2012 жылы 3 шілдеде Ресей Федерациясы Білім және ғылым министрлігі мен Ресей ғылым академиясының («АЭРОКОСМОС» ҒЗИ) «АЭРОКОСМОС» әуе-ғарыштық мониторингті ғылыми-зерттеу институты» федералды мемлекеттік ғылыми бюджеттік мекеме директоры Валерий Григорьевич Бондур мен «SHAIKH» Креативті Шешімдер Агенттігінің Бас Директоры Қазыбек Шайх кездесу өткізді. Кездесу барысында «АЭРОКОСМОС» ҒЗИ мен «SHAIKH» Креативті Шешімдер Агенттігінің арасында «SHAIKH» Креативті Шешімдер Агенттігіне Қазақстан Республикасы аумағында «АЭРОКОСМОС» тауарлары мен қызметтерін сатудың шектеулі құқықтарын беру туралы Шартына қол қойылды.
«АЭРОКОСМОС» туралы
Басты мақсаттары:
- Әуе-ғарыштық әдістер мен технологияларды қолдану арқылы Жер туралы ғылым саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу;
- Қоршаған орта мониторингіне, төтенше жағдайларды бақылауға, геодезияға, картографияға, геоақпараттық жүйелерді және т.б. құруға байланысты бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру;
- Қашықтан бақылау әдістерін, технологиялары мен құралдарын әзірлеу және әуе- ғарыштық ақпаратты өңдеу;
- Ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін ғылым мен білімді сапалы жаңа деңгейге шоғырландыру, біліктілігі жоғары мамандар мен ғылыми кадрларды дайындаудың жаңа әдістерін қалыптастыру.
«АЭРОКОСМОС» әуе-ғарыштық мониторингті ғылыми-зерттеу институтында» РҒА академигі В.Г.БОНДУРДЫҢ басшылығымен қашықтан бақылау, әуе-ғарыштық ақпаратты өңдеу, математикалық үлгілеу, мұхиттану, атмосфера физикасы, геология, экология, табиғи ресурстарды зерттеу және ұтымды пайдалану, геодезия, картография, геоинформатика және т.б. салаларда атақты ғалымдар мен біліктілігі жоғары мамандар жұмыс істейді.
«Аэрокосмос» ұжымының негізін РҒА академигі В.Г.БОНДУРДЫҢ озат ғылыми мектебінің өкілдері құрайды.
«Аэрокосмос» қызметінің негізгі бағыттары:
- Әуе-ғарыштық әдістер мен технологияларды пайдалану арқылы атмосферадағы, гидросферадағы, геологиялық ортадағы, Жер бетіндегі және жер маңындағы ғарыштық кеңістіктегі әртүрлі процестер мен құбылыстар туралы жаңа білім алуға арналған Жер туралы ғылым саласындағы міндеттердің көп түрін шешу;
- Күрделі әуе-ғарыштық жүйелерді жасаудың және қоршаған орта мен оның антропогенді әсер ету көзіне, табиғи және техногендік сипаттағы қауіпті процестерге, техносала нысандарына және т.б. көп деңгейлі мониторинг жүргізудің кешенді жалпы жүйелік қағидаттарын дайындау;
- Қашықтан бақылаудың физикалық негіздерін дамыту;
- Жаңа әдістерді, технологияларды және әуе-ғарыштық мониторингті дайындау және ағымдағыларын дамыту;
- Әуе-ғарыштық ақпараттардың мол ағынын өңдеудің әдістерін, бағдарламалық және техникалық құралдарын әзірлеу;
- Қоршаған ортаның әртүрлі объектілерінің сипаттамалары бойынша дерекқор жасау және өзектендіру;
- Үлгілеу әдістерін дайындау және мұхитта, атмосферада, құрлық пен геологиялық ортада болып жатқан әртүрлі процестер мен құбылыстардың үлгілерін, сондай-ақ қашықтан бақылайтын әуе-ғарыштық аппаратураның кіру кезіндегі сәулелену өрісінің үлгілерін жасау;
- Қоршаған орта жағдайын өзгертуді болжау және төтенше жағдайлардың салдарын бағалауды болжау әдістерін дайындау;
- Қоршаған ортаны қорғау, табиғатты ұтымды пайдалану, төтенше жағдайлардың салдарын ескерту және жоба бойынша басқару шешімдерін қабылдау үшін ғылыми-негізделген ұсыныстарды әзірлеу;
- Энергетика, медицина, қауіпсіздік және т.б. салалардағы әртүрлі мәселелерді шешу үшін әуе-ғарыштық әдістер мен технологияларды диверсификациялау;
- Біліктілігі жоғары мамандар мен ғылыми кадрларды дайындау үшін заманауи әуе-ғарыштық технологиялардың негізінде оқытудың жаңа әдістері мен нысандарын дамыту, сынау және енгізу.
Бондур Валерий Григорьевич – Ресей Федерациясы Білім және ғылым министрлігі мен Ресей ғылым академиясының («АЭРОКОСМОС» ҒЗИ) «АЭРОКОСМОС» әуе-ғарыштық мониторингті ғылыми-зерттеу институты» федералды мемлекеттік ғылыми бюджеттік мекеме директоры, Ресей ғылым академиясының академигі, техникалық ғылым докторы, профессор. 500-ден астам ғылыми еңбектердің авторы. 2002 және 2011 жылдардағы Ресей Федерациясы Үкіметінің Ғылым және техника саласындағы Сыйлығының лауреаты.