Табыс өмірде өзіне не керек екендігін білетін адамдарға ғана келеді.
Адам мемлекетке қызмет етсе де, жеке бизнесімен айналысса да, жалпы не істесе де, алдына қойған мақсаты айқын адам ғана табысты болмақ. Ол мақсаттарға жету жолы әртүрлі болады, түзу жолдың бойымен алға қарай дамуға болады, өйткені, екі нүктенің арасындағы анағұрлым қысқа арақашықтық – бұл түзу. Алайда, екінші жағынан, бұл мақсатқа бірқатар жеңілдік жасап барып жетуге де болады, ең бастысы – мақсат әрдайым алда болуы шарт. Сондықтан да жүріп келе жатқан жолдан ешқашан да бұрылмаңыз, сонда алға қойған мақсатыңызға әрдайым қол жеткізе аласыз деп тағы бір мәрте қайталағым келеді.