Өмірбаяны

Туған күні: 17 ақпан, 1941 ж.

Туған жері: Атырау қ., Қазақстан.

Қазір тұратын жері: Алматы қ., Қазақстан.

Ибрагимова Роза Сафиоллақызы ─ медицина ғылымдарының докторы, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті  хирургиялық стоматология кафедрасының профессоры.

Роза Сафиоллақызы ─ медицинадағы жаңа бағыт - Қазақстан Республикасындағы нейростоматологияның негізін қалаушы. Ол «Церебральды сал ауруымен ауыратын балалардың тістерінің жай-күйі» атты тақырыпта кандидаттық диссертация жазды. Бұл КСРО-дағы церебральды сал ауруымен ауыратын балалардың стоматологиялық мәртебесіне арналған бірінші жұмыс болды. Автор балалардағы церебральды сал ауруы әсерінен болатын (антиденелік, натальдық немесе постнатальдық) патологиялық факторларды анықтады онымен қоса бұл балалардың тістерінің тісжегілік және тісжегілік емес зақымдануы оның тісжегі патогенезі туралы тұжырымына негіз болды.

Тәжірибелі педагог. Дәрістерін түсінікті, әсерлі оқиды, аудиторияны баурап алады. Өзінің педагогикалық қызметінің негізгі мақсаты интерн-дәрігерлердің клиникалық ойлауы мен тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру деп санайтындықтан, тәжірибелік сабақтарда білім алушыларды тақырыпты талдауға және науқастарды емдеуге қатыстырып отырады.

Роза Сафиоллақызы ─ педагогикалық, ғылыми және хирургиялық қызметімен қоса бет-әлпет жүйкесі мен шықшыт буыны ауыруларымен өте қатты ауыратын науқастарға күн сайын көмек көрсететін,  денсаулы сақтау жүйесінде өзіндік орыны бар, жоғары білікті дәрігер, клиникашы. Мұндай науқастармен жұмыс істеу аса шыдамдылықты, адамдармен тіл табыса алудың жоғары дегейін, «дәрігер-науқас» жүйесінде қатынас жасай білуді талап етеді. Бұл патологияны кешенді емдеуде ол рефлексті терапияны, мануальды терапияны, соның ішінде краниальды остеопатия әдістерін әсерлі қолданады.

Сонымен қатар ол науқастың жергілікті жансыздандыратын дәрі-дәрмекке аллергиясы болған жағдайда, әртүрлі стоматологиялық іс-әрекетті ауыртпай жүргізу үшін, рефлексаналгезияны белсенді қолданады.

Әдістемелік жұмыстарға белсене араласады. Ол «Нейростоматология» және «Стоматологиядағы ЕДТ» пәндерін оқытудың барлық әдістемелігін қамтамасыз етті, бірнеше әдістемелік нұсқаулықтар мен оқу құралдарын шығарды. 20 жыл бойы хирургиялық стоматология кафедрасында оқу ісінің меңгерушісі болды. Ол дәрігер-стоматологтың біліктілік сипаттамасы мен типтік бағдарламалар және мемлекеттік стандарттар жасауға ат салысты, стоматологиялық білім беруге қатысы бар бірқатар мақалалардың авторы (еншілес авторы).

Роза Сафиоллақызының «Шықшыт буынының ауыру дисфункциясын анықтау және оны альтернативті әдістерді қолданып емдеу» атты докторлық диссертациясы қазіргі стоматологияның өзекті мәселелеріне арналды. Шықшыт буынының ауруы тұрғындардың 20-76%-нда кездеседі, олардың 70-89% ауру функциясы синдромы болып келеді. Бұл, өкінішке қарай, стоматологтар ғана емес, басқа да мамандық дәрігерлері - невропатологтар да, оториноларингологтар да, писхиатрлар да, психотерапевттер де, эндокринологтар да және т.б. кездестіретін өте күрделі әрі нақтама (диагностика) қоюы өте қиын аурудың бір түрі. Тіпті науқас медициналық көмекке дер кезінде жүгінсе де, көп жағдайда оны анықтау қиынға соғады, яғни емделмейтін ауру болып қала береді. Р.С.Ибрагимова осы ауырудың 40%-ның ятрогендік сипатын анықтады. Ол ─ осы патологияның дамуына әкеп соғатын қателіктер мен асқынуларды жіктеген автор. Оның дайындап, енгізген шықшыт буыны ауруына анықтау алгоритмі және оны кешенді емдеу стандарттары практикалық денсаулық сақтау үшін аса құнды.

Республикалық ғылыми-практикалық конференциялар мен халықаралық форумдарда үнемі баяндама жасайды. Қазақстанның, Ресейдің, Өзбекстанның әртүрлі басылымдарында жарық көрген 120 ғылыми жұмыстың, 6 өнертабыстың авторы.

Білімі:

1966-68 жылдары АММИ-дың ортопедиялық стоматолия кафедрасында клиникалық ординатурада оқыды.

1964 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының (қазіргі С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті) стоматология факультетін тамамдады.

Роза Сафиоллақызы 1959 жылы орта мектепті бітірді (Гурьев қ-сы.).


Отбасы:

  • Жолдасы ─ Азербаев Надир Адулқадырұлы, геолог, геология-минералогия ғылымдардарының докторы.
  • Баласы - Ренат ─ «Ұшу аппараттарының қозғалтқыштары» мамандағы бойынша инженер-механик.
  • Немерелері Руслан мен Эрик ─ мектеп оқушылары.

Хобби:

Музыкамен айналысады, тамаша дауысы бар, белсенді демалуды, қыста тау шаңғысын тебуді ұнатады.

Өмірлік негізгі ұстанымы ─ өмірді сүю, жақсылық жасау, мұқтаж адамдарға көмек көрсетуге асығу.

Педагог ретінде бұрынғылардың: «Шәкірт ─ ішін толтырып қоятын қауақ емес, жаға алсаң, лаулап жанатын алу» деген ұстанымын, ал дәрігер ретінде ─ жан тазылығы, біреудің қайғысына ортақ болу және жанын салып жұмыс істеу ұстанымын тұтынады.

Ақпараттардың соңғы жаңартылуы 27.10.2009