Өмірбаяны

Туған күні: 17 ақпан 1972 ж.

Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Абай ауылында дүниеге келген.

Қазір тұратын мекені: Шымкент қ. Қазақстан.

  • 2008 жылдың 17 сәуірінен бастап қазіргі уақытта Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы болып қызмет атқарады.
  • 2000 жылдың 18 қаңтарынан бастап 2008 жылдың 15 сәуіріне дейін ШФ «Казкоммерцбанк» АҚ-ның қауіпсіздік бөлімінің инкассация қызметінің бастығы болып істеген.
  • 1997 жылдан бастап 2000 жылдар арасында «Динамо» сауықтыру спорт кешенінде спорттан инспектор болып істеген. Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі Істер бас басқарма полициясының аға лейтенанты, сондай-ақ ОҚО кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебінің жаттықтырушы-оқытушы болып қызмет атқарған.
  • Еңбек жолын 1994 жылы Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрлігінде спорттан нұсқаушы болып бастаған.

Сманов Нұржан Дініқұлұлының өмірбаяны спортпен байланысты. Ол 1987 жылы 15 жаста бокстан Кеңес Одағының Чемпионы және КСРО спорт шеберін алған.

18 жасында Еуропа Чемпионы, Еуропаның «Үздік боксері» атанған. 1988 жылы  Халықаралық дәрежедегі КСРО спорт шебері, 1995 жылы «Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген спорт шебері» атағын алған.

Халықаралық аренада спорттан елеулі жетістіктерге жетіп, ел намысын қорғап, талай-талай Қазақстан Республикасының ән ұранын шырқатып, туын желбіреткен.

Сманов Нұржан Қазақстанның 6 дүркін чемпионы, КСРО-ның 4 дүркін чемпионы, Азия және Азия ойындарының 2 дүркін чемпионы, Еуропа чемпионы, Әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері. Алтын белбеу иегері.

1996 жылы Атлантада (США) өткен Олимпиада ойындарының қатысушысы (5 орын). Қазақстан құрама командасын басқарып 5 жыл ұлттық құрама командасының капитаны болған.

Өзінің 15 жылдық спорттық карьерасында 52 медаль ұтып алған. Оның ішінде: 35 алтын, 9 күміс, 8 қола медальдарының иегері.

Сманов Нұржан жастардың тәрбисінде үлкен орын алады. Жастарға спортты насихаттауда, салауатты салтын қалыптастыруға үлкен қызмет атқаруда.

Отбасылы, 4 ұл, қыз тәрбиелеуде.

Білімі:

  • 2008 жылы Шымкент әлеуметтік-педогогикалық университетінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітіріп, дене шынықтыру және спорт біліктілігі және бакалавр академиялық дәрежесі берілген.
  • 1998 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде «Құқықтану» мамандығын бітіріп, заңгер біліктілігін алған.
  • 1989 жылы Қазақ химия-технологиялық институтына оқуға түскен, 1994 жылы инженер-экономист мамандығы бойынша бітірген.

Ақпараттардың соңғы жаңаруы 20.04.2009