2012 жылы 3 шілдеде «ҚР Бейбітшілік қоры» АҚҚҚҚ төрағасының міндетін атқарушы Қазыбек Шайх Ресейлік Бейбітшілік Қоры басқармасы төрағасының Бірінші орынбасары Анатолий Самуилович Салуцкиймен кездесті. Кездесу барысында Шайх мырза мен Салуцкий мырза халықтар арасындағы достықты, ресми органдардың жұмыстарынан тыс мемлекеттер арасындағы өзара әрекеттесушілікті нығайту құралы ретінде халықтық демократияны дамыту қажеттілігінің мәселелерін талқылады. Сондай-ақ тараптар Қазақстанда әскери атомсыз бейбітшілікті қалыптастырудағы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерекше рөлін көрсетуге бағытталған бірлескен шараны өткізу қажеттілігі туралы келісімге келді. http://news.gazeta.kz/art.asp?aid=359778
Ресейлік Бейбітшілік қоры
Қордың тарихы
Елуінші жылдардың басында миллиондаған бейбітшілікті қолдаушылар «Атомдық қаруды қолдануға тыйым салу туралы» Алғашқы Стокгольмдік үндеухатқа қол қойды, бұл Жер бетінде бейбітшілік орнатуда маңызды рөл атқарды. Соғыстан кейінгі қиын-қыстау кезең болғандығына қарамастан, көптеген кеңестік адамдар өз бастамашылығымен әлемдегі бейбітшілік үшін садақа жібере бастады.
1961 жылы 27 сәуірде көпшіліктің бастамасымен осы тәрізді түсімдерді қатаң есепке алу үшін, олардың шығындарын бақылау үшін Кеңестік Бейбітшілік қоры деген қоғамдық ұйым құрылған болатын. Бейбітшілік қорында ешқашан да бюджеттік ақша болған емес, Қор қаражатының негізгі қаражат көзі – бұл азаматтардың, кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың қайырымдылық жәрдемі.
Әлемді қорғау Кеңестік комитетімен қатар Кеңестік бейбітшілік қорының құрылтайшылары КСРО Жастар ұйымының комитеті, Кеңестік әйелдер комитеті, Шетелдік мемлекеттермен достық және мәдени байланыстар кеңестік қоғамының одағы болды. Кеңестік бейбітшілік қор Басқармасының алғашқы төрағасы атақты ақын Николай Тихонов болды.
Бейбітшілік қор мемлекетте де, шетелде де құрметті беделге ие болды. Ол шын мәнінде, «халықтық дипломатияның» материалдық базасына айналды.
Көптеген жылдар бойы Қор Басқармасының төрағасы атақты майдангер ақын, әйгілі «Повесть о настоящем человеке» кітабының авторы Борис Полевой болды. Ол қайтыс болғаннан кейін Басқарма төрағасы болып шахматтан әлем чемпионы Анатолий Карпов сайланды.
Ресейлік Бейбітшілік қор Кеңестік Бейбітшілік қордың мирасқоры болды. Оны қоғам қайраткері, журналист әрі жазушы Дмитрий Мамлеев басқарды.
2002 жылы маусымда Ресейлік бейбітшілік қор Басқармасының төрағасы болып РФ Мемлекеттік Думасының депатутаты, Халықаралық істер жөніндегі Комитет төрағасының бірінші орынбасары, экономика ғылымдарының докторы Леонид Слуцкий сайланды.
РӘҚ Басқармасы мүшелерінің арасында – Мәскеу және барша Русьтің Әулие Патриархы II Алексий, мүсінші З.Церетели, ақын А.Дементьев, жазушы А.Салуцкий, Ресей ШІМ ММХҚИ (Университетінің) ректоры А.Торкунов және басқа да қоғам қайраткерлері болды.
2003 жылы 27 наурызда РӘҚ Халықаралық «Ресей бейбітшілік қоры» қоғамдық қоры болып қайта құрылды (РФ Әділет министрлігінің № 6 тіркеу туралы куәлігі)
Ресей бейбітшілік қоры қызметінің басты бағыттары мыналар болып табылады: халықтар арасындағы бейбітшілікті, достық пен келісімде нығайтуға көмектесу, гуманизм мен мейірімділікті дамыту, қайырымдылық жасау, ұлттық, діни және әлеуметтік қақтығыстардың алдын алу, адам құқығын қорғау, қоршаған ортаны сақтау, халықаралық ынтымақтастықты, ғылыми, мәдени, жастар алмасуын дамыту.
Қор қызметінің өзегіне бірнеше жүздеген, мыңдаған адамдар тартылған. Олар – соғыс ардагерлері мен мүгедектері, Ресей және шетелдік мемлекеттің (АҚШ, Канада, Германия, Франция, Жапония, Испания, Болгария, Қытай, Вьетнам және т.б. мемлекеттер) серіктестік қоғамдық ұйымдарының өкілдері, Орыс Православ шіркеуінің және басқа да діни конфессиялардың өкілдері, Қор белсенділері болды.
РӘҚ бөлімдері Ресей Федерациясының 56 аймағында белсенді жұмыс істеп жатыр.
РӘҚ БҰҰ қарамағына тіркелген, Еуропа Кеңесінің мүшесі деген мәртебесі бар.
Бірқатар жылдар бойы Қор Швеция, Норвегия, Финляндия және Ресей бейбітшілдерін біріктіретін Солтүстік Каллот мемлекеттерінің қозғалыстарына қатысып келеді.
РӘҚ ресейлік көпшілікті БҰҰ БЖКБ есебіндегі босқындардың мәселелерімен таныстырудағы бірнеше жылдық ынтымақтастығы үшін босқындардың істері жөніндегі БҰҰ Жоғарғы комиссары басқармасының дипломымен марапатталды.
Қор өкілдері АҚШ Конгресс Кітапханасы ұйымдастырған «Ашық әлем» атты бағдарламаға қатысты.
РӘҚ 2002 жылы Калининградта ҒӨБ «Ресей – ЕО: Балтық аймағындағы болашақ ынтымақтастық» атты Еуропа халықаралық форумын ұйымдастырып өткізді, 2005 жылы Халықаралық «Солтүстік Батыс шекаралық қызметіндегі ҒӨБ рөлі» атты форум өткізуге қатысты. Бейбітшілік қор 2005 жылы қарашада Санкт-Петербор қаласында РФ Федерация Кеңесінің қамқорлығымен өткізілген ғылыми, мәдени және білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша ТМД және Балтық мемлекеттерінің Халықаралық ҒӨБ конгресінің белсенді ұйымдастырушылары әрі мүшелерінің бірі болып отыр. 2006 жылы наурызда РӘҚ Халықаралық «Азаматтық сегіздік» атты форумға қатысты.
РӘҚ РФ Президентінің қарамағындағы азаматтық қоғам мен адам құқықтары институттарын дамытуға көмектесу жөніндегі Кеңестің ресми серіктесі болып табылады.
Слуцкий Леонид Эдуардович – Халықаралық «Ресей Бейбітшілік Қоры» қоғамдық қоры Басқармасының Төрағасы;
- Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының үшінші, төртінші және бесінші жиналысындағы депутаты;
- Мемлекеттік Думаның халықаралық істер жөніндегі комитет және алтыншы жиналыс төрағасының бірінші орынбасары;
- Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы істері және отандастармен байланыс жөніндегі Комитеттің Төрағасы.
- 2000 жылдан бастап қазірге дейін Л.Слуцкий Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясындағы (ЕКПА) РФ Федералды Жиналысы делегациясы басшысының орынбасары болып табылады;
- 2012 жылдың қаңтарынан бастап ЕКПА Төрағасының орынбасары;
- 2012 жылға дейін Француз Республикасы Парламентінің байланыс жөніндегі депуттаттық тобының үйлестірушісі болған.
- Тәуелсіз «Азаматтық қоғам» қауымдастығы Президиумының мүшесі. ЕКПА-да «Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің қызметі туралы» (2002ж.), «Монаконың Еуропа Кеңесіне қосылуы туралы» (2004ж.) тәрізді бірқатар баяндама жасаған, нәтижесінде Монако княздығын 46-шы мемлекет ретінде Еуропа Кеңесіне қабылдау туралы шешім қабылданды, сонымен қатар «Монако Княздығының мониторинг тәсілін жабу туралы» баяндамасының нәтижесінде ЕКПА тарихында алғаш рет Монако мониторингі 01.10.2009 жылға дейін бір ауыздан жабылды.
Марапаттары:
- Халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы, мәдениеттерді жақындастыру және өзара молайтудағы сіңірген еңбегі үшін берілген Достық Ордені (2008 ж.);
- Ресей мен Францияның парламенттік байланыстарын дамытқаны үшін және белсенді жүргізген бейбітшілік қызметі үшін берілген Францияның жоғарғы марапаты – Құрметті Легион ордені (2006 ж.);
- Парламент аралық байланыстарды дамытуға қосқан белсенді үлесі үшін берілген Монако Княздығының жоғарғы марапаты – Гримальди Ордені (2007 ж.);
- Достық ордені (Әзірбайжан, 2010 ж.).
Салуцкий Анатолий Самуилович – Халықаралық «Ресей Әлемдік Қоры» қоғамдық қоры Басқармасы Төрағасының бірінші орынбасары; 1979 жылдан бастап Жазушылар одағының мүшесі. 30 публицистикалық кітаптың, қазіргі Ресей тарихындағы көкейтесті тақырыптар бойынша жазылған БАҚ-тағы көптеген малалардың авторы. КСРО Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты.