GR club Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары арасындағы қатынастар мен бизнес-қауымдастық байланыстарын дамыту саласында екі тарапты ынтымақтастық пен ақпарат алмасуды кеңейту мақсатында және GR –Government Relations бағыты маңыздылығының өсіп келе жатқандығын есепке ала отырып, GR-технологияларды оқытудың өзектілігін назарға ала отырып, бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастықты дамыту саласындағы әдістемелік базаны кеңейту қажеттілігін атап өтіп, екі мемлекеттің ұйымдары мен кәсіпорындары арасындағы ғылыми-техникалық, ақпараттық және іскери ынтымақтастықты кеңейтуге көмек көрсете отырып, Үкімет басшысының орынбасары тұлғасындағы Ирина Владимировна Переверзева мен GR клубының Төрағасы тұлғасындағы Илясов Еркебұлан Сайдоллаұлы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының, шетелде тұратын және халықаралық гуманитарлық ынтымақтастық бойынша (Ресей ынтымақтастығы) Қазақстан Республикасында тұратын отандастардың істері бойынша Федералды Үкімет агенттігімен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Переверзева Ирина Владимировна – Ресей Федерациясының Алматыдағы Бас Елшілігінің елшісі, ҚР-дағы Ресей ынтымақтастығы Өкілдігі басшысының орынбасары, Еуропа Кеңесінің жергілікті билік палатасы институттық комитетінің төрағасы (Страсбург), Еуропа Кеңесі Жергілікті билік палатасындағы Ресей өкілі, Костроманың экс-мэрі.
Илясов Еркебұлан Сайдоллаұлы – GR club төрағасы, «AlageumGroup» бас директоры.
Ресейлік ынтымақтастық туралы
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының, шетелде тұратын және халықаралық гуманитарлық ынтымақтастық бойынша (Ресей ынтымақтастығы) Қазақстан Республикасында тұратын отандастардың істері бойынша Федералды агенттігі Ресей Федерация Президентінің 2008 жылғы 6 қыркүйектегі №1315 Жарлығына сәйкес 2008 жылы қыркүйекте құрылды.
Федералды агенттіктің басшысы болып 2012 жылы 5 наурызда ресей мемлекеттік қайраткері, дипломат Константин Иосифович Косачев (Ресей Федерация Президентінің 2012 жылғы 5 наурыздағы №278 Жарлығы) болып тағайындалған.
Өз қызметінде Агенттік Ресей Федерациясы Шетелдік істер министрлігіне қарасты және Ресей Федерациясының Конституциясын, Ресей Федерациясы Президенті мен Үкіметінің федералды конституциялық заңдарын, нормативтік құқықтық актілерін, халықаралық шарттарды, Ресей ШІМ нормативтік-құқықтық нормаларын басшылыққа алады.
Қазіргі таңда, өкілдіктер немесе Ресей Федерациясының дипломатиялық міндеттерінің құрамындағы өкілдер Ресей Федерациясының шекарасынан тыс әлемнің 73 мемлекетінде өз қызметтерін жүзеге асыруда. Бүгін Ресей ынтымақтастығы ауқымы жағынан Америка Құрама штаттарынан Жапонияға дейінгі, Финляндиядан Аргентинаға дейінгі аумақты қамтып жатыр.
Ресей ынтымақтастығы қызметінің басым бағыты Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер болып табылады.
Агенттік Ресей Федерациясының Достастық мемлекеттерімен бірлесе құрған халықаралық және аймақтық ұйымдарымен белсенді түрде әрекет етуде, Ресей ШІМ-мен және басқа да ведомстволармен келісім бойынша Достастық мемлекеттеріне көмек көрсету бағдарламаларын дайындап жүзеге асыруда, федералды мақсаттық бағдарламаларды әзірлеуді жүзеге асырып жатыр.
Қазір Ресей ынтымақтастығы мен оның шекарадан тыс мекемелерінің қызметі шетелде қазіргі Ресей, оның материалдық және рухани мүмкіндігі, мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси бағамының бар екендігі туралы шынайы түсінік қалыптастыруға бағытталған. Осы мақсатта Агенттік ресей коммерциялық емес үкіметтік емес және діни ұйымдармен, ТМД-ға мүше мемлекеттердің мемлекеттік және үкіметтік емес құрылымдарымен, басқа шетелдік мемлекеттермен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен ғылыми, мәдени, ақпараттық және гуманитарлық салаларда тығыз қызмет етіп келеді.
Агенттік тұрақты шетелде тұратын отандастарымен байланысты нығайтуды, олардың Ресеймен мәдени, ғылыми және іскери қызметін кеңейту бойынша олардың жұмыстарына көмектесуді мақсат етіп отыр. Алға қойған мақсатты жүзеге асырудың маңызды тетігі – Ресей шекарасынан тыс жерлердегілерді, сондай-ақ, біздің мемлекетте ешқашан болмаған, бірақ орыс тарихы мен әдебиеті туралы білгісі келетіндерді, іскери ынтымақтастыққа ұмтылғандарды немесе орыс тілін үйренгісі келетіндерді дәстүрлі байланыстырушы топ тәрізді шетелдік ресей орталықтар болып табылады. Жыл сайын Ресей орталықтарында отандастардың міндетті қатысуымен көптеген шаралар өткізіледі: ресейлік парламентариямен, ғылым, мәдениет қайраткерлерімен кездесу; Ресейде өтетін әлеуметтік-экономикалық және құқықтық өзгерістер, оның сыртқы саясаты, мәдени өмірі туралы дәрістер мен семинарлар.
Бұндай жағдайда Ресей ынтымақтастығы мен оның шетелдік мекемелерінің ақпараттық қызметінде шетелдік көпшілікті орталық аппараттың, сондай-ақ ресей ғылыми және мәдени орталықтарының көп жоспарлы жұмысына негізделген Ресейдің сыртқы саясатымен таныстырудың маңызы зор.
Бұндай жағдайда Ресей ынтымақтастығының мемлекеттік билік органдарымен ғана емес, сондай-ақ қоғамдық дипломатия саласындағы мүмкіндік пен бастаманы пайдалана отырып, халықаралық және ресейлік үкіметтік емес ұйымдармен, өзге де азаматтық қоғам институттарымен өзара әрекеттесу маңызды рөл атқарады.
Ресей ынтымақтастығының ақпараттық серіктес қатарында ИТАР-ТАСС, РИА «Новости», «RussiaToday» және ТВЦ телеарналары, «МИР» телекомпаниясы, «Голос России» радиотолқыны және басқа да алдыңғы қатарлы ресейлік және көптеген шетелдік орыс тілді БАҚ пен отандастарымыздың басылымдары бар.