Өмірбаяны

Туған күні: 28.02.1939
Туған жері: Көкшетау облысының Арықбалық (кейін Чистополь деп аталған) ауданының Сазановка ауылында тұған.
Тұратын жері: Алматы қ., Қазақстан.

Дюсембаев Кәкім Шаяхметұлы Қазақстан Республикасындағы аудит  және аудиторлық iсiнiң дамытуына салмақты үлес енгiздi.

1996 жылдан 2008 жылға дейін Т.Рысқулов атындағы КазЭУ-дегі жұмысын «Айаудит»аудиторлық ұйымының директоры міндетін атқарұмен үйлестіріп, Қазақстан Республикасында аудиттің қалыптасуы мен дамуына белгілі бір үлес қосты.

2007-2009 жылдары ол қазақ және орыс тілдерінде шығатын «Қаржы менеджменті» журналының бас редакторы болып істеді.

ҚР БжҒМ ЖАК шешімімен 2001 жылда экономикалық ғылымдарының докторы деген ғылыми дәрежесi берілді.

2002 ж. ҚР БжҒМ ЖАК шешімімен «Экономика» мамандағы бойынша профессор ғылыми атағы берілді.

2000 ж. Қазақ мемелекеттік басқару академиясында экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін 08.00.10 – Қаржы, ақша айналымы және кредит; 08.00.12 – Шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есебі, аудит, бақылау және талдау мамандықтарының тоғысында «Қаржы басқару жүйесіндегі аудит және талдау: теориясы мен әдіснамалығы» тақырыбында диссертация қорғады.

№14-шi 1999 жылдың 2 ақпанындағы Аудиторлар палатаның кеңесiнiң қаулысымен Қазақстан Республикасындағы аудит және аудиторлық iстiң дамытудың төңiректерiндегi зор еңбекте Қазақстан Республикасының палатасының Құрметтi мүшесi болып марапатталған.

1994-1998 жж. Қазақстан Республикасының тексерушiлерiнде кандидаттардың iскерлiк сараптауы арналған Аудиторлар палатасы, мамандықты бағалайтын қомиссияның кеңестiң мүшеcі болды. Осы жылдары аудит теориясы, қаражатпен басқару жүйесiндегi тексеру және талдау есеп берудi тексеру және қаржылық талдау оқулық, оқу құралы оқулық, монография жарияланды.

1994-1998 жж. Қазақстан Республикасы аудиторлар палатасы кеңесінің, Қазақстан Республикасын аудиторларға кандидаттарды аттестациялау жөніндегі біліктілік комиссиясының мүшесі және АХШИ есеп-экономикалық факультеті кеңесінің мүшесі.

1993жылдан 2000 жылға дейін бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының доценті, ал 2001 жылдан осы кафедраның профессоры болып істейді.

Алматыдағы желтоқсан оқиғаларының салдарынан  факультет деканыны қызметiнен босатылды, бiрақ көп кешікпей (1989-1993 жж.)  өнеркәсiптегi бухгалтерлiк есеп және шаруашылық қызметін талдау кафедрасын басқарды.

КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы атынан халық депутаттары Алматы қалалық кеңесі аткомның 1989 жылдың 16 тамызындағы шешімімен «Еңбек ардагерi» медалімен марапатталды. Сол жылы халыққа бiлiм беру жүйесіндегі көп жылғы жемісті мен қоғамдық өмірге белсене араласқаны үшін  Қазақ КСР Халыққа бiлiм беру министрлiгiнiң құрмет грамотасымен марапатталды. Осы жылдарда ол белсендi насихат жұмысын одан әрі жалғастырды, сол үшін Алматы облыстық  партия комитетінің  Үстел үстіне қоятын медалімен марапатталды.

1983-1987 жж. АХШИ Есеп-экономикалық факультетінің деканы қызметін атқарды. Осы қызметте жүріп ол факультет оқытушы-профессорлар қурамы мен студентерінің зор сүйіспеншілігіне ие болды, үлкен ұйымдастырушылық қабілетін танытып, жатақханада өзін-өзі басқаруды енгізді, студенттердің дербес жұмысын, олардың мәдени демалысы мен спорт өмірін жандардырды. Факультет ұдайы жоғары оқу орнының қызметінде жүлделі орындарға ие болып отырды, ал оның деканы мамандар даярлаудағы адал және жемісті жұмысы, ұжымның социалистік жарысында жоғары жетістіктерге жеткені, белсенді ғылыми жұмысы мен қоғамдық қызметі үшін АХШИ ректоратының, парткомы мен кәсіпкомының Құрмет грамоталарына төрт рет ие болды.

1979 ж. МХР-дағы кеңес мамандарының арасында маркстік-лениндік теорияны насихаттауға белсене қатысқаны, жұмысты жақсы істеп, қоғамдық өмірге белсене араласқаны және кеңес-монғол достығын нығайтқаны үшін МХР-дағы КСРО Елшілігі жанындағы парком мен кәсіпкомның Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Монголияның Ұлы Халық Хуралы оны  «Найрамдал» (Достық) медалімен, ал МХР-дың жоғары кәсіподақ органы – алтыншы бесжылдық екпіндісінің төске тағатын белгісімен марапаттады.

Жоғарғы оқу орнының ұжымындағы жемісті ғылыми, оқу-тәрбие жұмысы үшін оған Монғол мемлекеттік университетінің ректораты мен кәсіпкомның Құрмет грамоталары тапсырылды.

Кеңес жоғарғы мектебінің жетістіктерінің шетелде насихаттау жөніндегі жемісті үшін 1977 ж. КСРО Жоғарғы және арнаулы орта білім министрлігінің Құрмет грамотасымен, ал жоғарғы өндірістік көрсеткіштері үшін – МХР-дағы КСРО Елшілігі жанындағы партком мен кәсіпкомның Құрмет грамотасымен марапатталды.

1975-1979жж. КСРО жоғары білім министрлігінің жолдамасы бойынша Монғол мемлекеттік университетінде бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметін талдау бойынша оқытушы –консультант болып жұмыс істеді. Өз Отанының шынайы патриоты ретінде ол мұнда қыруар  оқу, насихат және тәрбие жұмысын атқарды, жоғары ғылыми – теориялық және әдістемелік деңгейде жоғары курс студенттерінің арасында насихаттық және тәрбиелік жұмыс жүргізді, университеттің экономикалық және тәрбиелік жұмыс жүргізді, университеттің экономикалық және сауда экономикалық факультеттерінің оқытушыларына лекция оқыды. МХР-дағы КСРО Елшілігі парткомның тапсыруы бойынша кеңестік және монғолдық аудиториялардың алдында әртүрлі тақырыптарда, атап айтқанда, СОКП экономикалық саясатының келелі мәселелері,  кеңес және монғол халықтарының достығы, Кеңестік Қазақстан, Монғол халқының тұрмысы, салт-санасы мен дәстүрі туралы лекция оқыды, әртүрлі ғылыми-практикалық және әдістемелік конференцияларға белсене қатысты. МХР ЖОО-да жұмыс істеген кеңестік мамандар тобының партбюро мүшесі және жерком төрағасы, саяси ағарту тарапынан насихатшылар семинарының жетекшісі, кеңестік мамандардың балаларына арналған №8 орта мектептің жалпымектеп комитетінің мүшесі және класс ата-аналар комитетінің торағасы болды.

1972-1975 жж. Қоғамдық жұмысқа белсене қатысты. Факультет партбюросының мүшесі болды, Республикалық «Білім» қоғамының тарапынан еліміздің әртүрлі аудиторияларында, қалаларында лекция оқыды, Алматы қаласында марксизм-ленинизмнің және СОКП саясатының насихатшысы болып істеді.

Проф. М.Е.Бутиннің ғылыми жетекшілігімен 1966 ж. Кандидаттық диссертация қорғады, ал 1971 ж. КСРО Жоғары Аттестациялық Комиссиясы оған доцент ғылыми атағын берді.

Университет экономика факультетінің негізінде Алматы Халық шаруашылығы институтының құрылуымен байланысты аспирантурадағы оқуын осында жалғастырып,  оны 1964 ж. бітірді. Қазақ КСР Жоғары және арнаулы орта білім министрлігінің жолдамасы бойынша АХШИ-де бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметін талдау кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеді.

1956 ж. Арықбалық ауданындағы Тахтаброд орта мектебін бітірген соң С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің экономика факультетіне оқуға түсті. Бұл партия мен үкімет жастарды экономикалық білімдерді игерүге шақырған кезең болатын. «Бухгалтерлік есеп» мамандығын таңдаған ол оқуға ынты-шынтымен кірісіп, студентер ортасында тез жатығып кетті, I курстың (ағымның) старостасы , комсомол бюросының мүшесі болып сайланды, факультеттің көркемөнер үйірмесіне және спорттық шараларына белсене қатысты. Ол С.А. Нейштад, И.М.Бровер, Т.Ш.Шаукенбаев, М.Е.Бутин, Д.К.Қабдиев сияқты профессорлардың лекцияларын тыңдап, тәлім алды.

Ғылыми-педагогикалық қызметінің өн бойында ол 270,3 б.т. көлемінде 118 ғылыми еңбек жариялады, оның ішінде 1 оқулық, 5 оқу құралы, 8 монография мен кітапша бар, жалпы көлемі 17,4 б.т. 12 ғылыми-әдістемелік еңбектері жарияланды.

К.Ш.Дюсембаев ұзақ жылдар бойы кандидаттық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестердің мүшесі болды, содан кейін ғылым докторы ғылыми дәрежесіне диссертация қорғау жөнінде Д 14.45.10 диссертациялық Кеңестің мүшесі және осы  Кеңес төрағасының орынбасары болды.

Оның ғылыми жетекшілігімен 13 кандидаттық диссертация қорғалды, соның екеуі шетелдік (МХР мен Сирия) ізденушілерінің диссертациялары.

Ол халықаралық, бүкілодақтық және республикалық ғылыми-практикалық және әдістемелік конференцияларда, кеңестер мен форумдарда талай рет баяндама жасады.

Оқытушы-профессорлар құрамы, студентер, достары мен туыстары оны біліктілігі жоғары маман, білімді ұстаз, адал дос, аңқылдаған ақкөңіл адам ретінде құрметтеп, жоғары бағалайды.

Ақпараттың соңғы жаңартылуы 17.06.2011