SelfBrandBook
Өмірбаяны
Туған күні: 13.12.2001
Тұрғылықты жері: Қазақстан Республикасы, Көкшетау қаласы.
Білімі: Көкшетау қаласында Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқиды.
Негізгі наградалары, жетістіктері:
Олимпиада: «Бастау» ІҮ Республикалық математикалық турнир, Гран-при.
Ғылыми жобалары: Қазақша, орысша, ағылшынша мақал-мәтелдер үндестігі
Жарыстар:
- Математикалық және логикалық ойындардың 25 Халықаралық чемпионаты- 1 орын;
- «Кенгуру-Лингвист» халықаралық интеллектуалды сайыс- сертификат;
- ІІ Ресейлік дистанционды сайыс "A wish list to Santa" сертификат.
Президент бағдарламасы (Дарын, НИМ, НУ) қалай Сіздің өміріңізге ықпал тигізді?
Алғаш біздің қаламызда Елбасымыздың қолдауымен дарынды оқушылар үшін мектеп ашылады дегенде мен қатты қуандым. Осындай мектепте оқуды армандап, мектепке түсуді алдыма мақсат еттім. Бірінші сынақтан өте алмадым. Бірақ мұңаймадым. Бұл мектепке түсу оңай емес екенін түсіндім. Бірден жеке мұғалімдерден қосымша дәріс алып, бар жігерімді жинап, тағы да өзімді сынап көрдім. Арманым орындалды. Міне, биыл үшінші жыл Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқып жүрмін. Осы жылдар бойы мен жақсы оқып, алға ұмтылып, білімге құштарлығым артып, ана тіліммен қатар орыс, ағылшын тілдерін терең игеріп келемін. Назарбаев Зияткерлік мектебі жан-жақты білім берумен қатар, көптеген үйірмелер арқылы өзімнің өзге қабілеттерімді шыңдауға мол ықпал тигізді. Менің ойымша, келешекте мені алда одан да зор және жақсы өзгерістер күтіп тұр.
Ел Президентіне Сіздің өтінішіңіз (онымен кездессеңіз оған не айтар едіңіз, онымен қандай ойларыңызбен және жоспарларыңызбен бөлісер едіңіз).
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев! Мен кең-байтақ Қазақстан елінде тұрғанымды бақыт санаймын. Еліміз гүлденіп, көркейіп, бейбіт өмір біздің елімізден кетпесе деп тілеймін. Қазақстан Республикасында балалардың өсіп- дамуына көп мүмкіндіктер жасалып жатыр. Сол үшін Сізге шексіз алғысымды білдіремін. 2011 жылдың маусым айында мектебіміздің атынан «Өрлеу» тобын құрып, ІҮ Республикалық математикалық «Бастау» турниріне қатыстық, сол турнирде Гран- при жүлдесіне ие болдық. Біз үшін ол үлкен жетістік. Келешекте халықаралық олимпиадаларға қатысып, жеңістерге жетуді армандаймын. «Балдәурен» сияқты балаларға арналған демалыс орындары көбірек болғанын қалаймын. Сол демалыс орындарына шет елдерден де балалар келіп, олармен достасқым келеді.
Болашақта қандай жоспарларыңыз бар, қысқаша әңгімелеңіз (5-10жылдан кейін кім болғыңыз келеді, қандай салада жұмыс істегіңіз келеді, Қазақстанды дамытуға қандай үлесіңіз бар).
Ауылда менің нағашым тұрады. Оның жылқылары бар. Мен жылқыларды өте жақсы көремін. Олар сондай әдемі, сезімтал, мейірімді жануарлар. Өскесін жылқы фермасын ашып, текті жылқыларды көбейтуді армандаймын.
Ақпараттың соңғы жаңаруы 07.10.2001