Өмірбаяны

Туған күні: 4 қырқүйек, 1937 ж.

Туған жері: Кішкентай ауылы, Еңбекшілдер ауданы, Көкшетау (қазіргі Ақмола) облысы.

Қазір тұратын жері: Алматы қ. Қазақстан.

Алдашев Ахмет Алдашұлы қазіргі кезде Тағамтану ғылыми-зерттеу институтының «Гигиена және медициналық экология» кафедрасының меңгерушісі. Қазақстан дәрігерлері мен провизорлары Ассоцияциясының вице-президенті.

Ахмет Алдашұлының ғылыми ізденістері негізінен тағамтану мәселесіне арналған. Соның ішінде әсіресе екі мәселеге жіті көңіл бөлуге тура келді.

Бірі витаминдердің адам организміне жеткіліксіздігі тек қана олардың тағам қүрамындағы мөлшеріне ғана байланысты емес, тағы да толып жатқан тағами дисбаланс пен басқа да жағдайлардан екені түбегейлі тексеріліп анықталды.

Екіншісі түрлі экстремалдық жағдайларда және экологиялық қолайсыздықтарда қалай дұрыс тамақтану жолдарын іздестіріп, ұсыныстар берілді.

230 ғылыми еңбектері жарық көрді. Оның ішінде 6 ғылыми монографиялар, 4 оқу құралы және үш көпшілікке арналған ғылыми еңбектер бар. Әдеби жанрларға арналған 7 кітабы да жарық көрді.

Алыс-жақын шет елдерде 16 ғылыми мақалаларым әр-түрлі басылымдарда шықты.

Алдашев Ахмет Алдашұлы Қазақстан Республикасының «мемлекеттік силығының» иегері, «Ғылымға еңбек сіңірген қайраткер» атағы бар, профилактикалық медицина Академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор. Бүкілодақтық «Білім» қоғамының қүрмет кітабына жазылып, оның медалімен марапатталды.

  • 1998 жылы - «Парасат».
  • 1988 жылы - «Знак почета» ордендерімен.
  • әр жылдары 4 медальдармен марапатталған.

Әр жылдары әр - түрлі қоғами жүмыстарға белсенді қатысты. Республикалық «Білім» қоғамының президиум мүшесі және медицина секциясының басқарушысы, «Қазақ ұлттық энциклопедиясының» медицина жөніндегі кеңесшілер тобының басқарушысы, Алматы қалалық маслихатының депутаты және ең бірінші сессиясының төрағасы, Алматы қаласының салауаттылық қоғамының төрағасы т.б. с.с. қызметтерді атқарды.

Ахмет Алдашұлының еңбек жолы:

  • Қазір Тағамтану ғылыми-зерттеу институтының «Гигиена және медициналық экология» кафедрасының меңгерушісі.
  • 1982-2001 жылдары Тағамтану ғылыми-зерттеу институтының Ректоры және Гигиена кафедрасының меңгерушісі болды. Бұл жылдары институт бүкіл ССРО-дағы осы типтес мекемелерінің алдыңғы дәрежелі бесеуінің қатарына көтерілді.
  • 1982 жылдан қазірге шейін Дәрігерлердің білімін жетілдіру иснтитутында жұмыс атқарып келеді.
  • 1975-82 жылдары Тағамтану ғылыми-зерттеу институтының алғашқыда директорының орынбасары, ал 1980-жылдан директоры және сол мекеменің витаминология мен тағам биохимиясы бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.
  • 1973-1975 жылдары өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтының директорының ғылыми орынбасары және Республикалық клиникалық аурухананың бас дәрігері қызметтерін қоса атқарды.
  • 1973 жылы белгілі ғалымдар Т.Ш. Шарманов пен А.А. Покровскийдің басқарушылығымен халықтың тағамының дұрыс қалыптасу түрғысындағы ұсыныстардың физиологиялық және биохимиялық ғылыми дәледемелеріне арналған докторлық диссертация қорғады.
  • 1966-1973 жылдары Алматыдағы Өлкелік патология ғылымизерттеу институтының витаминология бөлімін басқарды.
  • 1966 жылы белгілі ғалым Я.А. Лазаристің басқарушылығымен – «Су мен тұз алмасуы өзгеруінің өкпенің суланып ісіну патогенезіндегі рөлі» - атты тақырыпқа арналған кандидаттық диссертация қорғады.
  • Институтты бітіргеннен кейін жүмысты учаскелік дәрігерліктен бастады. 1962-1966 жылдары Қарағанды медицина институтының патологиялық физиология кафедрасында сабақ берді.

Студенттік кезде де қоғами жүмыстарға қатысып жүрді. Курстың комсоргі, қалалық кеңесінің депутаты т.б. т.с.с. қоғами жүмыстарға белсенді қатысты.

Бастауыш мектепті өз ауылында оқып, одан кейін Степняк қаласында, ал соңғы классты 1954 жылы Ермак (қазіргі Ақсу) селосында (Павлодар облысы) аяқтады. 

Білімі:

1954 -1960 Қарағандының медицина институтына түсіп, емдеу факультетін тәмәмдады.

Отбасылық жағдайы:

  • Жұбайы - Роза Ахметжанқызы, 1937 жылы туған, инженер-энергетик. Қазір демалыста.

Бес қызы бар:

  • Жаннат - медицина ғылымдарының кандидаты, терапевт, доцент.
  • Ләззат -биология ғылымдарының кандидаты, менеджер.
  • Майя - медицина ғылымдарының докторы, профессор, стоматолог.
  • Нәйлә - медицина ғылымдарының кандидаты, окулист.
  • Әлиә - Менеджер.

8 немересі бар.

Хоббилері:

  • Домбыраға қосып қазақтың халық әндерін айтуды жақсы көреді. Әсіресе Арқаның әндерін, соның ішінде Біржан-салдың, Ақан-серінің, Сегіз серінің әндерін жиын-тойларда айтады.
  • Өлең жазады.
  • Биллиард ойнайды.

Ахмет Алдашұлының бүкіл еңбек жолы негізгі екі мәселеге арналды.

Бірі, ол елімізде тағамтану ғылымының ірге тасын қаласуға және оның қарқынды дамуына ат салысты. Соның нәтижесінде біраз халық денсаулығын жақсартуға бағытталған ұсыныстар жасады.

Ал, екіншісі, ол дәрігер мамандығының үнемі білімін жетілдіру мәселесінің дәреже-тұғырын көтеруге тиісті үлесін қосты деп айтуға толық хұқығы бар.

Ақпараттың соңғы жаңартылуы 22.05.2009