Жетістіктері

Куцель Юрий Сергеевич Германиядағы, Бельгиядағы, Голландиядағы халықаралық жарыстардың сан мәрте жеңімпазы және жүлдегері.

Юрий Куцель – жоғары категориядағы жаттықтырушы, «Акванавт» спорт клубының президенті және негізін қалаушысы болып табылады.

Қазіргі таңда клубта 60-тан астам жасөспірім спортпен, суда жүзумен айналысуда, олардың арасында спорт шеберлері және спорт шеберлігіне кандидаттар, Қазақстан чемпиондары, еліміздің рекордшылары, Әлем, Азия чемпиондары, Әлем және Еуропа Кубоктарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар.

«Акванавт» спорт клубының қоржынында мынандай наградалар бар:

    • 2002 жыл, Мальме қаласы – Швеция, Әлемнің күміс кубогы;
    • 2009 жыл, Әлем Кубогының қола жүлдегерлері – Стамбул – Түркия.

      2009 ж. Әлем кубогының қола жүлдегерлері;

      • Александр Макаров;
      • Асхат Айтбаев;
      • Зелимхан Бойсаев;
      • Нұрсұлтан Тұрдыбеков;
      • Павел Гнездо – суда жүзу жөніндегі КСРО жасөспірімдер біріншілігінің күміс жүлдегері;
      • Сергей Лупач - суда жүзу жөніндегі КСРО жасөспірімдер біріншілігінің қола жүлдегері;
      • Георгий Панцулая – жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионы, Азия чемпионы, Әлем кубоктарының жеңімпазы және жүлдегері, ескек аякпен суда жүзу бойынша Қазақстан Республикасының чемпионы және рекордшысы;
      • Борис Григорьев – 1996 жылғы Чехияның Либерец қаласындағы Әлем Кубогының жеңімпазы;
      • Николай Марусич - Әлем және Еуропа Кубоктарының үш мәрте жеңімпазы;
      • Николай Югай – Словенияның Марибор қаласындағы Әлем Кубогының жеңімпазы және Венгрияның Капошвар қаласындағы Әлем Кубогының қола жүлдегері.
      • 2011 жыл - 6-шы орын, Әлем кубогы, Лейпциг қаласы – Германия, 19 адам. 
      • 2009 жылғы Әлем кубогының қола жүлдегерлері: Александр Макаров; Асхат Айтбаев; Зелимхан Байсаев; Нұрсұлтан Тұрдыбеков.