14.09.2009
2009 жылғы қыркүйектің 8-і мен 12-сі аралығында Қазақстан Республикасына Бейбітшілік пен Қарусыздандыру үшін күресетін Бүкіл халықтық Қытай қауымдастығының вице-президенті Ma Wenpu мырза мен Қытай Халық Республикасы Ұлттық Халықтық Конгресінің Шетел істері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары басқарған ресми делегация келді.
Іссапардың мақсаты: ҚХР мен Қазақстан Республикасы халықтарының арасындағы достық пен бейбітшілікті нығайту, мемлекеттер
арасындағы ынтымақтастық қатынастарды дамытуда ынтымақтастықтың тиімді нысандарын іздеу және серіктестердің құрамын кеңейту.
Іссапар бағдарламасына сенатормен, ҚР Сенатының Халықаралық істер және қауіпсіздік жөніндегі комитеттің төрағасымен, Қазақстан халықтар ассамблеясынан бастап ҚР парламентінің мәжіліс депутаттарымен, үкімет мекемелері жанындағы халықаралық зерттеу мәселелерімен айналысып жүрген ғылыми-зерттеу институттарының өкілдерімен, Қазақстан-Қытай кәсіпорындары мен оқу орындарының өкілдерімен ұйымдастырылған кездесу де енді.






