаруы 01.03.2012