20.05.2010
2010 жылғы мамырдың 12-сі мен 14-і аралығында Қазақстан Республикасына ҚХР құрылысының экс-министрі, қазіргі Қытай Халық Республикасы Ұлттық Халықтық Конгресінің (ҚХР заң билігінің жоғарғы органы) Қоршаған орта мен табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі комитетінің төрағасы Wang Guangtao мырза басқарған делегация келді.

Іссапардың мақсаты: ҚХР мен Қазақстан Республикасы халықтарының арасындағы достық пен бейбітшілікті нығайту, мемлекеттер арасындағы экономикалық және ынтымақтастық қатынастарды дамытуда ынтымақтастық пен серіктестіктің тиімді нысандарын іздеу.
Іссапар бағдарламасына Алматы қаласының әкімі А.С.Есімовпен, «Самрұқ-Қазына» әл-ауқат қоры» АҚ Басқармасының төрағасы Қ.Н.Келімбетовпен, ҚР Индустрия және жаңа технологиялардың бірінші Вице-Министрі А.П.Раумен, «Қазақ гуманитарлық-заң университеті» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы М.С.Нарықбаевпен, Алматы қаласының бас сәулетшісімен ұйымдастырылған кездесу де енді.










