SelfBrandBook
БАҚ басылымдары
Бақытжан Өтеғалиев: Қолдан келмейтін іс жоқ.// Совет Директоров. №4 (58), 2011.
Мәтінін жазған: Ғазиза Жаппарова
«Директорлар кеңесі» жарық көріп келе жатқан 6 жыл бойы «Тұлға» айдарының кейіпкерлері Алматы мен Астанада қызмет етіп келе жатқан бизнесмендер мен компания басшылары болды. Десек те, біз үнемі кейіпкерлеріміздің аумақтық географиясын кеңейткіміз келетін. Астаналарымыздан тыс жерлерден бірнеше айлар бойы тұлғаны іздеп жүріп, әйтеуір сәуір айында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ коммерциялық мәселелер жөніндегі бас директордың орынбасары Бақытжан Сисенғалиұлы Өтеғалиевті кездестірдік.
Бірнеше сағат қана әңгімелесек те, барлық мәселенің басын шалдық деуге болады. Шынын айтқанда, мен тіпті, сұхбаттан емес, қарсы алдымда отырған сұхбаттасушымен пікір алмасқанымнан рақат алдым.