GR club Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары арасындағы қатынастар мен бизнес-қауымдастық байланыстарын дамыту саласында екі тарапты ынтымақтастық пен ақпарат алмасуды кеңейту мақсатында және GR – GovernmentRelations бағыты маңыздылығының өсіп келе жатқандығын есепке ала отырып, GR-технологияларды оқытудың өзектілігін назарға ала отырып, бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастықты дамыту саласындағы әдістемелік базаны кеңейту қажеттілігін атап өтіп, екі мемлекеттің ұйымдары мен кәсіпорындары арасындағы ғылыми-техникалық, ақпараттық және іскери ынтымақтастықты кеңейтуге көмек көрсете отырып, Орталық басшысы тұлғасындағы Павел Александрович Толстых пен GR клубының Төрағасы тұлғасындағы Қазыбек Әлтайұлы Шайх бизнес пен үкіметтің өзара әрекеттесу мәселелерін зерттеу жөніндегі орталықпен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Бизнес пен үкіметтің өзара әрекеттесу мәселелерін зерттеу жөніндегі орталық туралы
Бизнес пен үкіметтің өзара әрекеттесу мәселелерін зерттеу жөніндегі орталық Ресейдегі кәсіби өзгеріс, мемлекеттік билік органдарымен (governmentrelations - GR) байланыс және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі саласындағы озат ғылыми-зерттеу және консалтинг институты болып табылады.
2006 жылдан бастап орталық Мемлекеттік Думаның үздік өзгертушілер рейтингін және кәсіптегі шеберліктің ерекше әрі бірден-бір критерийіне айналған GR саласындағы мамандардың салалық кәсіби рейтингісін құрады.
Орталық өркениетті өзгеріс және GR саласындағы кеңес беру өнімдерінің көлемі мен сапасы бойынша ресей нарығының көшбасшысы болып табылады. Басым бағыттардың ішінде келесілер бар: заң жобаларын дайындау және дамыту, кедендік-тарифтік және монополияға қарсы реттеу саласындағы консалтинг, саяси стейкхолдерлермен кездесу ұйымдастыру және саяси кеңестер, кеңес дәуірінен кейінгі кеңістіктегі тапсырыс берушінің өкілеттік мүддесінің сапасын арттыруға бағытталған ақпараттық-аналитикалық және консалтинг қызметі.
2009 жылдан бастап Бизнес пен үкіметтің өзара әрекеттесу мәселелерін зерттеу жөніндегі орталық жыл сайын мемлекеттік билік органдарымен байланыс жөніндегі мамандардың «GR-КОНГРЕСС» атты Халықаралық конференциясын өткізеді. Конференцияға мемлекеттік билік органдарының, салалық кәсіби ұйымдар мен мекемелердің өкілдері, ірі ресейлік және батыс компанияларының мемлекеттік билік органдарымен байланыс жөніндегі департамент өкілдері қатысады.
Орталықтың тапсырыс берушілері озық ресейлік және батыс корпорациялары, кәсіби қауымдастықтар мен салалық бірлестіктер, сондай-ақ РФ Федералды Жиналысының депутаттары, Мемлекеттік дума комитеттері, аймақтық әкімшілік басшылары болып табылады.
Толстых Павел Александрович - Бизнес пен үкіметтің өзара әрекеттесу мәселелерін зерттеу жөніндегі орталықтың басшысы.
Толстых Павел Александрович – заңнама, монополияға қарсы реттеу, бюджеттік үдеріс, салық салу және салық даулары, дағдарысқа қарсы шешімдер тәрізді мемлекеттік билік органдарында мүддені дамыту мәселелері жөніндегі озат ресейлік маман.
Толстых Павел Александрович бизнес пен үкіметтің өзара әрекеттесуіне арналған көптеген жарияланымдардың авторы болып табылады, оның «Практика лоббизма в Государственной Думе Федерального Собрания Российской Федерации» және «GR. Практикум по лоббизму в России» атты кітаптары жарияланды, бұл кітаптар профильді сарапшылар тарапынан ғажап пікірге ие болды әрі GR саласындағы көптегенмамандар үшін таптырмайтын құралға айналды.
2009 жылдан бастап Павел ForbesRussia журналында өз айдарын жазып отырады.
2011 жылдан бастап Ресей Газетінде де өз айдары бар.