SelfBrandBook
Өмірбаяны
Туған жылы: 03.11.1989
Туған жері: Шығыс Қазақстан облысы, Мақаншы ауданы, Барлық – Арасан санаториі
Олжас Қуанбай бала кезінен алғыр, зерек болып өсті. Әкесі Бекен алыс сапарға шығатын жүк көлігінің жүргізушісі. Кейде ауылда жарық болмағанда «КамАЗ» автокөлігінің магнитофоны мен аккумуляторын үйге алып келіп, Олжасқа ән салғызады. Әкесі баян мен домбырада өте сауатты ойнайды. Анасы Алтынхан Қазақстанның еңбек сіңірген қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Әнді өте тамаша айтады. Олжас бала кезден батырлар дастаны мен ән жырға, құмартып өседі. Жанұясы 1997 жылы Алматыға көшті.
Алматыда Әл-Фараби атындағы мектеп гимназияға қабылданды. Бір жылдан кейін «Ұлан» газетінің 1999 жылы №7ші санына «Олжас – жас әнші» атты мақала шықты. Қазақтың мақтанышы Бекболат Тілеуханның өнеріне қатты сүйсінген Олжас батырлар жыры мен ән мен әуенге одан ары құмарта түсті.
Екінші сыныпа оқып жүргенде Бекболат Тілеуханның орындауындағы «Елім менің» әнін облыстық филармонияда өткен «Әсет ағаның әндері – ай!» байқауында үздік орындап елді елең еткізді. Халық әртісі, әнші сазгер Алтынбек Қоразбаевтың үлкен ілтипатына бөленіп, қамқорлық ниетін білдірді. Сонымен қатар, Әсет Бейсеуовтың «Маралдым» әнін де шебер орындап алқа мүшелерінің атынан заттай сыйлық пен марапаттау сыйлығын алды. Қазақ радиосының 2002 жылы ұйымдастырған республикалық «Балақай» радио фестиваліне қатысып, Бұхар жырау, Майқы би, Асан қайғы, Қабанбай батыр, Қарасай батыр тағы басқа ұзақ дастандарды мәнерлеп оқып, 12 жасар өрендер арасында үздік атанып, І орын мен Лауреат атағын қоса иемденді. «Жетісу» газетінің 19 қаңтар 2002 жылғы санына «Олжас осындай топжарған бала» атты мақала жарық көрді. Әл -Фараби атындағы мектеп гимназияның директоры Әділхан Дүйсебектің Олжасқа алғыс хаты берілді. Алғыс хатта: «Өзінің өнегелі істерімен өзгеге үлгі бола білген, мектеп намысын қорғай білген оқушы ертеңгі күні ел намысын қорғайтын азамат болып өседі деп сенеміз, «Мұрагер» балалар ұйымы мен мектеп өміріне белсенді араласқаны үшін алғысымызды білдіреміз»,- деп көрсетілген.
Олжас 6 сыныпта «Балғын дарын» жас ақындар байқауына қатысып, өлеңдері «Жетісу жауқазындары» атты 2002 жылы «Шартарап» баспасынан шықты. Олжас Алматы облыстық Білім Департаменті ұйымдастыруымен 2002 жылы 18 мамырда ІІІ Абай оқуларында ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды. 7 сынып бітірісімен Олжас «Абай атындағы Республикалық мамандандырылған, дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп интернатқа» оқуға түсті.
2004 жылы Республикалық «Дала мен Қала» газетінің 27 ақпандағы санына журналист Қанат Тәкебаевтың «Арманға құлаш сермеген Олжас Бекенұлы таудай талабымен қуантады» атты мақаласы жарияланды. Мақалада Олжастың сурет өнері жайында сыр шертіледі. Оның еш автокөліктерге ұқсамайтын автокөлік дизайндары көрсетіледі. 2003 жылы «Атмекен - ай» еларалық журналының 8-9 санына Олжастың өлеңі шықты. 2003 жылы «Мөлдір бұлақ» журналының 8 санына «Жетім балаға» өлеңі шықты. 2004 жылы «Наурыз өнер» сайысында 9 сыныптар атынан сайысқа түскен Олжас І дәрежелі дипломмен марапатталды. «Білім әлемі» республикалық газетіне 2002 жылы 25 наурыздағы №1 санына Олжастың өлеңдері шықты. «Ақ желкен» республикалық журналына 2003 жылдың №6 санына Олжастың «Жайлауда» атты суреті шықты. 2003 жылы қарашаның 28 күні Республикалық Олимпияданың қорытындысы бойынша Қазақстан тарихы пәнінен І дәрежелі дипломмен марапатталды. 2005 жылы 10 сынып оқушысы Олжас «Мұқағали Мақатаев оқуы» байқауында ақын өлеңін үздік орындағаны үшін марапатқа ие болды. 2005 жылы «Золотое руно» интеллектуалды ойын конкурсында І орынмен марапатталды.
Олжас 2004 жылы 9 сыныпта өзінің болашақ мамандығын нақты анықтады. Өзі қалаған мамандықты игеру ниетімен сол жылдан бастап «Қазақстан-жапон орталығында» білім ала бастады. Ол жерде 2005 жылы қазанның 31 нен 2009 жылға дейін білім алды сертификаттармен марапатталды. 2006 жылдың қазан айында «жапон тілінің білім деңгейіне» (NIHONGO NOURYOKU SHIKEN) тапсырған тест нәтежиесі бойынша Жапониядан 2007 жылы ақпанның 1 күні құттықтау хат келді. Тесттен өтті. 2007 жылы 11 сыныпта оқушылырдың Республикалық ғылыми жобалар сайысында «Қазақ тілі мен жапон тілінің септік жалғауларының ұқсастықтары мен айырмашылығы» атты ғылыми жоба қорғап, Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің І дәрежелі Дипломмен марапатталды.
11 сыныптың қаңтар айында Әл–Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Шығыстану факультеті, жапон тілі кафедрасының студенті атанды да Жоғарғы Оқу Орнының білім грантын жеңіп алды. Университеттің өміріне белсенді араласып, студенттердің «Маслихат » ұйымына мүше болды. 2008 Үздік оқу үлгерімінің көрсеткіші бойынша «POSCO Asia Fellowships, posco Tae- Joon Park Foundation» халықаралық стипендиясына тағайындалды. Оқуда озат әрі белсенділігімен Университеттің әскери кафедрасына тегін түсті. 2010 жылы 18 шілде айында әскери кафедраны бітіру салтанатында оқу жаттығу жиынының басшысы, полковник О.Степаненконың 2ші взвод 2 батареяның курсанты Куанбай Олжас әскери кафедрада оқуда үздік көрсеткіштері мен үлгілі тәртібі үшін «Құрмет Грамотасымен» марапаттауы жарияланды.
2009 жылы 11 қазанда Алматы қаласының әкімі А. Есімовтың ұйымдастырылған веложарыста шамамен 400 ерікті қатысқан сайыста «үздік 20» ішіне кіріп 16-шы болып мәреге жетті. 2010 жылы «Председательство Казахстана в ОБСЕ- мировое доверие» тақырыбындағы жастар конференциясына белсенді қатысты. 2010 жылы 30 қыркүйекте Жапонияның «Waseda University», PhD докторы Atsushi Ogihara мырзадан алғыс хат келді. Онда: Қазақ Ұлттық Университеті мен Waseda университеті арасында ынтымақтастық орнатқаны үшін алғыс білдірілді.
Олжас №0026222, 2010 жыл 30 қазан «Қазақстан Республиасы Президентінің күзет қызметінің арнайы қамтамасыз ету жөніндегі орталығынан «Еріктілілердің психологиялық дайындығынан үздік өткені» үшін марапатталды.
2011 жыл қазанның 28 күні «Қазақстан Корей орталығында» корей тілін оқуда үздік білім көрсеткіші үшін мақтау дипломымен марапатталды. І Корей поп музыка фестиваліне қатысып Дипломмен марапатталды, 2011 жыл 30 сәуір, Қазақстандағы Корей елшілігінің жанындағы корей мәдени орталығы. Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Шығыстану факультеті, жапон тілі кафедрасының ІІІ рет ұйымдастыруымен болған «Жұмбаққа толы Жапония» атты Қазақстандық зияткерлік сайысынан ІІ орындық Дипломға ие болды. 2011 жыл 16-22 сәуір «Ғылым әлемі» атты жас ғалымдар мен студенттердің халықаралық конференциясында ІІІ орын алғаны үшін марапатталды.
2011 жылы 24 ақпанда «ҚР трамплиннен шаңғымен секіру мен қоссайыс федерациясының» президенті А.Ю.Вервейкиннен алғыс хат алды. Хатта: Олжас 2011 «7ші Қысқы Азия Ойындарында жапон тілінен техникалық төрешілерге сауатты да жауапты аударма жасағаны үшін алғыс білдіреміз» деп келтіріледі. Олжас 20.12.2011 – 05.06.2012 аралығында «Japan Select» компаниясында қызмет етті.
Осы жылдың мамыр айында Олжас Luciano Pavarottiдің әлемге әйгілі «Caruso» әнін өз орындауында студияда жаздырды. Алмалы ауданының ұйымдастыруымен болған бірнеше концертте осы әнін әуелетіп шырқады. Қазақтың мақтанышы Халық әртісі Бибүгіл Төлегенова Олжастың бетінен сүйіп, батасын берді. 2012 тамызда «ҰЛТ БОЛМЫСЫ» журналына «Нарықтың нар түйесін ерттеп мінсек» атты мақала жарыққа шықты. 2012 жылы Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Шығыстану факультеті, жапон тілі кафедрасына магистратураға грантқа түсті. 2012 жылы бас редактор, ұлт жанашыры Гүлжанар Амантайқызының «ҰЛТ БОЛМЫСЫ» журналының қазан №10 (12) санына Олжас Такенищи Хироконың «Адам және Әдеби туынды» атты жапон тіліндегі мақаласын қазақ тіліне аударды. Бұл Нобель сыйлығының иегері талантты жазушы Кавабата Иасунаридің «Идзуно Одорико» (179-187 бб) туындысына жазылған әдеби сын пікір. Өз бойындағы әр саланы шыңдау мен ұштауды жақсы көреді. Лайым жолы болғай.
Олжастың басқан қадамына күш қуат пен алапат демеу болған әлемдердің Ұлы Раббысы Аллаға мадақтар болсын!
Олжас өзінің аяулы ата – анасы мен қамқоршы әпкелері Бибігүл мен Нұргүл, ағасы Шыңғысқа алғыстары шексіз!
Ақпараттың соңғы жаңаруы: 11.11.2012