Шоқбытов Сұлтанмахмұт Ноқатұлы
SelfBrandBook
Жетістіктері
Шоқбытов Сұлтанмахмұт Ноқатұлы – спорт продюсері, қазақстандық танымал спортшыларды әлемдік аренаға шығарумен айналысады.
1999-2007 жылдар аралығында Шоқбытов Сұлтанмахмұт таеквандодан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері лауазымын атқарды.
Шоқбытов Сұлтанмахмұт Ноқатұлы Қазақстан, Ресей, КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы және халықаралық турнирлердің алтын, қола медальдарының иегері болып табылады.
- 1995 ж. Орта Азия ойындарының алтын медалі, Ташкент қ., Өзбекстан.
- 1992-1996 жж. Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы.
- 1992 ж. Ялова қаласында өткен Халықаралық турнирде алтын медаль, Түркия.
- 1992 ж. – Ресей чемпионатында алтын медаль.
- 1991 ж. – Бильбао қаласында өткен Халықаралық турнирде Ресей құрамасының құрамында қола медаль, Испания.
- 1991 ж. – КСРО және ЖК Кубогында күміс медаль.
- 1991 ж. – Ресей чемпионатында алтын медаль.
- 1990 ж. – КСРО чемпионатында алтын медаль.
- 1990 ж. - Ресей чемпионатында алтын медаль.
- 1990 ж. – КСРО чемпионатында қола медаль.
- Қазақстан Республикасы Таэквон-до (ӘТФ) Федерациясының дипломы.