Жетістіктері

Фарида Мерхамитқызы «Ерке-Нұр» кәсіпорнының негізін қалаушысы.

Фарида Мерхамитқызының басшылығымен «Ерке-Нұр» кәсіпорны көптеген сый-сыйапаттарға ие болды:

    • 2008 жылы II-ші дәрежелі  «Алтын сапа» белгісіне ие болды.
    • 2008 жылы әлемдегі ең сапалы бұйым шығаратын үздік сауда маркасын анықтайтын Францияның Other Ways менеджмент және консалтинг Халықаралық қауымдастығының «Кемелді, жоғары сапалы және таңғажайып жұмысы үшін» берілетін «Платиновая булавка» халықаралық сыйлығын жеңіп алды.
    • «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының халық таныған сапа белгісі «Мінсіз» тауар үшін белгілеген арнайы дипломымен марапатталған.
    • 2007 жылдың қорытындысы бойынша Алматы қаласы кәсіпкерлерінің арасында «Ең үздік кәсіпкер әйел» атағына  және «Жыл таңдауы» байқауының қорытындысы бойынша «Ең үздік сән орталығы» марапатына ие болды.
    • Алматы қаласы әкімінің ІІ-ІІІ-ші  дәрежелі «Өнімнің жоғары сапасы үшін» дипломымен және Алматы облысы әкімінің мақтау хатымен марапатталған.
    • «Ерке-Нұр» кәсіпорыны 2003 жылы Астанада дүниежүзілік сапа күні құрметіне өткен тауар көрмесінде «Қазақстанның ең үздік тауары» дипломына ие болды.

      «Ерке-Нұр» компаниясының президенті Фарида Мерхамитқызы 2001 және 2009 жылдары 8 наурызда Алматы қаласының танымал әйелдері қатарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болып, өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салған.

      Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай Н.Назарбаевтың Алғыс хатымен және  Ата заңымыздың 10 жылдығына, Астана қаласының 10 жылдығына  арналған мерекелік медальдармен марапатталған. Сонымен қоса 3-ші деңгейлі «Атамекен» медалінің иегері.