SelfBrandBook
Куцель Юрий. Чемпиондар – Ұлттың мақтанышы мен ген қоры...// Sport. №7 15.02.2000
«Акванавт» спорт клубының президенті, ардагерлер арасындағы біріншіліктердің талай мәрте жеңімпазы Юрий Сергеевич Куцель суда жүзу экономикалық және әлеуметтік географияне суда ескек аяқпен жүзу бойынша отыз жылдан аса жаттықтырушылық жұмысымен айналысады. Екі әлем чемпионын, оннан аса КСРО және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы чемпиондарын тәрбиелеген, сонымен қатар оның қолынан халықаралық біріншіліктердің ондаған жүлдегерлері қанат қаққан.
Жуырда біздің қаламызда осында жүлделі орындарды «Акванавт» спорт клубының тәрбиеленушілері жүлделі орындарды иемденген, Алматы қаласы әкімінің жүлдесіне ескек аяқпен жылдамдыққа суда жүзу бойынша ашық чемпионат өтті. Осы жаттықтырушының спортшыларының аттары біздің еліміздің шегінде де, шетелде де белгілі. Өйтпегенде ше. Георгий Панцулая – «акванавтардың» бірі – бұрынғы Одақтың жасөспірімдер арасындағы 18 мәрте чемпионы, 1993 жылғы Францияның Лион қаласындағы жасөспірімдер арасындағы екі мәрте әлем чемпионы, Азия чемпионаттарының екі мәрте жеңімпазы (Қытай). Ал енді жаттықтырушының жұмыс істеген уақытында қаншама жас жұлдызшалар жарқырап ашылды десеңізші – оларды санауға саусағыңыз жетпейді.
Айтпақшы, өткен жарыстарға әкімшілік өкілдерінің де, көрермендердің де, суда жүзушілердің өздерінің де көңілдері көншіді. Істің мерекелілігі мен ауқымы, оның рәсімделуі жігер беріп, рухтандырып тастады. Әкімшілік өкілдері, мұндай деңгейдегі жарыстарды көздері көрмегендігін атап кете, жарысқа ең жоғары баға берді.
Жүлделер мен марапаттар «Дизайн мода» агенттігінің аса асұлу үлгілерінің ілесуімен тапсырылды, қыздардың костюмдері, жүріас мәнері барша жұртқа ұнады. Спортшыларға, арнайы тапсырыс бойынша дайындалған және тамаша безендрілген марапат қағазынан өзге, қымбат әдебиет, «Достар» сауық клубының дәмді пицца тағамы, гүлдердің бірегей шоқтары берілді. Жүлдегерлер әсіресе осында ену, тағам, сусындар және, әрине, тамаша уақыт өткізу қоса берілетін «Достар» сауық клубына шақыру билеттерін алғандарына қуанышты болды. Сондай-ақ үш абсолютті көшбасшы спортшы «Алмапейджден» тегін қосылуы және жеңілдікпен қызмет көрсетуі бар пейджерлерді сыйлыққа алды. Ал суда жүзуші қыздардың біріне кабельді теледидарға қосылу мүмкіндігі берілді. Осы әрекет-істердің сауығының театрға қарағанда жақсырақ шыққандығы туралы пікірлерін айтты – осында келіп, бір де бір бала аулада іс тындырмай ары-бері жүргісі келмей қалатын осындай мейрамдар көп болса екен.
Шындығында да, осындай мерекелерде болған ұнайды, оларға қатысқан жанға жайлы, онымен де қоймай, олар қуаттарын, күштерін сарқып, өз республикаңның атағы мен абыройын асқақтатса, олар осыған лайықты болғанындай, неліктен мақтамасқа оларды...
Юрий Сергеевичтің айтуынша, «Акванавт» клубы ең алдымен біздің балаларымыздың назарын көшенің теріс әсерінен басқаға аударуға ойластырылған болатын. Әрі суда жүзудің жүректің, бауырдың, өкпенің ең жақсы профилактикасы екендігі де жеті қат жердегі құпия нәрсе емес. Балалар бұ л жерде таңертең, түсте және кешке екі сағат айналысады. Мұнда олар денсаулықтарын түзейді, қуат жинайды және жаттықтырушылар құрамы тарапынан мәпелеген жақсы қатынасқа бөленеді, оның үстіне бір бірімен тамаша қатынас орнатады.
Бассейнде суда жүзе және бұлтылдай отырып, олардың біреуінің басына темекі тартуға шығу немесе бір жерден арақ ұрттап алу келеді деп ойламаймын.
Юрий Куцельдің оны екі жыл бұрын шешесі алып келген он төрт жасар Володя Кораблин туралы айтқанын тыңдаған қызықты болды. Сол кезде, 97-ші жылы, оның денсаулығы керемет емес еді және ата-аналары Володяға суда жүзуге үйретіп, мүсінін түзетіп, толықтықтан арылуға көмектескенін қалаған еді. Ал енді қазір болса ол елдің ең жақсы спортшыларының бірі бт., ол 1-ші ересектер разрядын орындап та қойды. Володяның тек қана Қазақстанда өтіп қоймаған жарыстардан медальдары, басқа да наградалары бар.
Менің әңгімелесушім хабарлағанындай, жуырда, яғни 17 ақпаннан 23 ақпанға дейін Швецияда, Мальме қаласында ескек аякпен суда жүзуден Әлем кубогы үшін жарыс өтеді, оған басқалармен қатар «Акванавттан» төрт спортшы, Армияның орталық клубынан екі спортшы және су астында бағдар алу бөлімінен бір жұп қатысады. Олар Григорий Панцулая, Виктория Кривушина, Евгений Перунов, Николай Марусич, Юрий Куцель және басқалары. Бұл спортшылардың айтарлықтай тәжірибелі, кәсіпқой екендігін және өздерін көңілге үміт ұялататын нәтижелермен көрсете білгендерін атай кетейік.
Үміт отын жаққан суда жүзушілердің көбісі дәл осы мектептен болғандықтан, «Акванавт» спорт клубы №24. Жасөспірімдер мен балалардың спорт клубымен тығыз байланыс орнатқан. Айтпақшы, біреу біле бермесе – бұл спорт мектебінде кеме жасауды қоса отырып, көптеген қызықты секциялар бар. Әр ата-ана өз баласын іспен алдандырғанның қаншалықты маңызды екендігін біледі, өйткені ауланың әсері – күшті фактор, кішкене босаңсытып жіберсең, әуре-сарсаңнан арылмайсың. Бірақ, әрқашан осылай болып отырғанындай – бюджетте спорт үшін ақша жоқ, бар үміт демеушілерге ғана артылады.
- Юрий Сергеевич, сіздердің суда жүзуші спортшылар даярлаудағы жұмыстарыңызды азғана болса да жеңілдету үшін, бүгін нені өзгерткіңіз келер еді?
- Барлық жаттықтырушылар, спортшылар дене шынықтыру мен спорт туралы жаңа заң басып шығарған кезде онда республикадағы спортқа демеушілік етуші кәсіпкерлер, бизнесмендер көтере алмайтын салықтардан қорғалады деп күткен, үміттенген болатын, өкінішке орай, бұлай болмады. Ал енді заң актісінің авторлары тарапынан мысқалдай түсінушілік болғанда, жағдай біршама басқаша болар ма еді. Біздің спортшыларымыз мықты, олардың келешегі бар еді және салған қаржыны да, Отан алдында алған міндеттемелерін де ақтай алар еді ғой. Әдеттен тыс болса да, мұны көргілері келмейді. Ал енді қарап отырсаңыз, Қазақстанның ондаған, жүздеген спортшылары елімізден кетіп жатыр. Зор өкінішімізге орай, біздің бессайысшымыз Виктор Сватенко қазіргі бессайыс бойынша Америка Құрама Штаттарының құрамасын жаттықтырып жүр, басқа бір жаттықтырушы - отындасымыз Леонид Шейхат суда жүзу бойынша Израиль құрама командасын жаттықтыруда. Ал енді атақты шаңғышымыз Владимир Смирнов Швецияны жөн көрді... Қазақстанның спорт аренасын қалдырып кеткен аса мықты ұлылардың аттарын әрі қарай тізе берсек, олар айтарлықтай көп болар еді.
- Бірақ біздің оларды айыптауға құқымыз жоқ. Юрий Сергеевич, Сіз өз тәрбиеленушілеріңізбен танымал болған жаттықтырушысыз, Сізде осындай ұсыныстар болып па еді?
- Болған. Бельгияда аға жаттықтырушы Патрик Састренің, былайша айтқанымызда, Қазақстанда өзімнің жаттықтырушылығым үшін қанша алатындығымыды тәптіштеп білгісі келді де, 100 доллар (егер ағымнан жарылсам, сәл азырақ) деген жауабымды естіп, бір сағатқа ма? деп қайта сұрады. Менің – бір айға деген жауабыма ренжіп-ақ қалды. Міне, «орыстың аюы», бұл әңгіменің қаншалықты маңызды екендігін түсінбей-ақ отыр... Олар елдің ең жақсы жаттықтырушыларының бестгіне кіретін жаттықтырушының осыншама жалақы алатындығына сене алмайды. Шындығында, мен де мұны түсіндіре алмаймын, олар да мұны түсінбейді.
– Мен сіздің патриот екендігіңізді және жүрегіңізбен Қазақстан спортының дамуы үшін жаныңыз ашитындығын байқадым.
- Мен Сізге мынаны айтайын. 1993 жылы Францияда (Лион) Георгий Панцулаяны құрметтеген кезде біздің әнұранымыз шырқап, Қазақстан байрағы көкке көтерілген кезде (айтпақшы, байрақ атластан жасалған, өте бай, әдемі еді, бір сөзбен айтқанда шынайы болатын), сол сәтте менің жүрегім елжіреп, көзім жайнап кетті. Және де не сезінгенімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Патриотизм – бұл асыл сезім және де мен балалар мен қыздардың оны бойына сіңіргендерін қалаймын. Тағы да айтарым – суда жүзу таза қазақтың спорт түрі болмаса да, менің қазақ чемпиондарым баршылық. Егер шығыс спорт түрлерінен өзге, республиканың бет-келбетін спорттың басқа түрлерінен де көрсетсек, нұр үстіне нұр болар еді.
- Тамаша жауап. Рахмет!
- Мен, қайда болса да, спорт ареналарындағы жеңістер ұрыс алаңындағы жеңіске қарағанда, мемлекетке көбірек абырой әкеледі деп санаймын. Осыны ұмытпағанымыз жөн.
- Егер спорттың осы бір түрі XXVII жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілетін болса, онда...
- Иә, бұл жоспарлануда. Біздің Қазақстандағы және одан тысқары жердегі әртүрлі біріншіліктердегі көптеген жеңімпаздарымыздың – медальдарға нақтылы үміткерлер екендігін айтар едім. Бұған шүбә келтірмеңіз. Бірақ өсу, даму, беку үшін біз демеушілерге, қолдауға зәруміз. Айталық, спорт костюмдерінде өз өнімдерін жарнамалай отырып, кәсіпкерлер ешқашан да қапы қалмас еді...
- Бұл өзі көңіл сүйсінерлік әңгіме болды. Біздің бұл кездесуіміз соңғы емес деп ойлаймын. Жақында Сіз қазақстандықтардың Швецияда өнер көрсетуінің нәтижелерімен бөлісетін боласыз.
- Әрине, әрине. Бар игіліктерді тілеймін!
Сұхбаттасқан Руфия Қожағалиева, «Sport&Ks» газетінің арнайы корреспонденті
Куцель Юрий. Чемпиондар – Ұлттың мақтанышы мен ген қоры...// Sport. №7 15.02.2000
Сканерден өткізілген нұсқасы