Бастапқыда-ақ ер адамдар бойындағы дене күшін игеріп, оны тиімді қолдануға жылдам үйреніп алды. Кез келген тілек ашушаңдықпен, күшпен және төзімділікпен қанағаттандырылатын.
Бұл сапалар белгілі бір мәдениет пен «еркектің» мінез-құлқының сценарийін қалыптастырды және де бұл мың жылдыр бойы басымдылық танытып келді.
Бәсекелестік ілгері басушылықтың катализаторына айналды. Қоғам, еңбек құралы мен күрес жетіле түсті.
Уақыт өте келе жеңіс күшпен емес интеллектпен келе бастады. Ер адамдар оны да басты қаруына айналдырды.
Интеллектуалды мәдениетпен қаруланған ер адамдардың басқыншыл әскерінің бәсекелестік күресі ілгері басушылыққа бұрын-соңды болмаған күшті серпін берді.
Қоғамның дамуы енді мың жылдармен өлшенбейтін болды, өзгерістер бір ұрпақтың ғұмырынан-ақ байқала бастады.
Адам өмір сүретін орта енді геометриялық прогрессиясы жағынан күрделене берді, ең бастысы қоғам мен оның ішіндегі қарым-қатынастардың қиындығы мен жылдамдығы табиғи циклдер мен құбылыстарға байланыссыз болды. Өмірді
күрделендіру барысы үздіксіз болды, табысты өмір сүрудің интеллектуалды құралдары мүлдем жеткіліксіз болды.
«Еркектердің» классикалық тәртіп желісі тұйыққа әкеп тірей берді.
Дәл осы кезде «ӘЙЕЛДЕР ӘЛЕУЕТІ» үздіксіз күшіне еніп белең алды.
Эволюция басталған сәтте әйел әлеуеті «аңшысының» күшіне емес, өзімен бірге тұратын аңшымен ынтымақтастыққа негізделген болатын.
Әйелдер әрдайым аңшы мен жауынгердің мәдениетіне аздаған үлес қосып тұратын мәдениетті қалыптастыруға талпынатын, сәтсіздікке ұшыраған кезде оны аман алып қалу жолын іздеп, сәтті аңшылық пен жемісті соғыста қор мүмкіндіктерін меңгеру және қалыптастырудың толыққанды жүйесін жасаған.
Табысты аңшы-жауынгердің айналасына ынтымақтастықты ұйымдастыру үшін анағұрлым айқын көрініс табатын (бауырларының ынтымақтастық жасаған әйелдерінен құралған) «әйел» қабілеттіліктеріне ие әйел пайда болған кезде алдымен мықты әйелдер мен сансыз көп ұрпағы бар рулық қауым жиналатын. Содан кейін рулық қауым санын ұлғайта отырып әйелдердің есебінен тайпаға дейін баратын, сөйтіп ең әлсіздерін жинайтын, ірі тайпа тайпалық одақ құратын, олар соғысу арқылы мемлекет құра алатын еді.
Табысты болмаса да кез келген аңшы-жауынгердің қасына «жаңа сөз болған» әйел ермесе, ол ешқашан да жалғыз басты аңшы немесе ұры деген атақтан ары қарай өспейтін, оны не епті жыртқыш жеп қоятын, не қалыптасқан рулық қоғамның ортасына түсіп, оның құрбанына айналатын.
Қазіргі заманауи күрделі қоғамда бұл тіпті ушығып кетті.
Енді табыстылық «табиғат – тағам түрінің молшылығы» деген жүйеден емес, «қоғам – қоғамдағы мәртебе» жүйесінен байқала бастады.
Қоғамдағы дәл осы мәртебе ресурстарға қолжетімділікті ғана айқындап қоймай, пайдаланылатын ресурстардың сапасы мен оларға қол жеткізуді анықтай бастады.
Әйелдер мәдениетінің сан жылдар бойғы эволюциясы бастапқыда-ақ олардың әлеуметтік ортаға жақсы бейімделуіне және дәл осы әлеуметтік мәртебе үшін күреске үйретудің қабілеттіліктерін қалыптастыра бастады.
Егер де бұрын табысқа кепілдік беретін фактор еркектердің күш-қуаты, мінез-құлықтың «еркектер» желісі болса, енді «әйел моделі» артықшылық таныта бастады.
Компания басшыларының немесе мемлекеттік құрылым басшыларының бес әйелі мейрамханаға, моншаға, параға, аналитиктерге және дәлелдері бар көптеген материалдарға қомақты қаржы жұмсайтын күйеулеріне қарағанда бір кесе шай ішіп отырып-ақ көптеген мәселелерді шешуге қабілетті бола бастады.
Ең жаңашыл мамандардың командасы (ереже бойынша, еркектер) ойлап тапқанға қарағанда өзге серіктес, бәсекелес немесе клиенттердің әйелдерімен шай ішкен әйелінің «жай» әңгімесін тыңдау айтарлықтай тиімдірек болып, сол әңгімеден еркек көптеген кеңестер алады.
Әйелдер қауымының рөлі әсерлі болғаны соншалықты, «әйелдер» қарым-қатынасының қарапайым деңгейі жеткіліксіз бола бастады.
Табысты еркектің әсерлі әйелі болу – тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті болуға тиіс, ал оны үйрену керек.
Тиімділік технологиялары мен әлеуметтік мәртебенің арту және күшеюінің бәсекеге қабілетті технологиялары жинақталған білім салаларының бірі GR болып табылады.
GR (үкіметпен байланыс) білімі қоғамды басқарудың әдіснамасы, заңдары мен құрылымы, сондай-ақ «пайдалы байланыстардың» тиімді жүйелерін орнату бизнесті дамыту тепе-теңдігінің жүйесін жасауға және тұлғаның немесе ұйымның әлеуметтік мәртебесін күшейтуге мүмкіндік беретінін түсінуге көмектеседі.
GR-технологиялары дамыған және қоғамдағы әйелдердің рөлі жоғары елдерде бизнестің экономикалық тиімділігі жоғары екендігі рас. Сондықтан, қалай болса да ҚЫЗДАР БАСҚАРЫП КЕЛЕДІ!!!!!!!!
GR-технологияның көмегімен күйеуінің әлеуметтік мәртебесін күшейтуге кәсіби даярлаумен қуатталған «Әйел билігі» әйелдің желеп-жебеу қырын ашады, түк болмағанда алғысы мол күйеуінің алдында басқаша қырынан танылады.
Ализа Шайх. Қыздар басқарып келеді!!! GR-технология табысы мол әрі мейірімді күйеу жасау мүмкіндігі.//VIPlisting.biz. 30.08.2012.
- Ализа Шайх. Өзіміз таңдайтын тағдыр.// Бизнес и власть, 02.11.2012
- Рустем Адамбаев.Сыбайлас жемқорлық па немесе GR ма?//z001.kz 13.11.2012
- Қазыбек Шайх.Бойыңызда GR кәсіпқойлықтың болмағанына ешқашан да көзіңізді жұмып қарамаңыз!!!//Меридиан. №2, 2012
- Қазыбек Шайх. Қазақстан шенеуніктерінің болашағы.//VIPlisting.biz. 05.09.2012.