SelfBrandBook
Жетістіктері
Роза Сафиоллақызы ─ медицинадағы жаңа бағыт - Қазақстан Республикасындағы нейростоматологияның негізін қалаушы. Ол «Церебральды сал ауруымен ауыратын балалардың тістерінің жай-күйі» атты тақырыпта кандидаттық диссертация жазды. Бұл КСРО-дағы церебральды сал ауруымен ауыратын балалардың стоматологиялық мәртебесіне арналған бірінші жұмыс болды. Автор балалардағы церебральды сал ауруы әсерінен болатын (антиденелік, натальдық немесе постнатальдық) патологиялық факторларды анықтады онымен қоса бұл балалардың тістерінің тісжегілік және тісжегілік емес зақымдануы оның тісжегі патогенезі туралы тұжырымына негіз болды.
Әдістемелік жұмыстарға белсене араласады. Ол «Нейростоматология» және «Стоматологиядағы ЕДТ» пәндерін оқытудың барлық әдістемелігін қамтамасыз етті, бірнеше әдістемелік нұсқаулықтар мен оқу құралдарын шығарды.
Ибрагимова Роза Сафиоллақызы ─ медицина ғылымдарының докторы, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті хирургиялық стоматология кафедрасының профессоры. Жоғары санатты дәрігер.
Үздік еңбегі үшін:
- «Еңбек ардагері» медалімен,
- «КСРО өнертапқышы»,
- «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі және куәлігімен,
- ҚазҰМУ-дың «Медицина білімінің дамуына қосқан үлесі үшін» атты алтын медалімен марапатталған.