SelfBrandBook
Өмірбаяны
2009-шы жылы Гарвард университетін «математика» мамандығы бойынша бітірді, сонымен қатар студенттер алмасу бағдарламасы бойынша Болонья университетінде оқыды. 2009 —2011 жылдар арасында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында, 2011—2012 жылдар арасында Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Экономикалық зерттеулер институтында экономика-математикалық үлгілеу басқарманың бастығы және дүниежүзілік экономика мен интеграциялық зерттеу орталықтың директорi ретінде қызмет атқарды.
Математика пәні бойынша дүниежүзілік олимпиада жүлдегері, оқушылардың республикалық пәндер олимпиадасының бас жүлде иегері; «Американдық математика қоғамының айлық бюллетенінде» жарияланды. Жетістіктері үшін екі мәрте Қазақстан Республикасының Президентінен алғыс хат, «Самұрық-Қазына» басқарма төрағасы мен Экономикалық даму және сауда министрінен мақтау кағазын алды. Әлемнің бес тілін меңгерген.
- Магистратура бағдарламасы бойынша оқу үшін Дүниежүзілік банк стипендиясының иегері;
- Бакалавриат бағдарламасы бойынша оқу үшін Гарвард университетінің стипендиясының иегері;
- Алтын белгі иегері, 2003 мамыр;
- 2001-ші жылы Вашингтон (АҚШ), 2002-ші жылы Глазго (Шотландия), 2003-ші жылы Токио (Япония) қалаларында өткен дүниежүзілік математика олимпиадаларында алтын және екі күміс медаль иегері атанды;
- Алматы қаласында өткен дүниежүзілік математика жоба жарыстарының алтын және екі күміс медаль иегері (1999 бен 2000);
- Математика пәні бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының жеңімпазы, 2001—2003;
- Оқушылардың республикалық пәндер олимпиадасының бас жүлде иегері (барлық пәндер арасындағы ең жоғарғы нәтиже), 2002;
- «Самұрық-Қазына» басқарма төрағасынан мақтау кағазы, қыркүйек 2010;
- Экономикалық даму және сауда министрінен мақтау кағазы, желтоқсан 2011;
- Қазақстан Республикасының Президентінен алғыс хат, маусым 2001 мен қараша 2003;
- Түркияның бұрынғы президенті Сүлейман Демирелден алғыс хат, қыркүйек 2002.