SelfBrandBook
Өмірбаяны
Туған күні:28 қазан, 1981 ж.
Туған жері: Алматы қ., Қазақстан.
Қазір тұратын мекені: Алматы қ., Қазақстан.
Мусаева (Шандыбаева) Сана Жеткербайқызы бала жасынан бастап өзінің көшбасшылық және биіктерге ұмтылу қасиеттерін дамытып келеді.
Мусаева (Шандыбаева) Сана Жеткербайқызы бала жасынан бастап өзінің көшбасшылық және биіктерге ұмтылу қасиеттерін дамытып келеді.- 2009 жылы Cass Business School, City University, London абыроймен бітіріп шығып, сақтандыру және тәуекел-менеджменті саласының ғылым Магистрі дәрежесін алды.( Мaster of Science in «Insurance and Risk Management»).
- Сана Мусаева (Шандыбаева) Халықаралық «Болашақ» бағдарламасының түлегі.
- 2004 жылы «Қазақфильм» киностудиясында режиссер Болат Қалымбетов түсірген көркемсуретті тарихи «Сардар» фильмінде басты рольді абыроймен орындап шықты.
- 2005 жылы Қазақ Ұлттық университетінде «Қаражат» мамандығы бойынша Эконмика Магистрі дәрежесін қорғап шықты.
- Сана 2001 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 10 жылдығына байланысты өткізілген студенттік ғылыми-практикалық конференцияда I орынды жеңіп алды.
- Сана бірінші Республикалық студент жастар фестивлінің «Жас Толқын аруы-2001» конкурсының жеңімпазы атанды, сондай-ақ Республикалық «Ана тілі» газетінің өткізген «Ана тілі аруы-2003» конкурсының бас жүлдесінің иегері.
- 2003 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Унивеситетін «Әлемдік экономика» мамандығы бойынша үздік бітіріп шықты.
- 1999 жылы Алматы облыстық қыздарға арналған қазақ-түрік лицейін тамамдады. Үздік оқығаны үшін «Алтын белгі» алтын медалімен марапатталудың мәртебесіне ие болды.
- 1988 жылы өткен Республикалық мектепаралық олимпиадада Қазақстан тарихы пәні бойынша II орынды иеленді.
Сана өзінің ата-анасын-Шандыбаев Жеткербай және Үрімбаева Дәмелі , жұбайы –Мусаев Құмар және оның ата-анасын – кәсіптік және жекебасының жоғары деңгейлі жетілуіне көп үлес қосқан жандар деп біледі.
Өмірлік ұстанымы: «Кез келген ойсана – материалды ұғым , әрқашан ойлау жүйең айқындықты көрсетуі керек .
Табысқа жету формуласы: «Қандай да бір тілегініңді, ой елегінен өткіз, шешім қабылда және барлығын іске асыр».
Сана барлық барған жерлерінен магнитиктер алып келіп, соны жинаумен әуестенеді.
Алға қойған жоспары: Халқымыздың сақтандыру білімділігін көтеру үшін сақтандыру саласының мамандарын дайындайтын оқу орындарын ашып, біздің Республикамыздың эконмикасының сақтандыру секторын түпкілікті жетілдіруге белсене араласу.
Алған білімдері:
2008-2009жж. Insurance and Risk Management, Cass Business School, City University, London, Ұлыбритания, Лондон. Магистратура.
Әлеуметтік белсенділігі: Cass Overseas Alumni Volonter (Cass Business School түлектерінің ерікті өкілі), 2010 ж. шілде айында Алматы қаласында Alumni World Forum аясында өткен Cass Business School түлектерінің кездесуін ұйымдастырды, 2009 ж. шілде айында Лондондық Сити Мэрі Лордтың (Aldermen Ian David Luder) қатысуымен өткен түлектердің кездесуін ұйымдастыруға белсенді араласты.
2003-2005жж. Экономика , Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Қаражат және несие» факультеті, Алматы қ., Қазақстан, Магистратура.
Бітіріп шығардағы тақырыбы: «Қайта сақтандыру – сақтандырушының қаражаттық тұрақтылығы».
1999-2003жж. Әлемдік экономика , Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Халықаралық қатынастар» факультеті, Алматы қ., Қазақстан, Бакалавриат.
Бітіріп шығардағы тақырыбы: «Әлмедегі энергетикалық проблемаларды шешудің негізг ібағыттары».
Әлеуметтік белсенділігі: Ғылыми-практикалық конференцияларға, конкурстарға, түрлі мәдени шараларға қатысу («Менің Қазақстаным», «Қозы мен Баян кеші», «Қыз сыны», ағылшын тілінде өткізілген КТК(КВН), және басқалары)
Тренингтері, курстары
2005-2008 жж. Cert Cll біліктілік атағы, Certificate in Insurance (Сақтандырудағы сертификат), Chartered Insurance Institute, London (Сақтандырудың Чартерлік Институты)
Біліктілігін арттыру үшін өткен емтихандары:
- Insurance legal and regulatory.
- General insurance business.
- Insurance underwriting process.
- Insurance claims handling process.
- 2007 ж. Swiss Re Academy Property Treaty Reinsurance Zurich.
- 2006 ж. RFIB, Reinsurance Training Seminar, London.
- 2006 ж. Partner Re Reinsurance Foundation Courses, Paris.
- 2004 ж. Қызметкерлер құрамын дайындайтын оқу-әдістемелік орталығы,
- Қайта сақтандырудың практикасы.Үйлесімділікке келмейтін қайта сақтандыру, Мәскеу.