Жаңалықтар архиві

Құрметті Алматы қаласының тұрғындары!

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 1 шілдедегі «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге ұсыныс дайындауға байланысты сіздерді осы Заңға өзгерістер мен толықтырулар дайындауға ат салысуға шақырамыз. Ұсыныстарыңызды мына мекенжайға жібере аласыздар: Республика алаңы, 4, Алматы қаласының мәслихаты, 360-каб., 358а, тел.271-66-59,271-65-99 немесе Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық мекенжайға 2009 жылдың 20 ақпанына дейін жібере аласыздар.

Алматы қаласының мәслихаты

«SHAIKH» Креативті шешімдер агенттігі» ЖШС жаңа кеңсеге көшті.

Құрметті достар!

«SHAIKH» Креативті шешімдер агенттігі» ЖШС Алматы қаласы, Мамыр-4, 111г-үй, Абай көшесінің бойы, Сайын мен Момышұлы көшелерінің арасы мекенжайына көшкендігін қуана хабарлайды.  

Біздің телефондарымыз:  8 (727) 3800 186, 3201 719, 3201 332.  E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Сіздерді жаңа кеңсемізде асыға күтеміз!

2008 жылдың 15 қараша және 3 желтоқсан аралығында  Қазақмыс корпорациясының бастамасымен әрі демеушілік қолдау көрсетуімен «SHAIKH» Креативтік Шешімдер Агенттігі «Ұлытау сырлары» атты алғашқы тарихи отандық интернет ойынын өткізді.  Жоба www.808.kz интернет портал дерекқоры негізінде жүзеге асырылды.

 

Толығырақ...

2008 жылдың 7 қазанында Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі жылдың үздік оқытушыларын марапаттады. Линчевская Тамара Абуевнаға, Миразова Аягүл Төреқызына, Сәкенова Рахима Бөлекбайқызына жетістіктері және мемлекетімізді дамытуға қосқан үлесі үшін «Қазақстанның болашағына қосқан үлесіміз» Альманахының Сертификаты тапсырылды. www.808.kz порталындағы «Қазақстанның болашағына қосқан үлесіміз» Интернет-Альманах жобамызда Қазақстанның дамуына айтарлықтай үлес қосқан Қазақстан Республикасының мемлекеттік және қоғам қызметкерлерімен қатар  үздік оқытушылардың өмірбаяндары жарияланады.

2008 жылдың 21 қазанында Қазақмыс корпорациясының бастамасымен әрі демеушілік қолдау көрсетуімен және ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің қолдауымен SHAIKH Креативтік Шешімдер Агенттігі «Ұлытау сырлары» атты отандық интернет ойынын бастайды. Жоба www.808.kz интернет портал дерекқоры негізінде жүзеге асырылады.

Толығырақ...