Жетістіктері

Сманов Нұржан Дініқұлұлы бокстан Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген спорт шебері.

Қазақстан Республикасыны Президентінің стипендиасына ие болған.

Оңтүстік-Қазақстан Облысының Сарыағаш ауданының және Шымкент қаласының «Құрметті азаматы» атағына ие.

Сманов Нұржан Дініқұлұлы халықаралық аренада спорттан елеулі жетістіктерге жетіп, ел намысын қорғап, талай-талай Қазақстан Республикасының ән ұранын шырқатып, туын желбіреткен. Сманов Нұржан Қазақстанның 6 дүркін чемпионы, КСРО-ның 4 дүркін чемпионы, Азия және Азия ойындарының 2 дүркін чемпионы, Еуропа чемпионы, Әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері. Алтын белбеу иегері.

Қазақстан құрама командасын басқарып 5 жыл ұлттық құрама командасының капитаны болған.

  • 1996 жылы Атлантада (США) өткен Олимпиада ойындарының қатысушысы (5 орын).
  • 1995 жылы «Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген спорт шебері» атағын алған.
  • 1988 жылы  Халықаралық дәрежедегі КСРО спорт шебері.
  • 18 жасында Еуропа Чемпионы, Еуропаның «Үздік боксері» атанған.
  • 1987 жылы 15 жаста бокстан Кеңес Одағының Чемпионы және КСРО спорт шеберін алған.

Өзінің 15 жылдық спорттық карьерасында 52 медаль ұтып алған. Оның ішінде: 35 алтын, 9 күміс, 8 қола медальдарының иегері.