Шалабаев Құсман Кәрімұлы. Екі күнге созылған игілікті шаралар.// Қарыз бен парыз. № 21-24(72) желтоқсан, 2009
Алматы қаласы мен Алмалы ауданы әкімшіліктерінің қолдауымен, қалалық Мәслихат депутаты, Алмалы аудандық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Құсман Кәрімұлы Шалабаевтың игі бастамасымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 18 жыл толу қарсаңында үстіміздегі жылдың 13 желтоқсанында қазақша күрестен мектепаралық жарыс өткізілген болатын. Жарыстың Алматы қаласында тұңғыш өткізіліп отырғанын баса айтқымыз келеді. Ұмытылып барып, қайта жалғасқан ұлт дәстүріне жас палуандардан 105 оқушы бел сынасып, сайысқа түсті. Әр салмақ категориясында сынасқан шәкірттердің жартысынан көпшілігі дарынды спортшылар екенін алғашқы қадамдарынан-ақ байқатты. Жарыстың бет алысын байқауға келген жаттықтырушылар өздеріне болашағынан үміт күттіретін шәкірттерін таңдап отырды.
Жарыстың адам сүйсінерліктей жағдайда өткендігі сондай, даңқты палуан Дәулет Тұрлыхановтың анасы Мәрзия апай палуандарға шашу шашып, ризашылығын айтып, батасын берді. Батырдың анасын танып қойған жас палуандар ол кісіні айнала қоршап, естелік суретке түсті. Осы көрініс Алматы қаласының Атымтай жомарты атанған Құсман Кәрімұлымен қайталанды. Мектеп оқушылары Құсман ағаларына осы жарысты ұйымдастырғаны үшін, спорт формасын сатып алып бергені және әкелік қамқорлығы үшін шын ниеттерінен рахметтерін айтып, кіршіксіз балғын жүректерінен шыққан алғыстарын жаудырып жатты. Келесі, желтоқсанның 14 жұлдызында Қазақстан Жазушылар Одағының мәжіліс залында оқушылар арасында суырып салма ақындар айтысы өтті.
Айтыстағы өткір сөз, нәрлі ұйқас, тапқыр ойлар, әзілі жарасқан қалжыңды қазіргі жас буын қалай игеріп алған? -деп еріксіз таңқаласыз. «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы», деп, қазақ тілінің байлығына баға берген Абай атамыздың теңеуін осы жерде көріп, жұрт разы болды. Халық залға лық толды.
Айтыскер ақындардың жұбы:
1. Мұхамет-Расул Көздібай—II сынып, Алмалы ауданы.
Нүргүл Нарымбегова — II сынып, Бостанлык ауда н ы.
2. Абзал Қамбар - 6 сынып, Алмалы ауданы.
Балқия Қожабекова — 6 сынып, Алмалы ауданы.
3. Бексұлтан Нөкербаев — 8 сынып Алмалы ауланы.
Бақытжан Бекен - 8 «ә» сынып, Алмалы ауданы.
4. Нұрым Әкімбаев — 7 сынып, Медеу ауданы.
Ержігіт Нұрділдә — 6 сынып, Алмалы ауданы.
5. Медет Еркінұлы — 7 сынып, Алмалы ауданы.
Бибігүл Тілепболдинова — 10 сынып, Бостандық ауданы.
6. Манас Қайыртайұлы — 10 сынып, Медеу ауданы.
Берік Сайранбек — 9 сынып, Алатау ауданы.
Мәреге жеткендер: Нұрым, Медет, Манас, Бибігүл, Абзал, Нұргүл
ОРЫН АЛҒАНДАР:
I — Манас; II — Нұргүл; III — Медет.
Осы жерде ерекше атап өтетін жәйт — депутат К.Шалабаевтың демеушілігімен Алмалы ауданында айтыскерлер дайындайтын мектеп ашылған екен.
Үзіліс кезінде қыздарымыз: Әзиза тамылжытып ән салса, Аида өлең оқып, Рауан толғау айтты, ал, №147 мектептің «Әнді-жан» би ансамблі өз өнерлерін көрсетіп, ел қошеметіне бөленді. Осы өткізілген думанды іс-шаралардың басы-қасына Алмалы ауданының әкімі Марат Үсенұлы Пірінбековтің өзі қатысып отырды.
С.БЕКМОЛДИНОВ.
Құсман Кәрімұлы Шалабаев. Екі күнге созылған игілікті шаралар.// Қарыз бен парыз. № 21-24(72) желтоқсан, 2009
Мақаланың сканерленген версиясы