SelfBrandBook
Жетістіктері
Алдашев Ахмет Алдашұлы қазіргі кезде Тағамтану ғылыми-зерттеу институтының «Гигиена және медициналық экология» кафедрасының меңгерушісі. Қазақстан дәрігерлері мен провизорлары Ассоцияциясының вице-президенті.
Ахмет Алдашұлының ғылыми ізденістері негізінен тағамтану мәселесіне арналған.
230 ғылыми еңбектері жарық көрді. Оның ішінде 6 ғылыми монографиялар, 4 оқу құралы және үш көпшілікке арналған ғылыми еңбектер бар. Әдеби жанрларға арналған 7 кітабы да жарық көрді.
Алыс-жақын шет елдерде 16 ғылыми мақалаларым әр-түрлі басылымдарда шықты.
Алдашев Ахмет Алдашұлы Қазақстан Республикасының «мемлекеттік силығының» иегері, «Ғылымға еңбек сіңірген қайраткер» атағы бар, профилактикалық медицина Академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор. Бүкілодақтық «Білім» қоғамының қүрмет кітабына жазылып, оның медалімен марапатталды.
- 1998 жылы - «Парасат».
- 1988 жылы - «Знак почета» ордендерімен.
- әр жылдары 4 медальдармен марапатталған.
Әр жылдары әр - түрлі қоғами жүмыстарға белсенді қатысты. Республикалық «Білім» қоғамының президиум мүшесі және медицина секциясының басқарушысы, «Қазақ ұлттық энциклопедиясының» медицина жөніндегі кеңесшілер тобының басқарушысы, Алматы қалалық маслихатының депутаты және ең бірінші сессиясының төрағасы, Алматы қаласының салауаттылық қоғамының төрағасы т.б. с.с. қызметтерді атқарды.