Өмірбаяны

Туған күні: 18.03.2000 г.
Тұрғылықты орны: Қазақстан Республикасы, Көкшетау қаласы.
Білімі: Физика- математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Көкшетау қаласы

Негізгі наградалары мен жетістіктері:
Олимпиадалар:

-    2009 жыл - «Золотое руно» орыс тілінен сайысқа қатысқаны үшін сертификат.  
-    2009 жыл -« BRITISH BULLDOG» ағылшын тілінен халықаралық ойын - сайысқа қатысқаны үшін сертификат.
-    2010 жыл - «Русский медвежонок» тілтанудан халықаралық ойын сайысқа қатысқаны үшін сертификат.
-    2011 жыл – « Бастау» математикалық олимпиададан  Диплом Гран –при және жеңісі үшін медаль.

Президент бағдарламасы (Дарын, НЗМ, НУ) қалай Сіздің өміріңізге ықпалын тигізді?

Ел Президентінің ұстанған бағдарламасы бойынша мен терең білім алудамын. Біз мектепті оқып аяқтағаннан кейін, біз білімді және ақылды боламыз. Осы мектепте оқуымыздың арқасында шетелде білім алуға мүмкіндіктеріміз бар. Мектеп жақсы жабдықталған. Білім алуға толық мүмкіндік жасалған. Оқушылар облыстық және республикалық деңгейдегі түрлі жобалармен айналысады. Осындай зияткерлік мектепте оқу – мен үшін зор мақтаныш.

Ел Президентіне Сіздің өтінішіңіз

Менің басты арманым Сізбен кездесу және Сізге ұқсауға тырысамын. Адам баласы осы өмірде еркін  жан дүниесі мол дұрыс жолмен жүруі қажет.

Болашақта қандай жоспарларыңыз бар?

Мен қазір спорттық-балдық би түрімен жүйелі айналысудамын. Келешекте Қазақстанның атағын әлемдік сайыстарда қорғауды жоспарлаймын. Сонымен қатар, Forex биржасымен танысудамын. Өзімнің білімім мен шығармашылығымды Қазақстанның дамуына жұмсаймын. Мен ержеткен соң Назарбаев университетінде оқып, үлкен ғалым атанып, ел игілігі үшін жұмыс жасаймын. Мен осындай әсем мектепте ұстаздық қызмет еткім келеді.


Ақпараттың соңғы рет 07.11.2011 жаңартылды