Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢҒЫРТЫЛУЫ: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласының мәтінінен алынған.
Қазақстан шенеуніктерінің болашағы
Заманауи технологиялармен және де өз жұмысын ұйымдастыру және қоршаған ортамен өзара әрекет ету парадигмасымен қаруланған мықты әрі білікті команда болған кезде ғана заманауи басшы өзін-өзі толыққанды жүзеге асырып, барлық мүмкіндігін жұмсап ПӘК-ті қолдана алады.
Соңғы 50 жылда әлемде билікті шоғырландыру парадигмасынан ұйымдастыру-өз қарамағында ұстау (әкімшілік) парадигмасына дейінгі және әрі қарай байқау-бағдарламалықтан тиімді инновациялық парадигмаға дейінгі Мемлекеттік басқару жүйесі парадигмасының ауысуы айқын көрініс тауып отыр.
Заманауи конъюнктура жағдайында мемлекеттік мансап бойынша көтерілу үшін тиімді-инновациялық парадигманың құралдарын меңгерген шенеуніктер үлкен сұранысқа ие.
Барлық мүмкіндіктері мен құқықтық ережелері бар әлеуметтік мәртебе қазіргі таңда сословие емес және мұрагерлікпен берілмейді, оған кәсіби, жеке әсеріңнің және мол мүмкіндігіңнің арқасында ғана дербес, өз бетіңше қол жеткізесің. Әлеуметтік мәртебе және мансап деген ұғымдар өзара қажетті ұғымдарға айналып келеді.
Сонымен қатар, бұл мемлекеттік мансапқа қана емес, сондай-ақ қоғамдық және саяси секторлардың бизнесіндегі мансапқа да қатысты. Кез келген ел – бұл бизнес, мемлекеттік билік және қоғам бір-бірімен ажырамастай етіп байланысқан біртұтас жүйе.
Демек, бұл шенеунікке артықшылық беретін бизнес пен қоғамдық сектордағы менеджер тиімді-инновациялық парадигма әдістерінде де өркендейді деген сөз.
Мемлекеттік саясаттың құқықтық база және МЖС жобаларын, мемлекеттік саяси бағдарламаларды жүзеге асыратын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар (тендерлер) жасау сияқты түрлері пайда болды.
Оғаш көрінсе де, кәсіби заманауи шенеунік бар күшін салмайды, бірақ қомақты нәтиже мен табысқа ие болады, бұл Мемлекеттік менеджерлердің бизнес орта мен КЕҰ ортасынан тиімділікті арттыру, мемлекеттік басқарудың жаңашылдығы мен креативтілігін алу мүмкіндігін жүйелі түрде үйренгендігінің нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік менеджер мен бизнес менеджерінің өзара әрекет етуін қамтамасыз ететін орган ұйымдасқан түрде GR маман (government relation – үкіметпен байланыс) деген атауға ие болды.
Бұл қызмет бірлігі бизнес секторына орналастырылған болатын, өйткені априори (жұмыс парадигмасынан туындайтын), мемлекеттік жүйе осы сияқты ресурсты аутсорсингке шығарады.
Forbes журналының зерттеулері бойынша, GR менеджер алдағы 20 жылда ең қажет әрі жоғары бағаланатын мамандардың 2 топына енген. Өйткені, бизнес пен мемлекеттік сектор арасында тек құқықтық (заңдық) кеңістікте өзара тиімді қарым-қатынас құруға мүмкіндік береді.
Бұл анағұрлым ілгері дамыған тәжірибе.
Қазақстанның қазіргі шынайы өмірінде көптеген мемлекеттік қызметшілер GR қызметі туралы тіпті білмейді.
Осылайша мансабының өсуіне және әлеуметтік мәртебесінің көтерілуіне қажетті қомақты қорға қол жеткізу мүмкіндігіне балта шауып жатыр.
Мемлекеттік қызметшілердің көбі әлі күнге дейін өз мансабын және әлеуметтік мәртебесін жеке жұмыс істеу қабілеттілігіне (бұл денсаулыққа немесе отбасына зиянын тигізеді) жүктеме түсірудің қарқынды әдістері арқылы көтеріп жатқаны белгілі. Сауатсыздығының салдарынан бұл мақсатқа заңды бұза отырып жететіндер де бар. Екі жағдайда да заманауи бәсекелестік жағдайында бұл тиімсіз ғана емес, сондай-ақ мүмкін емес. Мемлекеттік басқару күн сайын бұрынғыдан да жаңа инновациялар мен жаңа білімді игеруге мұқтаж.
Қазақстан мен Ресейдің ДСҰ-ға (Дүниежүзілік сауда ұйымы) енуі бұл үдерістерді жылдамдатады. Нақтылап айтқанда, бұл үдерістер басталып та кетті, келесі жылдан бастап айқын сезіле бастайды.
Отандық бизнес пен мемлекеттік сектор шетелдік компания және олардың КЕҰ-дағы қызметіне қолдау көрсететін бәсекелестерінің басқыншыл ортасына түседі. Олар технология, ресурс жағынан қазақстандық ұйымдардың айтарлықтай басым, құқық құралдарын пайдаланудың (оның ішінде GR технологиялары бойыншав) мүлдем басқа деңгейі мен тәжірибесіне ие және де кез келген деңгейдегі шенеунік пен бизнесменді, әсіресе мемлекеттік сатып алу және тексеру мәселелеріне қатысты «қыспаққа алуға қабілетті».
Ресейліктер ДСҰ-ға енудің салдарынан болатын шығынды миллиардтаған АҚШ доллары деп санап жатыр.
Сондықтан да бұған мақсатты түрде қазірден бастап дайындалу керек. ДСҰ дайын елдерге дамудың орасан зор мүмкіндігін береді, ал егер де қажетті білімді меңгерсеңіз, өтпелі кезеңнің қиындықтарын жеңіп шығуға болады.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде мынадай ынтымақтастық ұсынамыз.
• Қызметкерлеріңізге негізгі «GR менеджмент» курсын ұйымдастыру арқылы GR –технологиясын меңгертуге біз дайынбыз.
• Мемлекеттік басқарудың сіз басқарып отырған сегментіндегі бизнесмендердің арасында GR инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстарды бір жолға қоюға дайынбыз.
Қазыбек Шайх. Қазақстан шенеуніктерінің болашағы.//VIPlisting.biz. 05.09.2012.