Өмірбаяны

Туған күні: 04.11.2002
Тұрғылықты жері: Қазақстан Республикасы, Көкшетау қаласы.
Білімі: Көкшетау қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Негізгі жетістіктері мен наградалары:
Олимпиадалар:

-    ІV Республикалық «Бастау» математикалық турнирі «Гран-при»;
-    Математикадан мектепішілік олимпиада, І-орын.

Ғылыми жобалар:
-    Мектепішілік, І-орын.

Президент бағдарламасы (Дарын, НИМ, НУ) қалай Сіздің өміріңізге ықпал тигізді?

2009 жылы мен ,Назарбаев Зияткерлік мектебіне ең жоғарғы ұпай жинап ,1-сыныпқа қабылдандым.Өз мектебімнің ашылу салтанатында алғашқы қоңырау соғу рәсімі де маған бұйырды. Назарбаев Зияткерлік мектебінде үшінші жыл оқып жүрмін.

Мектебімде сабақтар өте қызықты өтеді.Мен информатика сабағында компьютерді жақсы меңгердім.Түрлі презентация жасауды , қысқа мәтіндерді жазуды  және танымдық ойындар ойнауды үйрендім.

Менің сүйікті пәнім-математика. Осы пәннен  өтетін таңдаулы курстар маған өте ұнайды.Ол біздің логикамызға  әсер етеді.Математикадан пәніне байланысты барлық қашықтық олимпиадаларға қатысып,жүлгелі орындырды иеленіп жүрмін.Өткен жылы мектепішілік математикадан   пәндік  олимпиадаға қатысып жүлделі бірінші орынға ие болдым.Бұл менің  ІV Республикалық«Бастау»  математикалық турниріне  қатысуыма жолдама болды. Осы турнирде  біздің «Өрлеу» тобы  «Гран-приді» жеңіп алды.Сабақты үздік оқимын.

Былтырғы жылы мектепішілік ғылыми – ізденім істер байқауына қатысып жүлделі І-орынды жеңіп алдым.Осы жылы  облыстық ғылыми-жобалар байқауына өз жобамды ұсындым.

Мектебім  маған өте ұнайды, ол менің жан-жақты дамуыма әсерін тигізіп жүр.Оқумен қатар би,домбыра,бокс үйірмелеріне қатысамын .Мектеп өмірінде өтетін  іс-шараларға белсене араласамын.

Өз туған тілімді, елімді сүйемін.

Мектепте жұманың басын әнұранмен бастасақ,демалыс сағатында қазақтың «Қара жорға» биін билейміз.

Осы мектеп шаңырағында өзімді керемет сезінемін!Осындай мектеп біздің қаламызда болғанына өте қуаныштамын. Мектепте өткен әр күнім шаттыққа толы!Мен өзімді ең бақытты баламын деп ойлаймын! Өйткені, қасымда жүрген  анам, әкем, әпкем, інім туған-туыстырым,достарым аман және елім тыныштықта.

Ел Президентіне Сіздің өтінішіңіз
Мен әр уақытта Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев атамызбен  кездессем деп армандаймын.Егер кездесе қалсам  Елбасыма   біздің  қаламызда Зияткерлік мектеп ашуға ықпал еткеніне  өзімнің үлкен алғысымды айтар едім.

Біздің мектебіміздің жанында күмбезі көк тіреген мешіт салынуда, мен осыған қуаныштымын.

Ел президентінен өтінерім: менің туған қаламда әдемі стадион, оқушылар сарайы, балалар сауықтыру орталықтары, метро салынып, троллейбус және трамвай жүрсе, «Қопа» көлінде яхтамен, катерлер жүзсе қаламыз көркейер еді. «Балаларға арналған бақтар»  көп болса тіпті керемет болар еді!

Болашақта қандай жоспарларыңыз бар?

Мен болашақта президент болғым келеді. Мен президент болу оңай емес екенін білемін ,ол үшін  қазірден бастап  тырысып жүрмін.Өз мектебімді «Алтын алқамен» аяқтап, Назарбаев Университетіне түскім келеді.

Отанымның гүлденгеніне  өз үлесімді қосқым келеді.

Барлық ұлт өкілдері өз ана тілінде сөйлегенін қалаймын.

Ең алдымен өз туған  қаламды ,елімді көркейтуге үлесімді қосар едім. Осы армандарыма жету үшін үздік оқып,барлық мектеп шараларына белсене қатысудамын. Мен  осы армандарымның орындалуына  тырысудамын.

Ақпарат соңғы рет 07.11.2011 жаңартылған