SelfBrandBook
Өмірбаяны
Туылған күні: 1969 жыл 5 желтоқсан
Туылған жері: Тахиаташ қаласы, Қарақалпақстан.
Тұрғылықты жері: Алматы қаласы, Қазақстан.
Шоқбытов Сұлтанмахмұт Ноқатұлы – спорт продюсері, танымал қазақстандық спортшыларды әлемдік аренаға шығарумен айналысады. 1999-2007 жылдар аралығында таэквандодан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы. 1990-1996 жылдар аралығында таэквандодан өткен Қазақстан, Ресей, КСРО және басқа да халықаралық турнирлердің бірнеше мәрте чемпионы.
Сұлтанмахмұт Ноқатұлының қазақстандық чемпиондардың спорттық мансабын әлемдік аренаға шығарумен айналысуға шешім қабылдауға жинақталған тәжірибесі мен Қазақстанның спорт саласындағы қажеттіліктері ықпалын тигізді. Таэквандодан өткен Қазақстан (1992-1996 жж.), Ресей (1990-1992 жж.), КСРО (1990-1991 жж.) және халықаралық турнирлердің (Бильбао қаласы, Испания – 1991ж., Ялова қаласы, Түркия – 1992ж.,Орта Азия, Ташкент, Өзбекстан, 1995 ж.) бірнеше мәрте чемпионы бола отырып, жаттықтырушы жұмысында қомақты тәжірибе жинаған, Қазақстан тарихында алғаш рет Сағындықов Әділхан атты шәкіртімен 2004 жылғы Олимпиада ойындарына (Афина) жолдаманы ұтып алған, Алматы қаласы әкімдігінің Қысқы Азия ойындары 2011 дирекциясының директор міндеттерін атқарушы қызметінің барысында ҚР құрама спортшыларының дайындығын жүйелеп, зор тәжірибе жинай отырып, қазақстандық спортшыларды әлемдік аренаға шығару үшін олардың табыстары қазақстандықтарға ғана емес, сондай-ақ шетелдік инвесторлар және спорт саласындағы бизнес тәрізді барша әлемге танымал болу керектігін біледі.
Шоқбытов Сұлтанмахмұт Ноқатұлы өз тәжірибесінен кәсіби спортшыға өзінің спорттық шеберліктерін дамытуға және жетілдіруге қанша уақыттың керектігін біледі, ал сол еңбекті бағалау өте қысқа, бұл чемпионат жеңімпаздарын құрметтеу барысында ғана болады. Сонымен қатар, әлемдік тәжірибе мәліметтері бойынша, халықаралық деңгейде құрметке ие болған, өзіне қатысты спорт түрінде үздік атанған спортшылар спорт қана емес, сондай-ақ бизнес, мемлекеттік басқару, тіпті өздері қызығушылық танытқан кез келген салада үздік бола алады. Шоқбытов Сұлтанмахмұт Ноқатұлы қазақстандық спортшылардың өздері үшін еңбек еткендерін және сол еңбекті бүкіл өмір бойы күшейткендерін қалайды.
Барлық салада үздік атану чемпиондардың ішкі қасиеті болып табылады. Бұл сапа Шоқбытов Сұлтанмахмұт Ноқатұлын балалық шағынан бастап ерекшелендіріп тұратын. Осылайша ол қалалық және республикалық математикалық олимпиадаларда бірінші орындарға ие болған, орта мектепте алтын белгімен, Тверь Мемлекеттік университетін қызыл дипломмен тәмамдаған. Университетте оқыған жылдары таэквандомен белсенді түрде айналысқан. Күшті сабақтар мен жаттығулар оның облыс құрамасына түсіп, таэквандодан өткен Бірінші бүкілодақтық турнирге қатысуына, қола жүлдегері атануына көмектесті. Бірінші табысының арқасында өзін танытып, Ресейдің құрамасына түсті. Ресей құрамасының құрамында жүріп, бірнеше мәрте Ресей чемпионы (1990ж., 1991ж., 1992ж.) титулына ие болды. 1990ж. КСРО Чемпионатының алтын медаліне ие болды, 1990 ж. КСРО Чемпионатының қола жүлдегері атанды. 1991 жылғы КСРО Кубогы оған күміс медаль әкелді. Ал 1991 жылғы Бильбао қаласындағы (Испания) Халықаралық турнирде қола медалінің иегері атанды.
Көптеген спорт сайыстарының арасында есте жақсы сақталып қалғаны Испанияға барған сапар. Оның себебі жүлделі үшінші орын ғана емес, жас спортшыға әсер еткен корей құрамасы болды. Таэквондоның отаны болып саналатын мемлекеттің спортшылары қатысқан жекпе-жектерді бақылай отырып, ол шеберлік деңгейіндегі үлкен айырмашылықты сезінді де, ары қарай жетілу керектігін түсінді.
ТМД чемпионатында Сұлтанмахмұт Ноқатұлы Қазақстандағы таэквандоның негізін қалаушы Мұстафа Өзтүркпен және Бексейіт Түлкиевпен танысады.
Бұл Ресейде қалу керек пе немесе отанымыз Қазақстанға оралу керек пе деген шешімді қабылдайтын кезең болатын. Мемлекетінің патриоты ретінде ол отанымызға оралып, Қазақстанның атынан сайысқа шығуға бел буады. Көшіп келгеннен кейін 1992 жылы Сұлтанмахмұт Ноқатұлы Қазақстан ұлттық құрамасының құрамында Нью-Йорктегі әлем чемпионатына қатысады. Кейінірек Ялова қаласындағы (Түркия) Халықаралық турнирге қатысып, алтын медальға ие болады. 1992-1996 жылдар кезеңінде Сұлтанмахмұт Шоқбытов Қазақстанның чемпионаттарында тамаша жеңістерге ие болады. Қазақстан құрамасының құрамында Орта Азия ойындарының алтын медаль иегері атанды,.Ташкент қаласы, Өзбекстан, 1995 ж.
Әртүрлі деңгейдегі сайыс нәтижелерін саралап, қорытынды жасай отырып, Сұлтанмахмұт Ноқатұлы қазақстандық спортшылардың шеберліктерін көрсетуі кезіндегі көптеген сәтсіздіктерінің және айтарлықтай дайындықтың болмау себептерін түсінді. Дәл осы кезде Қазақстан құрамасын жаңа деңгейге көтеру үшін және мемлекетті әлем чемпионаты, Азия және Олипиада ойындары тәрізді әлемдік спорт аренасында лайықты өнер көрсетуі үшін Қазақстан құрамасындағы жастарды дайындайтын кәсіби жаттықтырушы жұмысымен айналысуға деген ұмтылушылық пайда болды.
1997 жылдан бастап Сұлтанмахмұт Ноқатұлы жаттықтырушы қызметімен айналыса бастады. Достығы берік, бірліктегі ұжымды құру үшін, әлемдік аренада мемлекетіміздің атынан лайықты шебер көрсете алатын спортшыларды тәрбиелеу үшін Сұлтанмахмұт Ноқатұлы жаттықтырушы мансабының басынан бастап көп нәрсеге үлесін қосты. 1998 жылы Сұлтанмахмұт Ноқатұлы аға жаттықтырушы, ал 1999 жылдың соңында таэквондодан Қазақстан ұлттық құрамасының Бас жаттықтырушысы болып тағайындалды. Таэквондодан ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы ретінде ол таэквандоға мемлекет тарапынан нақты қолдау көрсетуге қол жеткізді, мемлекеттің спорт басшылығын осы салаға тиісті назар аудару және қаржы қаражатын бөлу керектігіне көз жеткізді. 1999-2007 жылдар кезеңінде спортшылар маңызды нәтижелерге қол жеткізді: Қазақстан тарихында алғаш рет 2004 жылғы Олимпиада ойындарына (Афина) жолдама берілді, Сағындықов Әділхан олимпиадада 5-ші орынға ие болды, 1999 және 2003 жылы Әлем чемпионатында, 1998, 2002, 2006 жылдары жазғы Азия ойындарында, 2006 жылғы Азия чемпионатында Қазақстанның құрама командасы жаңа команда ретінде танылып, 1 алтын және 5 қола медальға ие болып, мемлекеттерінде таэквондо шебер дамыған Азия өкілдерін өздерінің дайындығымен тамсандырды. ҚР құрамасының спортшыларының дайындығы осы жылдар бойы жүйеге түскен, спорт басшылығы тарапынан назар аударушылық пен сенімділік арта түсті.
Қазақстан спортшыларын одан ары дамыту үшін және Қазақстанның имиджін көтеру үшін елімізде таэквондодан Азия чемпионатын өткізу керектігін түсіне отырып, Сұлтанмахмұт Ноқатұлы таэквондо федерациясының көмегімен 2005 жылы таэквондодан өткен жасөспірімдер арасындағы Үшінші Азия чемпионатының ұйымдастырушыларының бірі болды. Бұл Қазақстандағы алғашқы ресми халықаралық сайыс болды. Турнирдің мәні зор болды, алғаш рет халықаралық төрелік Қазақстандағы таэквондоның дамуы туралы мәліметке ие болды. Бұл турнирде біздің спортшыларымыз бір алтын, төрт күміс және он қола медальға ие болды. 20 спортшының 16-сы жүлдегер болды, бұл келесі халықаралық бастамаларға сенімділік берді. Қазақстандағы таэквандоның дамуына және жастар арасында танымал болуына қосымша серпін мен түрткі берді. Сол кезден бастап халықаралық сайыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізген спортшылардың бірқатар жүйріктер тобы пайда болды.
2007 жылғы қыркүйекте Сұлтанмахмұт Ноқатұлы Қысқы Азия ойындарының дирекциясына шақырылды. Дирекциядағы жұмыс қазақстандық спортты сапалы жаңа деңгейге көтеруге әсер ететін ауқымды белсенді жобаның пайда болуына әсер етті. Қысқы Азия ойындары дирекциясының жұмыс барысында Сұлтанмахмұт Ноқатұлының басшылығымен халықты алда болатын Азия ойындарына даярлау, Азиаданың идеясын насихаттау, ұйымдастырушылық жұмыс, қала қызметтерін үйлестіру, мониторинг, Құрылымдық бөлімше жоспарларын құрастыру, қаланы безендіру, әртүрлі спорттық-бұқаралық акцияларды өткізу, Кері есептеу таблосын ашу, Азияның Олимпиада Кеңесінің Шеф-де миссион шарасын, тесттік сайыстарды өткізу бойынша қыруар жұмыс атқарылды.
Ұйымдастырушылық, әкімшілік-басқару сипатындағы қызмет Сұлтанмахмұт Ноқатұлын мемлекетіміздегі бағасы жоғары адамзат капиталы – қазақстандық спортшыларды дамыту бойынша жаңа шешім іздеуге итермеледі. Жастарды отандық спорт қаһармандарының жарқын мысалдарын келтіре отырып тәрбиелеуді, дарынды жас спортшыларды мақсатқа сай дайындаумен айналысуды зерделеу. Жұртшылықтың мақтанышы ретінде танытатын, сондай-ақ қазақстандық спортшылардың жетістіктері туралы ақпаратты спорт саласындағы инвесторларға және бизнесмендерге жеткізу үшін Қазақстан спортшылары табыстарының мәліметтер базасын құрып, VIP-листингін қалыптастыру қажеттілігі болып тұр.
Ақпараттың соңғы жаңаруы 18.02.2011