SelfBrandBook
Жетістіктері
Институт өз әзірлемелерінің жаңашылдығына, сонылығына көп көңіл аударады, Институт қызметкерлері 958 авторлық куәлік (1945 ж. бері), 33 ресей патенттерін, Қазақстанның 11 патентін, 2 инновациялық патентін, 11 интеллектуалдық меншік куәлігін алды.
Д.А. Қонаев атындағы кен істері институты - кен өндірісін ғылыми техникалық қамтамасыз ететін Қазақстан және Орталық Азиядағы ірі ғылыми-зерттеу орталығы болып табылады. Магистратура, аспирантура, докторантура және ізденушілік арқылы ғылыми кадрлар дайындалады.
Институттың біліктілік деңгейін қазір 1 ҚР ҰҒА академигі, 2 ҚР МРА академигі, ХИА академигі, МРА корр.-мүшесі, 25 ғылым докторы (оның ішінде 16 профессор), 30 ғылым кандидаты, кен жұмыстарының ашық және жерасты қазу саласы тәжірибелі мамандары анықтайды. Институтта 250 қызметкер бар.
Соңғы 5 жылда институт 6 Халықаралық ғылыми-техникалық конференция ұйымдастырды, соның ішінде 4 конференция республиканың ірі-ірі кен өндіру кәсіпорындарында өткізілді: Д.А. Қонаев атындағы Кен Істері Институтының ұжымы«Қостанай минералдары» АҚ (Жітіқара қаласы, 2003 ж., 2005 ж.), «ССКӨБ» АҚ, (Рудный қаласы, 2004 ж.), «Қазхром» ТҰҚ» АҚ, (Хромтау, 2007 ж.). Бұл конференциялардың жұмысына Ресей, Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Индия, Польшадан мамандар қатысты.
Соңғы уақытта Институттың бірқатар қызметкерлері үкімет және ведомстволар наградаларын алды: «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын (т.ғ.д. А.М. Ткаченко), «Құрмет» орденін (академик Ш.А. Алтаев), «Ерен еңбегі үшін» медалін (т.ғ.д. Г.А. Прокушев), ҚР Құрмет грамотасын- 4 адам, ҚР құрметті «Халыққа білім беру қызметкері»-1, Индустрия және сауда министрлігінің «Кенші даңқы» омырау белгісі-19, «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» омырау белгісі - 4 қызметкер ие болды.
Қ.И. Сәтпаев атындағы сыйлықтың алғашқы лауреаты тау қысымы зертханасының меңгерушісі Қ.Х. Нұғманов болды (1989 ж.).
Қ.И. Сатпаев атындағы сыйлықтың лауреаттары: ҚР ҰҒА академигі Е.И. Рогов (1993 ж.); т.ғ.д. Д.Ғ. Бөкейханов, Т.М. Ермеков, С.И. Петрович (1996 ж.); т.ғ.д. С.А. Қалиев, А.И. Борщаговский (1999 ж.); т.ғ.д. С.Ж. Ғалиев, т.ғ.д. Н.С. Бүктіков, т.ғ.к. Д.Ш. Ахмедов (2003 ж.) болды.
Иститут 50 жылдан астам уақыттан бері «Кен өндірісін ғылыми-техникалық қамтамасыз ету» еңбектер жинағын шығарады, ол докторлық диссертациялардың негізгі қорытындыларын жариялауға ұсынылған ғылыми баспалар тізіміне кіреді.