Өмірбаяны

Туған күні: 03.04.1945
Туған жері: Зайсан қ., Шығыс Қазақстан облысы.
Тұратын жері: Алматы қ., Қазақстан

Германиядағы, Бельгиядағы, Голландиядағы халықаралық жарыстардың сан мәрте жеңімпазы және жүлдегері.

Юрий Куцель – жоғары категориядағы жаттықтырушы, «Акванавт» спорт клубының президенті және негізін қалаушысы болып табылады.

Еңбек жолы:

  • 1984 жылдан бастап – ескек аякпен суда жүзу бойынша жаттықтырушы.
  • 1968 жылы Қазақ Мемлекеттік дене шынықтыру институтын аяқтады.
  • 1967 жылдан бастап – суда жүзу бойынша жаттықтырушы.
  • 1964-1967 жылдары армия қатарында әскери борышын өтеді.

«Акванавт» қазақстандық спорт клубының» негізгі міндеті балалар мен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, балаларды суда жүзуге тарту, оларды ірі халықаралық жарыстарға қатысу арқылы жоғары спорттық нәтижелерге тарту болып табылады.

Қазіргі таңда клубта 60-тан астам жасөспірім спортпен, суда жүзумен айналысуда, олардың арасында спорт шеберлері және спорт шеберлігіне кандидаттар, Қазақстан чемпиондары, еліміздің рекордшылары, Әлем, Азия чемпиондары, Әлем және Еуропа Кубоктарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар.

  • Павел Гнездо – суда жүзу жөніндегі КСРО жасөспірімдер біріншілігінің күміс жүлдегері;
  • Сергей Лупач - суда жүзу жөніндегі КСРО жасөспірімдер біріншілігінің қола жүлдегері;
  • Георгий Панцулая – жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионы, Азия чемпионы, Әлем кубоктарының жеңімпазы және жүлдегері, ескек аякпен суда жүзу бойынша Қазақстан Республикасының чемпионы және рекордшысы;
  • Борис Григорьев – 1996 жылғы Чехияның Либерец қаласындағы Әлем Кубогының жеңімпазы;
  • Николай Марусич - Әлем және Еуропа Кубоктарының үш мәрте жеңімпазы;
  • Николай Югай – Словенияның Марибор қаласындағы Әлем Кубогының жеңімпазы және Венгрияның Капошвар қаласындағы Әлем Кубогының қола жүлдегері.

Өзінің: «Жаңа мыңжылдыққа – дені сау ұрпақ» атты ұранын басшылыққа ала отырып, Юрий Сергеевич өсіп келе жатқан ұрпақты спортпен байсалды айналысуға тартады, маскүнемдіктен, есірткіден, ұрлықтан, бандитизмнен және басқа да зиянды әдеттерден көңілдерін аулауға тырысады.

«Акванавт» спорт клубының қоржынында мынандай наградалар бар:

  • 2002 жыл, Мальме қаласы – Швеция, Әлемнің күміс кубогы;
  • 2009 жыл, Әлем Кубогының қола жүлдегерлері – Стамбул – Түркия.
  • 2011 жыл - 6-шы орын, Әлем кубогы, Лейпциг қаласы – Германия, 19 адам.

2009 жылғы Әлем кубогының қола жүлдегерлері:

  • Александр Макаров;
  • Асхат Айтбаев;
  • Зелимхан Байсаев;
  • Нұрсұлтан Тұрдыбеков.

Отбасы:

Жұбайы – Куцель Ирина Дмитриевна, музыка және әлемдік көркем мәдениет оқытушысы.

Ұлы – Куцель Дмитрий Юрьевич, Спорт және Туризм Академиясының, Халықаралық Бизнес Академиясының түлегі.

Ұлы – Куцель Сергей Юрьевич, Сәулет және Құрылыс Академиясының түлегі. Бельгиядағы ескек аякпен суда жүзу бойынша халықаралық жарыстардың жүлдегері.

Ақпараттың соңғы жаңаруы 03.07.2009