SelfBrandBook
Өмірбаяны
Туған күні: 15 қазан, 1994 ж.
Туған жері: Семей қаласы, Қазақстан.
Қазір тұратын мекені: Семей қаласы, Қазақстан.
Мұрат Мәдина Мұратқызы- әр түрлі пәндік олимпиадаларға, мектепшілік, қалалық деңгейлердегі конкурстарға, сайыстарға белсенді қатысушы. Ол 2011 жылы Алматы қаласында өткізілген «Тіл білімі» секциясы бойынша, «Қазақ тіліндегі «Бақыт» концептісі: танымдық аясы» атты тақырыппен Республикалық ғылыми жобалар сайысына қатысты. 2010 жылдың желтоқсан айында Өскемен қаласында өткізілген «Тіл білімі» секциясы бойынша Республикалық ғылыми жобалар сайысының облыстық кезеңіне қатысып, 1- орын алды. 2009 жылғы Астана қаласындағы «Азаттық рухы-Алтын адам» атты тарихи-әдеби-өлкелік республикалық сайысында III дәрежелі диплом иегері болды. Белсенді, табысты, қоғамға пайдалы болуға және елінің дамуына өз үлесін қосуға тырысады. Әр түрлі курстарға барып, өз білімін жетілдірумен айналысады.
Алға қойған жоспарлары: Мектепті «Алтын белгіге» бітіріп, оқуын әрі қарай жалғастырып, маман иесі болу. Жоғары білімді, болашағы бар, табысты тұлға болуға ұмтылады. Болашақта әр түрлі жобаларды қолға алып, жүзеге асырғысы келеді.
Оқығанды, сурет салғанды және спортпен айналысқанды ұнатады.
Адамдардың бойындағы еңбекқорлық, ұқыптылық, сенімділік және алға қойылған мақсатқа жете білу қасиеттерін бағалайды.
Өзіне демеу болатын әкесі- Шошаев Мұрат Мекетайұлын, анасы- Абылғазова Элмира Бейсенқызын, сіңілісін және інілерін бағалап, оларды құрмет тұтады.
Білімі:
2001 жылдан бастап- қазаіргі уақытта Семей қаласындағы №37 гимназиясының оқушысы.
Тілдерді білуі:
Қазақ тілі- ана тілі.
Орыс тілі- еркін.
Ағылшын тілі- меңгеру үстінде.
БАҚ басылымдары: Республикалық тәуелсіз Фольклорлық- этнографиялық әдеби- көркем журнал «АБАЙ» , №2, 2011 жыл.