Өмірбаяны

Туылған күні:  26.09.1999
Туылған жері: Астана қаласы, Қазақстан.
Тұрғылықты жері: Астана қаласы, Қазақстан.

Қуанғанов Шәймерден Фархадұлы - республикалық «БАСТАУ» математикалық турнирінің Гран-при иегері. Математика және ағылшын тілі бойынша өткен 3-ші Халықаралық байқаудың жеңімпазы. Ұжымдағы көшбасшы. Зияткерлік ойындарда команда капитаны. Мектепте болатын іс-шараларды жүргізеді. Ғылыми және көркем әдебиеттерді оқуға әуес. Физика-математикалық ғылымдарды оқуға қызығушылық танытып жүр. Қазірде Шәймерден Қуанғанов физика-математика бағытындағы Алғашқы Президент зияткерлік мектебінде білім алуда.
Болашақта физика-математика ғылымдарын зерттеумен айналысуды жоспарлап жүр. 

Шахмат ойнағанды жақсы көреді.

Сүйіп оқитын кітаптары: Ричард Брэнсон «К черту все! Берись и делай!»

Билл Гейтті, Ричард Брэнсонды мақтан тұтады. 

Адамдардың бойындағы адалдықты, инабаттылықты, жақсы қарым-қатынасты бағалайды. 

Білімі:
2008 ж. – бүгінге дейін физика-математика бағытындағы Алғашқы Президент зияткерлік мектебінде білім алуда, Астана қаласы, Қазақстан.
Әлеуметтік белсенділігі: Қуанғанов Шәймерден зияткерлік ойындардағы команда капитаны. «Алтын қазық» ғылыми жұмыстар және шығармашылық жобалар байқауындағы «Авторлық шеберлік» аталымы бойынша «Болашақ көлігі» атты жобасы үшін дипломмен марапатталды.  

Тілдерді меңгеруі:
Қазақ тілі – ана тілі, еркін.
Орыс тілі – жетік.
Ағылшын тілі – ауызекі тіл, жақсы.


Ақпарат соңғы рет 25.08.2010 жаңартылды.