Өмірбаяны

Туылған күні:  18.06.1980
Туылған жері:  Астрахань облысы, Ресей.
Тұрғылықты жері: Алматы қаласы, Қазақстан.
Жұмыс орны: Луанда, Ангола.

Шынашев Әрсен Мүксиұлы – 1997 жылы Түркияда физикадан өткен Халықаралық мектеп жарысында Күміс медальға ие болған. 1998 жылы физикадан өткен Республикалық олимпиаданың жеңімпазы. 2003 жылдан бері Әрсен Шынашев Шлюмберже компаниясының Ангола, Ұлыбритания, Нигерия, Түркіменстан тәрізді әртүрлі мемлекеттерінде сапаны қадағалау жөніндегі менеджер лауазымында қызмет атқарады. Әрсен Шынашев 2010 жылы төменгі сынып оқушыларына арналған республикалық «Бастау» математикалық турнирі әділ-қазылар алқасының мүшесі ретінде шақырылған, Алматы, Қазақстан.

Өмірлік ұстанымы: Қандай кәсіпті сүйсең сол кәсіппен айналыс немесе айналысып жүрген кәсібіңді сүй! Кемелденуге әрдайым орын бар. Күн сайын әртүрлі қиындықтар туындайды, сіздер сол қиындықтарды шешуге тиістісіздер. Кейбір мәселелерді бірнеше минутта-ақ шешуге болады, кейбіреулері шешімін таппай, бірнеше айларға созылады. Қайда жүрсек те, не істеп жүрсек те, шыдамдылық танытып, үнемі алдағы мақсатқа ұмтылу керек. Біз қоршаған ортамызды өзгертуге тиіспіз, болмаса қоршаған орта сізді өзгертеді, таңдау сіздің құқыңызда. Қолыңызда бар шектеулі шеңберде не істей алатындығыңызды және қалай істей алатындығыңызды ойланыңыз. Кездейсоқ ойлау арқылы өмір мен жұмысты анағұрлым қызықтыра аламыз. Уақыт – өте маңызды фактор екендігін естеріңізден шығармаңыздар! 

Футбол, теннис, бильярд ойнағанды, шаңғы және сноуборд тепкенді жақсы көреді. 

Сүйіп оқитын кітаптары: Стивен Кови "7 навыков высокоэффективных людей".

Билл Гейтс және Стив Джобсты мақтан тұтады, өйткені олар «қарапайым әрі ақылды», өз саласының жаңашыл адамдары болып табылады.

Адамдардың бойындағы табандылықты және мақсатқа деген ұмтылушылықты, басқа адамдарға деген құрметті, адалдықты және кез келген жұмыстағы еңбексүйгіштікті жоғары бағалайды.  

Болашақта Қазақстан Республикасындағы мұнай-газ өнеркәсібінің ірі жобаларымен жұмыс істегісі келеді және пайдалы жобаларды инвестициялау саласында тәуелсіз инвестор болғысы келеді.  

Білімі:

1998-2002 жж. Индустриалды инженер, инженерлік факультеті, Таяу Шығыс Техникалық университеті, Анкара, Түркия. Индустриалды инженерия ғылымы бойынша бакалавр.
Бітіру жұмысының тақырыбы:Шератон-Анкара қонақүйін пайдалануды жетілдіру.  

1994-1998 жж. Қазақ-түрік лицейі, Алматы, Қазақстан.

Тренингтер, курстар:
2009 ж. Басқару (менеджмент) негіздері – Тиімді команда құру, Ұлыбритания.
2009 ж. Алғашқы басқарушылар семинары, АҚШ.
2008 ж. Техникалық қызмет көрсету жөніндегі менеджер, АҚШ.
2008 ж. "Lean"-дегі көшбасшылық (Өндірісті жетілдірудегі Тойотаның принциптері), Ұлыбритания.
2008 ж. Менеджерлер үшін еңбекті, қауіпсіздік техникасын және қоршаған ортаны сақтау, Ұлыбритания.
2007 ж. Келіссөздер жүргізу және шешімділік шеберліктері (Negotiations &Assertiveness), Ұлыбритания.
2007 ж. Адамдарды басқару шеберліктері, Ұлыбритания.
2005 ж. Қауіпсіздік техникасындағы көшбасшылық -  Кәспіорындарды дамыту желісі (EDN).
2002 ж. CPDEP- Шеврондағы жобаларды әзірлеу және орындау процесі, Қазақстан.

Тілдерді меңгеру:

Қазақ тілі – ана тіл.
Орыс тілі - тамаша.
Ағылшын тілі - тамаша.
Түрік тілі - тамаша.

Ақпарат соңғы рет 20.08.2010 жаңартылды.