SelfBrandBook
Куцель Юрий. Подвижник.// Успех. №4(13). 24 шілде 2002 ж.
Инфляция, нашар қаржыландыру, жаттықтырушылар құрамын қысқарту, материалдық базаның нашарлауы – бұл оның дамуын ұзақ жылдарға кейінге созып, қазақстандық спорт Одақ ыдырағаннан кейін бетпе бет қалған мәселелердің соншалықты толық тізімі емес. Ең адал адамдардың табандылығы мен ерлігінің арқасында ғана Қазақстан спортының бұл ретте жаңа Әлем және Еуропа чемпиондарын өсіруге ептісіне отырып, қалған потенциалды сақтап қалу қолынан келді. Ескек аяқпен суда жылдамдықпен жүзу бойынша аға жаттықтырушы Юрий Сергеевич Куцель - өз ісінің нағыз жанашыры - №5 балалар спорт мектебіндегі істің мән-жайындағы табыстарын қуана бөлісті.
- Юрий Сергеевич, бүгінгі таңда өз жұмысыңызда қандай қиындықтармен және мәселелермен ұшырасып отырғаныңызды әңгімелеп айтып беріңізші?
- Бүгінгі күні спорт – қымбат ләззат және де оның дамуы материалдық базаны дамытусыз жүре алмайды. Менің балаларым өте көп, бірақ та олардың әрқайсысы өзіне қымбат тұратын ескек аяқта спортпен шұғылдануға мүмкіндік бере бермейді.
Барлығын өзіміздің сатып алуымызға тура келеді. Біз абонементтік ақы төлеудің есебінен аптасына үш рет 45 минуттан жаттығамыз. Бала үшін бұл 1800 теңге тұрады. Күн сайын келгің келсе – 3600 теңге. Күніне екі сағат жаттықсаң – бұл сан екі есе өседі, төрт сағат жаттықсаң – тағы екі есе өседі. Менің барлық ірі халықаралық жарыстардың жеңімпаздарым, жүлдегерлерім барлығын да өз есебінен сатып алады және де бір адамға 700-ден 1000$-ға дейін түсетін сапарларды өздері төлейді. Мұндай қаржыны екінің бірі шығара алмайды. Спорттың осы түрімен шұғылданған өзімнің жылдарымды еске алар болсам, бізде жиындар өтетін, тамаққа талондар берілетін, бассейнде жүзген уақытымыз есептелмеуші еді. Бір ретте жаттығу кезінде 12 километр жүзіп өтіппін. Мұның неше сағатқа созылғаны есімде де жоқ. Бүгінгі таңда бізде осының ешқайсысы да жоқ. Және де, барлық қиыншылықтарға қарамастан, Қазақстанның әлемдік су асты спортындағы абыройы жоғары бағаланып келеді. 2000 жылы Швецияда өткен Әлем кубогында біз 6 адамнан тұратын толық емес құраммен Әлемнің күміс кубогын ұтып алғанымызды айтсақ та жеткілікті. 2000-2002 жылдардағы Әлем кубогының халықаралық жарыстарында біздің спортшыларымыз 1,2,3 орындарды иемденді. Әрі бізде спортшыларды ірі жарыстарға шығаруға мүмкіндік болса, біз міндетті түрде жүлделі орындарды иемденіп отырар едік те. Ал егер біздің команданы толық құрамда жарыстарға апаруға мүмкіндігіміз болса, 1 және 2 орын дегендеріңізді 100 пайызға жеңіп алар едік.
- Сіздердің Алыс және Жақын Шетелге сапарларыңызға демеушілік еткен фирмаларды немесе жекелеген адамдарды атай кетпей ме екенсіз.
- Мен ірі халықаралық жарыстарды ұйымдастыруға көмектескен демеушілерімізге: «Транссистем», «Райымбек», «Харикейн» фирмаларына, сонымен қатар өз балаларының болашағы бей жай қалдырмайтын ата-аналарға шексіз ризамын.
- Спорттың бүгінгі таңда қолдау көрсетусіз өмір сүре алмайтындығы айдан анық. Оған біздің кәсіпкерлеріміздің назарын қалайша тартуға болады?
- Спорт туралы заңға түпкілікті өзгерістер енгізу керек, мұнда меценаттық пен демеушілікт ынталандыру, бизнес жүргізу үшін жеңілдіктер жасау, салық заңдарына өзгерістер енгізу туралы айтылуы керек. Бізде спортқа көмегін аяп қалмайтын, кез келген адам санындағы команданы қуана-қуана апаратын, өз фирмаларының логотиптерін немесе өнімдерін спортшылардың костбмдерінде, майкаларында, ескек аяқтарында жарнамалағысы келетін көптеген адал ниетті, ақ жүректі бизнесмендер көп қой. Олардың көмегімен біз қазіргі таңда кедейлік шырмауында жүрген және өздерін есірткі, ішімдік пен аурулар тасадан тосып тұрған көшенің зиянды әсеріне ұшырай отырып, өздерінің бос уақыттарын текке ысырап етіп жүрген ондаған мың балаларды спортқа тартамыз, жақындатамыз. Сөздің шындығына келер болсақ, менің оқушыларымның 90%-ы – 2-3 жылдың ішінде-ақ өз жеңістерімен ұлттың даңқын аспанға асқақтататын нағыз ер жігіттер мен әдемі қыздарға айналып шығатын бұрынғы мүгедектер. Әрі сөз соңында айтарым – балалар спортына көмек көрсетуге ниет еткендер үшін, біздің Алматы қаласының АТФ Банкіндегі есеп айырысу шотымыз 700951, код 956, РНН 600300102339. Ата-аналардың бастамасы мен қатысуы бойынша құрылған «Акванавт» спорт клубы.
Мәтін: Дмтрий Супонин
Куцель Юрий. Подвижник.// Успех. №4(13). 24 шілде 2002 ж.
Сканерден өткізілген нұсқасы