Дюсембаев Кәкім Шаяхметұлы
SelfBrandBook
Жетістіктері
Дюсембаев Кәкім Шаяхметұлы Қазақстан Республикасындағы аудит және аудиторлық iсiнiң дамытуына салмақты үлес енгiздi.
2007-2009 жылдары ол қазақ және орыс тілдерінде шығатын «Қаржы менеджменті» журналының бас редакторы болып істеді.
Қосқан үлесі үшін:
- 1999 ж. Қазақстан Республикасының палатасының Құрметтi мүшесi болып марапатталған.
- 1989 ж. «Еңбек ардагерi» медалімен марапатталған.
- 1989 ж. Қазақ КСР Халыққа бiлiм беру министрлiгiнiң құрмет грамотасымен марапатталды.
- 1979 ж. МХР-дағы кеңес мамандарының арасында маркстік-лениндік теорияны насихаттауға белсене қатысқаны, жұмысты жақсы істеп, қоғамдық өмірге белсене араласқаны және кеңес-монғол достығын нығайтқаны үшін МХР-дағы КСРО Елшілігі жанындағы парком мен кәсіпкомның Құрмет грамоталарымен марапатталды.
- Монголияның Ұлы Халық Хуралы оны «Найрамдал» (Достық) медалімен, ал МХР-дың жоғары кәсіподақ органы – алтыншы бесжылдық екпіндісінің төске тағатын белгісімен марапаттады.
- Кеңес жоғарғы мектебінің жетістіктерінің шетелде насихаттау жөніндегі жемісті үшін 1977 ж. КСРО Жоғарғы және арнаулы орта білім министрлігінің Құрмет грамотасымен, ал жоғарғы өндірістік көрсеткіштері үшін – МХР-дағы КСРО Елшілігі жанындағы партком мен кәсіпкомның Құрмет грамотасымен марапатталды.
1994-1998 жж. Қазақстан Республикасы аудиторлар палатасы кеңесінің және Қазақстан Республикасын аудиторларға кандидаттарды аттестациялау жөніндегі біліктілік комиссиясының мүшесі болды.