Каниев Б.С. – Ланкастер Энерджи төрағасы.
Табысқа қалай жету керек?
Әрине бұған білім қажет. Білімді құрылымдау керек, білімді өте шебер пайдалану керек. Адамзатқа тән қасиеттердің ішінен мен жігерлілікті атап өтер едім, меніңше, адам алдына міндетті дұрыс қоя біліп, соны дұрыс шеше білуі тиіс, адам өзіне не керектігін біліп, соған қалай қол жеткізуді білуі тиіс. Егер де міндет дұрыс қойылып, сол міндетті дұрыс түсінсең, онда міндеттің жартысы орындалды деген сөз.