2012 жылы 3 шілдеде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ғалым Ізбасарұлы Оразбақов пен «ҚР Бейбітшілік қоры» АҚҚҚҚ төрағасының міндетін атқарушы Қазыбек Шайх кездесті. Кездесу барысында Шайх Қазыбек ҚР Елшісіне халықтар арасындағы достастықты нығайту үшін мемлекеттердің арасындағы өзара ынтымақтастықтың екінші жолы ретінде Ресейлік Бейбітшілік Қорымен және халықтық дипломатияны дамыту бағдарламаларымен байланыс орнатқандығы туралы хабарлады.
Ғалым Ізбасарұлы Оразбақов - Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
- 2008- 2012жж. - Қазақстан Республикасының Израиль мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі;
- 2007- 2008жж. - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрі;
- 2003-2007 жж. - «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Президенті;
- 2001-2003 жж. – Қазақстан Республикасы Экономика және сауда вице-министрі, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі;
- 1998-2000 жж. - «Қазақхойл» ҰМК Вице-президенті, атқарушы директоры;
- 2000-2001жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Канцеляриясының өндірістік сала және инфрақұрылым бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
- 1997-1998 жж. – Департамент директоры, Азаматтық авиации комитетінің төрағасы, вице-министр – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиации комитетінің төрағасы;
- 1995-1996жж. – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің орынбасары;
- 1996-1997жж. – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жоғары экономикалық Кеңес хатшылығының меңгерушісі.
Ғалым Ізбасарұлы Оразбақов бірқатар мемлекеттік сыйлықтармен марапатталған.
III дәрежелі «Барыс» орденінің иегері.
Экономика ғылымдарының кандидаты, Халықаралық байланыс академиясының академигі (Мәскеу қаласы), Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академияның корреспондент мүшесі (Алматы қаласы).