Лондонда таксист болып көріңізші — онда үнемі кәсіподақтың өз мүшелерін жоғары көтеру орын алған. Бірақ, бізде әдетте GR өте пайдакүнемдік ретінде қабылданады: міне, бізде губернатор бар, оның ұлы бар, ол ұлын қоғамдық көлікке қойған, содан ол сол жерде ақша жасап жүр. Міне, бұл лоббилендіру. Бірақ, бұл лоббилендіру, бұл сыбайлас жемқорлық және қызметтік өкілеттіліктерді асыра пайдалану.
Соңғы уақытта бизнес пен үкіметтің сыбайлас жемқорлықсыз ынтымақтастығын алға тартатын GR атты жаңа сәнді әуестік пайда болды. Z еліміздің басты GR-шысы Қазыбек ШАЙХТАН осы бағытқа түсінік беруін өтінді.
GR бұл мәні жағынан, қазіргі кәсіпкер-шенеуніктің өзара қарым-қатынасының ашық түрі болып табылады. Ресми билік тарапынан кедергілер кездесіп жатқан жоқк па?
Бақытымызға орай, бұл мүлдем «қазіргі кәсіпкер-шенеуніктің өзара қарым-қатынасының ашық түрі» емес. Айырмашылығы жер мен көктей!
GR – бұл кәсіби дайындық пен тәртіпті қажет ететін заманауи жоғары интеллектуалды кәсіп. GR-маман ешқашан да пара немесе өзге де заң бұзушылық ұсынбайды, өйткені мемлекеттік қызметшілермен ынтымақтастық құрудың және өз мүдделерін дамытудың анағұрлым дамыған құралдарына ие. Біздің тренингке келетіндердің көбі (тыңдаушылар) алғашқы сәттерде шенеуніктерге тек пара керек деп сендіреді, десек те жаңа ақпарат пен жаңа интеллектуалды құралдарға ие болғаннан кейін өз пікірлерін түбегейлі өзгертеді. Тренингтен кейін, өздерінің GR жобаларын алғаш рет шенеуніктермен бетпе-бет қорғаған кезде, яғни мән-жайды көріп, бұрынғыдан да мықтап нығая түседі. Адамдар қылмыскер болып туылғаннан емес, басқа жолын білмей, басқа мүмкіндіктерін көрмеу себебінен ғана заңды бұзатындығын түсінген аса маңызды. Бұл шенеуніктерге де, бизнесмендерге де қатысты.
Кедергілерге кездесеміз, бірақ GR бағыттың негізін түсіндіргеннен кейін бәрі қалпына келеді. Содан кейін біз шамамен «менің де қызметкерлеріме үйретіңдерші» немесе «мен халықты жинайын, оларға дәріс оқып беріңіздерші, олар бұны білулері тиіс» деген пікір естиміз. Расында да бұл осылай болып жатады.
Шенеуніктердің уәжі. Қалай байқалады?
Біз курсымыздағы тыңдаушыларымызға ең алдымен шенеуніктердің уәжі туралы әңгімелейміз, бұл қалыптасқан таптаурындар мен жалған қарапайымдылықтан құтылу деген сөз. Шенеуніктердің бәрі материалдық пайда тапқысы келетін жәйт жалған. Мемлекеттік қызметшілердің уәж күрделілігін көрсеткен зерттеулер (бұндай зерттеулер Ресейде, АҚШ пен Германияда өткізілген) бар. Олардың уәждері мемлекеттік қызметшінің дәрежесіне, жасына, бақылау локусына, мемлекеттік қызметтің өзіндік жүйесіне, нақты тұлғаның өзіндік бағасына және нақты қоғамның құндылықтар жүйесіне байланысты. Шенеуніктер аппаратына өте дамыған және ұйымдасқан адамдардың баратыны хақ. Олар өздерін, ортасын және өзіне уәж келтіру және рефлексиялаудың күрделі жүйесін басқара алады. GR жобаны енгізу және оны күшті уәж әсерімен шенеуніктерге жеткізу стратегиясын дайындау үшін GR курс нақты шенеуніктің (жоба стейкхолдері) уәж құрылымын жоғары нақтылықпен есептеуге мүмкіндік береді.
Сіздердің бағдарламаларыңыз өзге елдерде қабылданған ба?
Forbes журналының 2009 жылғы зерттеулері бойынша, GR маман ең қажетті мамандардың 3 топына енген. Көріп отырғаныңыздай, өкінішке орай, біз басқа елдерден олардың бизнесінің бәсекеге қабілетті артықшылықтарын өзімізге қабылдап отырмыз, кеш емес шығар деген үміттеміз.
Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейін қалай бағалайсыз?
GR дамымаған жерде, бизнес пен мемлекеттік орындаушылардың көпшілігінде сыбайлас жемқорлықтың іс жүзінде көп баламасы жоқ. Осымен бәрі айтылды.
Сонда, қалай болғанда да GR шенеуніктің мүддесін білдіріп тұр ғой, демек шешім қабылдаған кезде бұл объективті болмайды ғой?
GR қоғам мүддесінің қызметінде тұрған лауазымды тұлға ретінде ғана шенеуніктің мүддесін көрсетеді, ал олай болмаған жағдайда бұл GR емес. GR менеджер өз мүддесін шенеуніктің мүддесімен байланыстырып, мемлекеттік міндеттерді, қолданыстағы мемлекеттік заңдарды және мемлекеттік бағдарламаларды орындауы тиіс, оның кәсібилігі де осында.
Рустем Адамбаев.Сыбайлас жемқорлық па немесе GR ма?//z001.kz 13.11.2012